349
наразылық білдіргені туралы хабарлар көп болды. Осы тақырыптағы
интернет-мемдердің саны да күрт артты.
6-сурет. @qonandoyle 7-сурет. meme-arsenal.com 8-сурет. meme-arsenal.com
Алтыншы суретте әлеуметтік желілер жанрындағы мем көрсетілген:
әдетте, мысалы, Twitter-дегі посттың скриншоты жасалып, өзге әлеуметтік
желілерде қайта жарияланады. Мына скриншотта «Дональд Трамп» Egov.
kz сайтына сол күйі кіре алмағанына, электрондық цифрлық қолтаңба
енгізу проблемасын шеше алмағанына шағымданғанын твиттерде
жариялаған. Твит соңында өзін көп қинамай, 42 500 теңгені бере салуды
өтінген. Шын мәнінде, мұндай проблемамен Қазақстанның көп азаматы
бетпе-бет келген: мемлекеттік жәрдемақы аламыз деп біраз әуреге түскен,
әлеуметтік төлем алудың қиынның қиыны болғаны рас.
Екінші фотода суреттелген (7-сурет) жағдай бұдан да қызық. Бастапқыда
мемлекет жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақы төлейтінін
хабарлаған. Азаматтар 42 500 теңге көлеміндегі төлемді алған соң, үкімет
сол әлеуметтік жәрдемақыны мемлекетке қайтару керек деген жаңалық
таратып, елдің есін шығарған.
Сегізінші суретте Марвелл комиксінің кейіпкерлері – Бэтмен мен
оның көмекшісі Робин бейнеленген. Бұл мемнің жанры – интернет-
комикс. Робин 42 500 теңге туралы сұрай бергенде, Бэтмен оның
жағынан шапалақпен тартып жіберіп, үніңді өшір дейді. Жұмыссыздық
пен карантин жағдайында көп адам жәрдемақыға мұқтаж еді, дегенмен
әлеуметтік төлемді бәрі ала алмады.
Достарыңызбен бөлісу: