Салғастыру (контрастивті) әдісінің жетістіктері мен кемшіліктері Соңғы жылдары ұлттық тіл білімінің дамуында туыс және туыс емес тілдерді салғастыра зерттеу қарқынды дамуда. Әсіресе, синхронды түрде құрылымы әр түрлі тілдердің грамматикалық, лексикалық фразеологиялық жүйесіне талдау жасап, олардың құрылыстарын зерттеуге көп көңіл бөлінуде.
Аталмыш әдіс арқылы кез-келген екі туыс немесе туыс емес тілдердің идиоэтникалық қасиеттеріне толық сипаттама беруге болады. Бұл туыс немесе туыс емес тілдерді салғастыруда, олардың қосымша мәселелерін шешуде өте маңызды. Бірақ көбінесе әр түрлі тілдердің ортақ, ұқсас қасиеттері мен құбылыстарын зерттеуге аса қатты назар аударылмағандықтан бұл әдістің маңыздылығы аздап төмендейді, өйткені тілді жүйелі түрде зерттеу екі тілдің ұқсастықтарымен қатар айырмашылықтарын да зерттеуді қажет етеді. Бұл кемшіліктің орнын тілдерге типологиялық талдау жасау толықтырмақ.