Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері



бет31/91
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#34245
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   91
Негізгі ұғымдар
Идеографиялық әдіс (гр. іdios-ерекше, grapho-жазамын) синхронияда бір тілдің қасиеттерін зерттеуге арналған.
Номографиялық әдіс (гр. nomos-заң, grapho-жазамын) әлем тілдеріндегі жалпылықты, универсалияларды зерттеуге арналған әдіс, яғни бұл әдіс бір тіл шекарасынан шығып бірнеше тілдерді зерттейді.
Лингвистикалық зерттеулердің нәтижелері тілдің немесе тілдердің синхрониялық қалпын сипаттауға мәжбүр етіп, бұл зерттеулердің барлығын жаңа сала – дескриптивті лингвистика деп атауға негіз болды.
Синхрониядағы идиографиялық әдістер
Бұл әдістер тіл жүйесі ішінде берілген сөйлемдердегі парадигматикалық және синтагматикалық қатынастарды зерттеу үшін қолданылады. Сөйлемдер жазбаша немесе ауызша тілдерден алынады, соңғы жағдайда информанттарды пайдалануға болады.
Тікелей құрастырушылар бойынша талдау
Бұл әдістің мақсаты сөйлемді екі бөлікке бөліп, суреттеу әдісі арқылы зерттеу. Аталмыш әдіс бойынша сөйлем екіге бөлінеді, кейде тіпті бөлінбейтін соңғы құрастырушыға дейін бөледі. Бұл бөлуді дихотомиялық бөлу (гр.dicha-екі бөлікке + tome-бөлу) деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет