Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері


Трансформациялық әдістің жетістіктері мен кемшіліктері



бет42/91
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#34245
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   91
Трансформациялық әдістің жетістіктері мен кемшіліктері
Трансформациялық әдіс құрылымдық лингвистика негізінде тіл мәселелерін шешу тәсілдерін іздеу нәтижесінде келіп шықты. Бұл әдіс кез келген конструкцияның, соның ішінде тұтас бір сөйлемнің де семантикалық құрылымын талдауға мүмкіндік туғызды. Аталмыш әдістің нәтижесінде әрбір синтаксистік конструкция семантикалық байланыстың әр түрін көрсете алатыны және әртүрлі синтаксистік конструкция бір мағынаға ие бола алатыны іс жүзінде дәлелденді. Трансформациялық талдау негізінде сипаттаудың жаңа бір түрі пайда болды, ол бір тілдегі сөйлемнің барлық жиынтығын сипаттауға мүмкіндік беретін конструкциялық тәсілді дамытты. Трансформациялық әдіс лингвистикалық зерттеулердің дәлдігін жоғары дәрежеге көтерді. Зерттеу барысында информанттарды қолданса, тәжірибенің шынайылылығы мен құндылығы одан сайын арта түседі. Дегенмен де бұл әдістің де кейбір кемшіліктері бар. Олар:
1) Дәстүрлі лингвистикадағы сияқты конструкцияларды талдау жеке сөйлемдер деңгейінде ғана жүзеге асады. Сонымен қатар екі жақты мағына мәтінде өзінің екі жақтылығын жояды, ал бір пропозицияның мүмкін варианттарының саны тек қана дискурста немесе сөйлемде анықталады.
2) Белгілі бір конструкцияға байланысты трансформация тізімін зерттеуші күні бұрын емес, тек қана өз интуициясы негізінде анықтай алады, мүмкін болған жағдайда тіл иелері – информанттардың көмегімен нақтылай алады.
3) Трансформациялық ережелерді қатаң сақтау кейбір қиындықтарды туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет