Наурыз мейрамы
Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. О баста адам өзін қоршаған ортамен қарым - қатынасы негізінде туындаған халықтық салт - дәстүрлер, діни әдет -ғұрыптар, маусымдық мерекелер және отбасылық семьялық той-томалақтар деп үш топқа бөлінеді. Діни әдет - ғұрыптарға өте ертеден қалыптасқан түрлі ырым -сырым, наным - сенімдермен бірге зороастр, будда, шаман, ислам діндерінен енген рәсімдер жатады. Ал маусымдық мерекелерге жалпы халықтық тойлар — жыл басы тойы — Наурыз, жаз тойы — Қымызмұрындық, күз мейрамы — Мизам (шопандар тойы мен сабантой), қыс тойы — Соғым енеді. Сондай -ақ, биебау, тулақшашар, шашыратқы, сіргетағар, сіргежияр, қоныс тойы, күйек байлау, күйек шешу, жүн қырқар т. б. кәсіптік мейрамдар да маусымдық мерекеге саналады. Ал семьялық тойтомалақтарға келсек, үйлену тойы (құда түсу, жаушы жіберу, қыз таңдау, қарғы бау, үкі тағар, ұрын бару, есік-төр көрсету, қынаменде, жар-жар, беташар, қыз ұзату, келін түсіру, неке қию, отауға түсіру, отқа май құю, өлітірі т. б.), құрсақ шашу, қырқынан шығару, ат қойып, айдар тағу, тұсау кесер, тілашар, сүндет тойы, мүшел тойы, сапар тойы, жерлеу салттары (қара тігу, аза тұту, жаназа шығару, жоқтау, тұлдау, ас беру т. б.) осы топқа кіреді.
Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап қартайып дүниеден өткенге дейінгі өмірі үнемі сан ғасырлық наным - сенімі, таным - түсінігі, қоғамдық даму барысындағы ізденістері жинақталған салт - дәстүрлер аясында болады.
«Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші, салт -дәстүрлерден этностың мінез - құлқы, үлгі- өнегесі, зейін- зердесі, даналығы мен даралығы, шешендігі мен тапқырлығы, ақыл - ойы, сондай- ақ, жаратушы мен жаратылысқа, өзін қоршаған жанды, жансыз әлемге деген моральдық, танымдық, этикалық көзқарастары көрінеді. Яғни, салт - дәстүр дегеніміз — халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі.
«ҰЛЫСТЫҢ ¥ЛЫ КҮНІ — ¥ЛЫС КҮН»
Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Көшпелілердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша, әрбір жыл алты ай жаз («йас») бен алты ай қысқа («қыш») бөлінген. Тіліміздегі «алты ай жаз бойы», «ала жаздай», «алты ай қыс бойы», «ала қыстай» секілді сөз оралымдарын осы бір түсініктің жаңғырығы десек болады. Жаз айларында дүние кеңіп, шаруадан мойын босап, жер бетін қуаныш, шаттық жайлайтындықтан —«жағымды», ал қыс айларында суық, аштық, жұт болатындықтан —«жағымсыз» саналған. Әуелгі адамдардың жақсылық пен жамандыққа жан бітіріп, оларды адам бейнесінде айтыстырып, күрестіргені туралы қызықты мәліметтер көне жазбаларда көптеп сақталған. Мәселен, біздің жыл санауымыздан бұрын дүниеге келген қасиетті «Авеста» кітабында, XI ғасырдағы түрісі тілдерінің энциклопедиясы —«Диван лұғат -ат - түрк» сөздігінде, сондай- ақ қазақ халқының қиял- ғажайып ертегілерінде осындай ұқсас сюжеттер қайталанып отырады. Соғдалықтар жақсылыққа «Ахуромазда», жамандыққа «Ахирман» деп ат қойса, бұрынғы қазақтар жақсылықты «Кие», жамандықты «Кесір», қысты «Зымыстан», жазды «Табысқан» деп атаған.
«Атасы мен анасы,
Үш жүз алпыс бес баласы,
Он екі ауыл шамасы,
Отыз ор дуадақ,
Бес балақ сан,
Елу екі қарақшы»,—
деп халық жүмбағында айтылғандай, қазақтар бір жылды әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға бөлген. Жыл соңындағы санатқа кірмей қалған 5 (6) күн —«бес қонақ» деп аталады. Мұны фарсылар «фэнджи», сотистік календарьда «эпагоменай» (шолақ ай) дейді. Ежелгі сенім бойынша жаксылық пен жамандықтың жан алып, жан берісіп өмір үшін күресуі санатқа кірмей қалған осы уақыт аралығына сәйкес келеді. Осы бір «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер, өлінің әрі тартар, тірінің бері тартар» қиын, қысталаң күндері халық тілінде «өліара» деп аталады. Қазақтар осы 5 (6) күнді өткізіп жібермей жолаушы шықпайды, қоныс аудармайды, жиын - той жасамайды, мал сойып, қонақ шақырмайды. Ақсақалдар өліарада «апыр~ай, қайтер екен» деп ауыл иттерін де үргізбеген.
Қыс пен жаздың халық санасындағы осы көрінісі кейбір ғалымдардың Наурыз мейрамының шығу тегін дуалистік теориядан іздеп, Жақсылық пен Жамандықтың, Қыс пен Жаздың, Суық пен Жылының, Қайырымдылық пен Қатыгездіктің күресінен туған деген ой қорытындылауына себеп болды . Алайда, «Екі жарты — бір бүтін», «бірлік болмай — тірлік болмас», «тіршілік көзі — бірлікте» деген халық даналығына үңілсек, ата -бабаларымыздың жаратылыс жайындағы түсінігі басқаша екенін көреміз. Бірінсіз бірі болмайтын, үнемі бірін екіншісі алмастырып отыратын тіршіліктің құралым бөлшектерінің үйлесімді бірлігінен бір тұтас жаратылыс, тіршілік туса керек. Мәселен, күн-түн=тәулік, қыс-жаз=жыл; күйеуі-жұбайы= отбасы т. б.
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан,—
деп халық ақыны С. Оңғарбаев жырламақшы, көшпелілер жыл басын Наурыздан бастайды.
Бүл күн — аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні — ұлыс күн» деп атаған. Григориан календары бойынша ескіше 9 март, жаңаша 21 - нен 22 - не қараған түн осы күнге сәйкес келеді.
Наурыз сөзі иран тілінің ноу —«жаңа», руз —«күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «наурыз» сөзі — біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, март айы, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады.
Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс - салтында бағзы замандардан бері орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер «Патрих», бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сара», соғдалықтар «Наусарыз» армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп түрліше атаған. Шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлайтындығы жайындағы көне деректер бізге Әбу Райхан Бируни, Ибн Балхи, Омар Хайям еңбектері арқылы жетіп отыр. Мәселен, иран тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндері әр жерге үлкен от жағып, отқа май қүяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже —«сумалак» ұсынады; ағаш соқамен бір борозда жыртады, ат шаптырып, жамбы атысып жарысады; көнетоз киімдерін тастап, үйдегі ескі шыны -аяқты сындырады; бір - біріне гүл ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою — «күн символын» салады; үйдің тіреу ағашына гүл іледі.
Ал ежелгі түркілер болса, ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал -мұрттарын түзеп, шаштарын алады, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге — жамбы атып жарысады. Егер кімде - кім бірінші болып, жамбыны атып түсірсе, сол адам бір күн елге патша болып, билеуге ерік беріледі. Наурыз жырында:
Құл құтылар кұрықтан
Күң құтылар сырықтан,—
деп жырланғандай, осы күні ертедегі гректердің патшасы да алтын тағынан түсіп, қол астындағы өзіне ұнаған күлына бір күн ел басқартқызған. Наурыз күні ертедегі Иран патшасы қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен деген де деректер бар. Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын «құлға да бір күн азаттық», «құлдан да бір тілек бар» деген мәтелдер осы бір көне рәсімге қатысты болса керек.
Христиан дінін қабылдағанға дейінгі ежелгі Русьте Жаңа жылды 1 март күні қарсы алу дәстүрі болған. Олар мейрам күндері Құт қүдайының құрметіне арналған шырақтарды шие ағаштарына ілген. «Түрлі аурулар мен пәле - жаладан сақтайды» деген сенім бойынша дастарқан басына жиналған әрбір шаруаның алдына үш бас сарымсақ, столдың қақ ортасына бетін шөппен жапқан 12 тал пияз қояды екен.
Ағылшындар XVIII ғасырдың бас кезіне дейін Жаңа жылды 26 мартта тойлап келді.
Біздің заманымыздың VII—VIII ғасырларында Иран мемлекетімен, қазіргі Өзбекстан территориясын, Қазақстанның оңтүстік аймағын арабтар жаулап алады да, оларды мұсылман дініне енгізеді. Ата салт, әдет - ғұрыптан айрылған жүрт езгіге көнгіш, дінге де қүлай сенгіш болатынын жақсы ұққан шапқыншылар қол астындағы халықтардың көне салт - дәстүрлерін жоғалтып, жойып жіберуге, жер атаулары мен адам аттарын өзгертуге, мәдени мүраларын талқандауға барынша күш салды. Олар, әсіресе, халықтық мбйрам — Наурызды тұншықтыруға көп күш-қайраттарын жұмсады. Мәселен, ұлы Абайдың: «...Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрам болып, наурыздама қыламыз деп той-тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың ұлы күні» дейді екен. Бұл күнде бұл сөз құрбан айтына айтылады»,— деуінің астарына тереңірек үңілсек, осы бір идеологиялық күрес тартысынан хабардар боламыз. Өйткені, күн календары бойынша қалыптасқан Наурыз мейрамы барлық тұрмыс тіршілігі ай календарына сай келетін мұсылмандық күнтізбеге сай емес еді.
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан,
—деп халық ақыны С. Оңғарбаев жырламақшы, көшпелілер жыл басын Наурыздан бастайды.
Бұл күн — аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні — ұлыс күн» деп атаған. Григориан календары бойынша ескіше 9 март, жаңаша 21-нен 22-не қараған түн осы күнге сәйкес келеді.
Наурыз сөзі иран тілінің ноу —«жаңа», руз —«күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «наурыз» сөзі — біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екінші-ден, март айы, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады.
Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бері орын алған. Бүл мейрамды ежелгі гректер «Патрих», бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татар-лар «Нардуган», буряттар «Сагаан сара», соғдалықтар «Наусарыз» армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп түрліше атаған. Шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлайтындығы жайындағы көне деректер бізге Әбу Райхан Бируни, Ибн Балхи, Омар Хайям еңбектері арқылы жетіп отыр. Мәселен, иран тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндері әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже —«сүмелек» ұсынады; ағаш соқамен бір борозда жыртады, ат шаптырып, жамбы атысып жарысады; көнетоз киімдерін тастап, үйдегі ескі шыны-аяқты сындырады; бір-біріне гүл үсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою — «күн символын» салады; үйдің тіреу ағашына гүл іледі.
Ал ежелгі түркілер болса, ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал-мұрттарын түзеп, шаштарын алады, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге — жамбы атып жарысады. Егер кімде - кім бірінші
болып, жамбыны атып түсірсе, сол адам бір күн елге патша болып, билеуге ерік беріледі. Наурыз жырында:
Құл құтылар құрықтан
Күң құтылар сырықтан, — деп жырланғандай, осы күні ертедегі гректердің патшасы да алтын тағынан түсіп, қол астындағы өзіне ұнаған құлына бір күн ел басқартқызған.
Қазақтар Ұлыс күнді «жыл басы» санайды. Тілімізде Наурызға қатысты «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «ұлыстың үлы күні — ұлыс күн», «ұзақ ұшып келген күн», «жыл басы»— жылқышы торғай (нәуірзек) келген күн, «көк кұт көзін (өсімдік) ашқан күн», «жылдың жерге түскен күні», «Жер-Ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн», «Самарқанның көк тасы еріген күн» тәрізді бейнелі сез оралымдары сақталған., Осылардың біріне — «Самарқанның көк тасы еріген күн» дегенге тоқтала кетпесе болмас.
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 март түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн — «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр — адамдарға дәулет дарытып, бақ кондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып персонаж. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы — Қызыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен.
Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6-да себездеп атқан кезде біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3-ке тұспа - тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды 22 март күнгі таңғы сағат 3-те қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітсе керек.
Наурыз күні наурыз көже пісіріледі. Әр үйдің дастарқанына ақтан (сүт тағамдары), көк ырыстан (дән тағамдары мен жеміс-жидектер) және қызылдан (еттен жасалатын тағамдар) жеті түрлі дәм қойылады. Қалыптасқан салт бойынша қойдың басын ауыл ақсақалы мүжиді. Ал басқалары «жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын» десіп, наурызкөжені тоя ішіседі. Көже ішіліп болған соң, төрағасы қолын жайып:
«Бақытты ас берсін,
¥лыстың үлы күнінде,
Ұлың оңға консын,
Қызың қырға қонсын,
Қыруар малың өріске толсын,
Дәулетіңді асырсын,
Дұшпаның басылсын,
Менің берген бұл батам,
Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам»—
деп үй иесіне батасын береді.
¥лыс күні неге міндетті түрде қазан пайдаланылады? Жеті қазынаның бірі — қара қазанның халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде атқарған қызметі аса терең де мәнді. Оған сиынған халықтық наным-сенімдер желісінің елестері біздің дәуірімізге түрлі көмескіленген аңыз-әңгімелер түрінде жетіп отыр.
Ұлыс күні неге өгіз сойылады? Қазақ есепшілерінің тәжірибесіне сүйенсек, Үркер күздің басында шығыстан, қыстың басында төбеден, ал көктем басында аспан етегінен көрініп, жазға қарай мүлдем батып кетеді.«Үркердің жерге түсуі» делінетін осы кезеңге 40 күн жазғы шілде сәйкес келеді. Бұл кезеңде Үркердің көкжиектен көрінбеу себебі — Күн жолы наурыз айында дәл соның үстінен өтеді. Қазақстанның кейбір жерлерінде ғана, мәселен, Орталық өңірлерде осы кезде Үркердің кос жұлдызы бұқаның мүйізі секілді батқан күн жолының екі жағынан қылтиып көрінеді.
Аспан көгіндегі дәл осы көріністі Қазақстан жартастарына шимайланған петроглифтерден - мүйізімен Күн Көкөгіз - көруге болады.
Ұлықбекова Айтжамал Сатыбалдықызы.
№40 мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Әз-Наурызды жырлаймыз.
Наурыз – ертеден келе жатқан мұсылман елдерінің ұлттық мейрамы. Наурыз сөзі иран тілінен аударғанда, ноу – «жаңа», руз – «күн» дегенді білдіреді. Яғни бұл сөз жаңа күн, жаңа жыл деген мағынада біздің елде қолданылады.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Наурыз мерекесін тойлауға елімізде тыйым салынған. Наурыз жалпыұлттық мейрам болғандықтан, үкіметтің басшылығымен, тек 1988 жылдың көктемінен бастап Алматы, Астана сияқты қалаларда алғашқы рет тойлана бастады. Қазақ халқының ұмыт болған дәстүрі, көнеден келе жатқан салты қайта жаңғырып, қайта туғандай болды. Міне, осы күннен бастап Наурыз мейрамын көпшілік жұрт асыға күтеді.
Ертедегі жыл санау бойынша бір жыл алты ай жаз, алты ай қысқа бөлінген. Ал Наурыз осы жартыжылдықтың бастауы болып саналды. Кейін келе ғалымдар жылды отыз күннен тұратын он екі айға бөлді. Енді, Наурыз көктемде тойланатын болды. Оның себебі, 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні күн мен түн теңеседі. Тек Күн мен Түн ғана емес, сонымен қатар Жақсылық пен Жамандық, Қыс пен Жаздың теңесетін күні болып саналады. Егер, Наурызды мол дастарқанмен қарсы алатын болсақ, жыл бойы үйімізден бақ пен дәулет, шаттық пен қуаныш кетпейді. «Жаңа жыл мұнтаздай үйге кірсе, ол үй, ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» демекші, адамдар Наурыз келгенше өздерінің үйлерін шаннан тазартады, айналаны тазалайды. Наурызда жұрт өздерінің аппақ көйлектері мен жаңа киімдерін, таза киімдерін киеді.
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурызда бүкіл даланы Қызыр аралайды екен. Қызыр – адамдарға бақ, дәулет, қуаныш әкелетін ақсақал кейпіндегі адамдардың көзіне көрінетін қиял-ғажайып персонаж. Егер оның назары жерге түссе, оның тон кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты жібітеді деген ұғым бар.
Наурызда пісірілетін ұлттық, дәстүрлі тағамның бір түрі – наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады. Соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, сүт, құрт, бидай, пияз және сәбізден қазанды толтырып отырып наурыз көже пісіріледі. Адамдар осы мерекеде үй-үйді аралайды. Наурызда туған балаларға Наурыз, Наурызбек, Мейрам, Мейрамгүл деген ат қойылады. Ұлыстың Ұлы күні кейбір адамдар тұсаукесер, сүндет той, үйлену тойы, шілдехана сияқты дәстүрлер орындалады.
Наурызда түнгі он екіден бастап, яғни, күн мен түннің теңескен уақытынан бастап, әр түрлі салт-дәстүрлер орындалады. Мысалы, сағат он екіде, жұрт ұйықтап қалмау үшін, жас-келіншектер, қыздар «ұйқыашар» деп аталатын дәм тағайындап, өздері ұнатқан жігіттерге апарып береді. Жігіттер тағамды алғаннан кейін, сол бойжеткенге селт еткізер, дір еткізер сыйлығын беру тиіс. Айна берсе, бұл – пәктік пен жастықтың, тарақ - әдемілік пен сұлулықтың, иіссу – құлпырудың, жайнай түсудің белгісі. Бұл сат «Ұйқыашар» деп аталады. Наурыз мейрамының тағы бір ерекшелігі – көрісу. Кісілер бір-бірімен көріскенде:
Наурыз құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Наурыз құт әкелсін!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ұлыс береке берсін!
– деген сөздерді айтып, төс қағыстырып, қос қолдасады.
Наурыз күні таңертен ерте қыз-кліншектер қолдарына сүт, ірімшік, құрт алып далаға шығады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, жігіттер күрек алып, бастаудың көзін ашып, жаңа ағаш отырғызады. Қыздар оған ақырындап су құйып, ақ бүркиді.
Наурыз тойының ең басты бір кезеңі - өгіз сою. Түске таман барлық жұрт жиналып, өгіз сояды. Өгіздің қанынан айналада ойнап жүрген балалардың беттеріне, маңдайларына ою салынады. Өгізді нарқазанға салып, астына от жағады.
Қара қазанның халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде алатын орны үлкен. Қара қазан – жеті қазынаның біріне жатады. Сойылған малды да, осы қазанда пісіреді. Ертеде алтын қазан іздеу салты болған екен. Бұл салтта, қазанды тауып әкелген адамға үлкенсыйлақтар беріледі. Кейбіреулер, өздерінің қыздарын да бере салған екен.
Наурызда таң ертең барлық халық таңнын атқанын күтеді. Қазақ халқының түсінігі бойынша, күннің көзі көрінгеннен бастап, екі сағат «күн сәті» деп аталады. Егер, осы күн сәтін тосып тұрса, сол адамға Наурыздың құты дариды.
Ауылдағы ақсақалдар, қариялар балаларға бата береді. Ақ түйенің қарны жарылған бұл күні халық ішінде жас ерекшеліктеріне қарай адамдардың арасындағы көзқарас, ілтипат, ізеттер артады. Келіні қайын атасымен, күйеу енесімен қалжындасып, бірақ құрметтілік көрсетуі тиіс. Наурыз күні адамдарға бір-біріне ренжуге болмайды. Барлық ренішті кешіру керек.
Алтыбақан басында жастар түнімен күнімен түрлі ойындар ойнайды. Бұл кеште ән айтылады, би биленеді, танылмаған шешен қалмайды. Осы күні көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, балтам тап, тең көтеру сияқты ұлттық дәстүрлі ойындар ойналады. Бұл да осы тойдың негізгі бір бөліміне жатады.
Егер осы күні үйіне қонақ келсе, оны құшақ жая қарсы алып, наурыз көжеден дәм таттырып, күту керек.
Ер адамдар ақ көйлек пен ұлттық киімін киеді. Ақсақалдар ақ көйлек пен шекпенін, не шапанын киіп, белбеу буынып, бастарыа ақ қалпақтарын киеді. Не болмаса ақсақалдар қымбат барқыттан тігілген шапандарын киеді. Әйелдер, апалар көйлектерінің сыртынан қамзол киеді. Қамзолдың алдына арнайы оюланылып істелінген ілмек салады. Жігіттер ақ көйлек, кең шалбар киіп, белдеріне белбеу байлайды. Ал аңшылар болса, қолдарына тазы иті мен бүркітін алып, атқа мініп жүреді. Қыз-келіншектер сақиналарын тағып, екі-үш қабатты көйлектерін киеді. Бойжеткендер қызыл көйлек, қызыл етік, бағалы қамзол киіп, бастарына үкілі бөрік киеді.
Қорыта келгенде, көптеген халықтардың салт-дәстүріне айналған өзіндік ерекшеліктері бар. Міне, Наурыз тойында осы салттың барлығы орындалып, еске түсіріледі. Бұл күні барлық зат тең дәрежеде тұрып, теңеледі. Бұл күн жаңа өмірді ашқандай, дүниедегі барлық зат жаңарады.
Ержан Гауһар Ержанқызы
Өскемен қаласындағы А. Байтұрсынұлы атындағы
№ 20 мектептің 8 сынып оқушысы
Қош келдің, Наурыз!
(Наурыз мерекесіне орай өткізілген сыныптан тыс үйірме жұмысының өткізілу барысын әріптестеріме, әсіресе жас мамандарға ұсынамын).
Мақсаттары:
Білімділік:
Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Дамытушылық:
Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік:
Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті, көрме т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қош келдің Наурыз!, «Халық тәлімі-тәрбие бастауы», «Шаңырақ энциклопедиясы», «Ата мұраң-асыл қазына», «Салт дәстүрді білесің бе?» т.б. әдебиеттер, журналдар.
Барысы: а) Ұйымдастыру
ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру.
І. Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы Наурыз-яғни Жаңа жыл! Бұл туралы қазақтың мақалы да бар: «Орыста мейрам көп, қазақта айран көп». Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айттарын есептеменгенде, біздің қазақта жалғыз-ақ мейрам бар, ол-Наурыз. Қазақ халқы айранға бай болғанымен, мейрамға жарлы екендігі осыдан көрінеді.
Наурыз айының 22-інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір-бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.
Енді, міне осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін!
Бастаушы: 1. Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!
2. Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Күй: «Ата толғау» Н. Тілендиев.
«Наурыз-2008» - жаңа жыл (тышқан жылы келеді).
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Оқушылар: Қарсы алайық Наурызды (музыка тоқтайды).
Наурыз-қыз:
«Наурыз» қызбын.
Нөкерлерім қасымда.
Ұлыс күнге,
Жеттім міне асыға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Келген жылым,
Шуағыңмен, тасып от.
Адамдарды бір-біріне ғашық ет.
Келген жылым,
Болсын дәйім бақытты.
Тыңдаңыздар енді халқым,
Жыл иесі тышқанды.
Тышқан: Мен тышқан, жыл алды бола білдім.
Жалғаймын доңыз жылдың жора күнін.
Келдім мен ақ тілекті жалау етіп,
2 «Б» сыныптың қонағымын.
Мен тышқанмын, жақсы оқудың жалауымын,
Өнегелі тәртіптің алауымын,
Бұл сыныптың, намысының бастауымын,
Бұл мектептің алға сүйрер тарауымын.
Бастаушы: Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық. (шашу шашылады)
(Ән. «Наурыз». Әні: М. Ілиясовтікі).
Бастаушы: Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниемтімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық.
Бәрі: Қош келдіңіз, Қызыр ата! (Қызыр ата бата береді).
Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын.
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілегінің бәрі болсын!
Бастаушы: Уа, халайық, құлақ сал!!!
Жақсылыққа қашанда,
Жан баласы тоймаған,
Жаңа жылдың басы деп,
Жылда бізбен тойлаған.
Шашу шашып көл-көсір,
Көжесі қазанда қайнаған.
Оқушы: Әнге ырғағы жарасқан,
Асқар таудың шыңдары.
Ақ жаулықты аналар!
Оқушы: Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз, әже!
Әже: Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін.
Ұлыс бақты болсын!
Әр күндерің жақсы болсын!
Ақ мол болсын!
Бәле жала жерге енсін!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Оқушы: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Би билеп, ән өнерге тамсанайық.
Аңызбен ертегімен бізге жатқан.
Құрметті қонақтарды қарсы алайық.
Оқушы: Жоғарыға шықсын қонақтар.
Келіп тұрған алыстан.
Құттықтайды сіздерді,
Наурызда бізбен қауышқан.
Оқушы: Ал, халайық тұрмайық.
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжі-маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!
Би: «Қазақ биі» қыздар тобы.
Оқушы: Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, Наурыз!
Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке «Наурыз» жыл басы.
Күй: «Кеңес» күйі.
Осы кезде «Тазша бала» дорбасының ішінде нөмірленген асықты оқушыларға үлестіріп береді. Содан соң осы асықтың нөмірін атап, сұрақтар қояды. (сайыс түрінде өтеді).
Қошақан тобы: №1. Наурыз дегеніміз не?
№ 2. Наурыз туралы қандай мақал-мәтел білесің?
№3. Наурыз туралы ән немесе өлең айт.
№4. Жеті қазынаны ата.
№5. Жеті ата дегеніміз қандай ұғым? Атауларын ата.
Ботақан тобы: №1. Үш алысты ата.
№2. Үш арсыз не?
№3. Шұбат дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?
№4. Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? Аттарын ата.
№5. Наурыз көже дегеніміз не?
Бастаушы: Ән қосылсын әңіне,
Сән қосылсын сәңіне!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман –есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!
Осымен 2 «Б» сыныбының «Қош келдің, Наурыз!» атты сынып сағаты аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Наурыз құтты болсын!
Осы сәтте «Қазақтың дастарқаны» әні орындалып, бәрі дастарқанға жайғасады.
Мухаметкалиева Жанат Бидахметқызы.
О.Бөкей атындағы №44 мектеп – лицейі.
Бастауыш сынып мұғалімі.
Достарыңызбен бөлісу: |