Сайын Шапағатов атындағы №59 балабақша. «Қош келдіңіз,Наурыз!»



Дата31.01.2018
өлшемі51,29 Kb.
#36545
Сайын Шапағатов атындағы №59 балабақша.

«Қош келдіңіз,Наурыз!»

/МАД топтарына арналған ертеңгілік/

АҚТАУ-2016ж

Қош келдің,Наурыз!

Зал іші мерекеге сай безендірілген.Ұлттық киімдер киген балалар залға кіріп,орындарына жайғасады.

Жүргізуші: Атты күліп таңымыз,

Қарсы алалық бәріміз.

Күн менен түн теңелген,

Жиырма екінші наурыз!

Уа,жиналған халайық,

Жан дауасын табайық.

Мерекеде би билеп,

Әсем әнге салайық!



Ән: «Қош келдің,төрлет Наурызым!»

Жүргізуші: Ендеше,балалар,осындай береке,бірлік сыйлайтын,татулық пен достықты ту ететін Ұлыстың ұлы күні-Наурыз құтты болсын!Енді осы мерекеге арнап,Наурыз туралы тақпақтар айтайық!Қане кім шығар екен ортаға!

Тақпақтар.№11«Қарлығаштар»тобының балалары.

(Осы кезде бір бала жүгіріп келіп: «Жеделхат!Жеделхат!»деп жүргізушіге қолындағы қағазын ұсынады.)



Балалар:

-Жеделхат кімнен екен?

-Хат қайдан келді?

-Жеделхатты оқыңызшы!



Жүргізуші: Балалар!Алыстан аңыздағы кейіпкеріміз Саққұлақ келе жатыр екен.Қыздарымыз би билесін,қонағымыз көп кешікпей ортамызда болар.

Би: «Қазақ биі»

Әуен жетегінде Саққұлақ келеді.

Саққұлақ:Балалар,құрметті ата-аналар!Сіздерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын!Зор денсаулық,бақыт тілеймін!Аспандарыңыз ашық,дұшпандарыңыз қашық болсын!Мерейлеріңіз асып-толсын!

Балалар: Сәлеметсіз бе,Саққұлақ аға!

Саққұлақ:(құлағын жерге төсеп,тың тыңдайды)Ә-ә ..... естіп жатырмын,Қандай тамаша,еліміз аман,жұртымыз тыныш!Сан түрлі ұлттар мен ұлыстар мекендеген қазақ елі наурыз тойын тойлауда!Ойбай-ау мынау кімдер кең даланы дүбірлетіп бізге асығып келе жатқан? Иә иә..... Қыдыр ата жақындап қалыпты бізге.Арқасында қапшығы,қолында таяғы,сақалы беліне түскен.

Алты қырдың аржағында арқасы құныс,мұрны сорайған Мыстан кемпір келеді.Ха-ха-ха!Аттың орнына сыпырғыш мініп алыпты.Бұл бәле тағы не былықтырар екен!?

Ал мынау кім?Тоқта,тоқта бұл өзіміздің Алдар Көсе ғой мерекеге асығып келе жатқан.

(Саққұлақ орнынынан тұрып,балаларға басын иіп ізет көрсетеді)

Ал балалар мен енді кетейін,басқа да балаларға барып тың тыңдап беруім керек.Наурыз құтты болсын!



Жүргізуші: Балалар,ән салып,би билейік! Қыдыр атамызда келіп қалар.

Ән: « Көктем келді»

Жүргізуші: Міне балалар Қыдыр атамызда келіп қалды.Атамыз өзімен бірге жаңа жылды ала келіпті.Қанекей қол соғып қарсы алайық!

(Қыдыр атамен Жаңа жыл келеді.)



Балалар:Қош келдіңіз,Қыдыр ата!

Қыдыр ата: Амансыңдар ма,балаларым!Талай-талай таулардан,белес-белес белдерден,еңку-еңку жерлерден Сан алуан елдерден өтіп сендерге жеттім!Өзіммен бірге жаңа мешін жылын ала келдім!Ал,мереке құтты болсын балалар!

Жүргізуші: Мерекемізге қош келдіңіз,Қыдыр ата!Балаларымыздың өнерін тамашалаңыз!

Би: «Шабандоздар»

(Қарлыққан дауыспен айқайлап Мыстан келеді.)

Мыстан кемпір:Ха!Ха!Бұл не жиналыс?Ән салсаңдар дауыстарың қарлығады,билесеңдер аяқтарың ауырады.

Түйіңіздер санаға,ойнаңыздар далада.

Сыйлық берем көр де тұр,үйге қайтқан балаға.

Ата-аналар!Жараңдар!Жиналмаңдар Амалға әр!

Босқа уақыт өткізбей,Қане,қане тараңдар!

Жүргізуші: Ой мыстан не деп кеттің!Бүгін күллі халық тойлайтын ұлы мереке ғой!Салтанатымыздың шырқын бұзбай,аулақ жүріңіз!

Мыстан: Жоооқ!Қане қане тараңдар!

Жүргізуші: Балалар,Алдар аталарың жақын жерде жүрген сияқты,ол бізге көмектесер,қане дауыстап шақыралықшы!

(Әуендетіп Алдар көсе келеді)

Қазақтың кең даласын араладым,

Бабамның дәстүр салтын бағаладым.

Ұлыстың ұлы күні басталды ғой,

Наурыз құтты болсын балаларым!



Жүргізуші: Қош келдіңіз Алдар ата,Біздің арамызда Мыстан кемпір жүр.Мақсаты біздің мерекеміздің шырқын бұзу.Соны кетірудің амалын қарастырмайсыз ба?

Алдар Көсе: Еее,мыстанды кетірудің бір амалы бар.Мынадай дұғаны айтсаңдар,ол бұл маңнан лезде тайып тұрады.

Жүргізуші: Қандай дұға ол?

Алдар Көсе: Әттри,мәттри,кеттри шаш,

Мәкру,сәкру аулақ қаш!

Балалар қайталап айтады.Мыстан жағымсыз дыбыс шығарып,есіктен шыға қашады.Балалар қол шапалақтап қуанады.

Жүргізуші: Ендеше балалар мерекемізді жалғастырайық,ән-думан құрайық!

Би: «Кесемен би»

Қыдыр ата: Ал балаларым тағы қандай өнерлерін бар?

Жүргізуші: Ата біздің балалар Жаңылтпаш,мақал-мәтелдер біледі.

№12 топ балалары мақал-мәтелдер айтады.

№8 топ балалары жаңылтпаш айтады.

Алдар көсе:Мен балалардың ептілігін байқағым келіп тұр.

Ұлттық ойын: «Қазақша күрес»

Қыдыр ата:Балаларым мына қоржынымдағы дәмнен ауыз тиіңдер.Бұл мереке қазақтың кең даласында дүбірлеп өтіп жатыр.Мен сол жаққа барайын.Балаларым бата берейін сендерге,қолдарыңды жайыңдар!

Өмірлерің мәнді болсын!

Үй-жайларың сәнді болсын!

Несібелерің ортаймасын!

Қариялар қартаймасын!

Көңілдерін шат болсын!

Бастарыңа бақ қонсын!

Оқыған батам қабыл болсын!

Әумин!

Балаларым мен жолға шығамын.Ойын-сауықтарыңды жалғастыра беріңдер!Қош сау болыңдар!!!



Ән: « Наурыз-Көктем»

Жүргізуші:Ал балалар дәмнен ауыз тиіңіздер!

Ұлттық киім киген ата-аналар ортаға шығып бауырсақ үлестіреді.



Жүргізуші: Барша ұлт пен бар ұлыс.

Тойлап жатыр мәз мейрам.

Құт әкелсін Наурыз!

Құтты болсын әз-мейрам!

Қуанатын күн бүгін!

Алдыңда бас иемін,

Берік болып бірлігің,

Асулардан ас елім!

Осымен «Қош келдіңіз,Наурыз!»атты көңілді кешіміз аяқталды.

Жүргізуші: Құндыз

Саққұлақ: Гүлдәрі

Мыстан: Раушан

Алдар Көсе:Айсұлу

Қыдыр Ата: Самал



Жаңа-жыл: Топ баласы.
Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет