Қош келдіңіз!
( Жағыпар Тажмахановпен кездесу)
Барлықтарыңызға сәлем! 1 минуттан кейін біздің қонағымыз ортамызға жайғасып, біздің барлық сұрақтарымызға жауап береді.
(Жүргізуші қонақты сырттан күтіп алады. Тікелей байланыс арқылы сұхбат жасалады)
Жүргізуші: Жағыпар аға, айтыңызшы қазір өзіңіз кездесетін оқушылардан не күтесіз?
Өзіңізді үш ауыз сөзбен қалай сипаттар едіңіз?
Бүгінгі болатын сұхбатта тек шындық айтамын деп уәде бересіз бе?
Қарсы алыңыздар, алдымызда өз сөзімен айтқанда -----,-----,------, Жағыпар Тажмаханов!
Жүргізуші: Бүгінгі біздің бағдарламамыздың ережесіне сай өзіңіз жайлы айтып беруге сіздің 1 минут қана уақытыңыз бар.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде ақпарат тасқынының астында өмір сүріп отырған қоғамда күрескерлік қажет. Қашан қарасаң бәйгеге түскелі тұрған сәйгүліктей тыпырлап, адуын мінезін танытып тұратын Сыр өңірінің тұлғаларымен аз-кем сұхбаттасып, тұшымды ой-пікірлеріне қанық болып келеміз. Бүгінгі біздің бағдарламамыздың кезекті қонағы еңбек жолын 2006 жылы «Болашақ» университетінің колледжінде тарих пәнінің оқытушысы болып бастап, №235 орта мектебі директорының орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келген, Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас маманы, бас инспекторы,
Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бүгінгі таңда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов!
Біздің бағдарламамыз «Қош келдіңіз!» деп аталады.
Бүгінгі кездесуімізде оқушылар сізге әртүрлі тақырыптағы сұрақтарды қояды. Жауап беру барысында өзіңізге ұнамаған бір сұраққа жауап бермеуге мүмкіндігіңіз бар, бірақ ол мүмкіндік сізге бір-ақ рет беріледі.
Мұқият болыңыз, өзіңізге ұнаған бір сұрақты ерекше атап өтіп, сол оқушыға естелік сыйлығыңызды қалдырасыз.
«Мені адамның кедейлігі емес, оның ойы мен жанының кедейлігі қынжылтады» дейді Омар Хаям. Бүгінгі қоғамда сізді не қынжылтады, нені өзгерту керек?
Біз үлкен оқиғалар мен кішкентай адамдар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі күннің үлкен оқиғасы деп нені есептейсіз?
Ұлт намысына мінсең, сен алмайтын қамал жоқ. Отанын сүюдің негізі – ұлттық намыс. Намысы бар ұл айбынды келеді, айдынды келеді, жоғалғанды табады, ұмытылғанды алады, өркениет төріне жол салады. Жалпы «намыс» сөзін сіздің ұғымыңызда тыңдап көрсек?
«Үйренгені бардың үйретері бар» дейді қазақ халқы. «Егер бір жылға жоспар құрсаңыз, дән себіңіз, он жылға жоспар құрсаңыз ағаш егіңіз, ал егер бүкіл ғұмырыңызға жоспар құрсаңыз бала тәрбиелеңіз» деген сөз бар екен. Сіз отбасында қандай әкесіз? Балдарыңызға жиі айтатын кеңесіңіз қандай?
«Сыр – Алаштың анасы. Тарихқа жүгінсек бұл жерде қазақтың 3 астанасы болған. Жент, Сығанақ, Қызылорда. Сыр өңірі Қорқыт бабаның, Жанқожа мен Бұқарбай сынды батырлардың, Мұстафа Шоқайдың, Сыр сүлейлері Кердері мен ғұлама Тұрмағанбеттің, ақын Әбділда мен Нартайдың, Әбдіжәміл мен Қалтайдың және көптеген аруақты, дарынды перзенттердің туған өлкесі». Осындай нар тұлғалы азаматтарды дүниеге әкелген Сыр топырағының бүгінгі беталысы қандай? Туған жерімізде жүргізіліп жатқан игі бастамалармен бөліссеңіз?
Ұйқыңыздың қашуы мәселе емес. Мәселе таңертең не үшін оянғаныңызды білмеуіңізде. Сіз күніңізге күнделікті жоспар құрасыз ба, уақытыңызды қалай жоспарлайсыз? Хоббиіңіз?
Тәжірибе – шаштан дым қалмаған кезде өмір өзі сыйлайтын тарақ. Сіздің өмірбаяныңызбен танысқан кезде әртүрлі салада қызмет атқарғаныңыздың куәсі болдым. Әр жұмыстың өз үйретері болған шығар. Десе дағы осы жұмыстардың ішінде ең жаныңызға жақыны қайсысы болды?
Біз бойымыздағы барлық жақсылығымыз үшін кітапқа борыштармыз. Кітап – біздің ұстазымыз. Жағыпар ағай, өзіңіз сүйіп оқитын 3 топ кітаппен бөліссеңіз?
«Халқымның нәрін іздесең,
Қасиетті қанын іздесең,
Анамның тілін іздесең,
Бабамның жырын іздесең
Қызылордаға барғайсың», - деген Фариза апайдың біздің туған жерімізге арнаған керемет өлеңі бар. Жалпы, туған жерімізге деген әрбір перзент бойында сүйіспеншілік болуы үшін нені қолға алып, немен жұмыс жасау керек?
«Ер азаматтың үш міндеті: ұрпақ тәрбиелеу, баспана салу, ағаш отырғызу». Жағыпар аға, сіз осы міндеттерге тағы нені жүктейтін едіңіз?
«Қазақ деген халықтың баласымын,
Жағасынан алмайтын данасының
Айтқанынан шықпайтын әкесінің
Бір сөзін де жықпайтын анасының
«Қазақ деген халықтың баласымын» деген Тұманбай Молдағалиевтің өлеңін сүйіп оқимын. Біз, балалар, үнемі ата-ана алдындағы борышымызды өтегіміз келіп тұрады. Жағыпар аға, сіз өзіңізді ата-анаңыздың үмітін ақтаған ұлмын деп айта аласыз ба?
Үміті мен арманы көп адам осы сәттің өзінде де келешектің құшағында өмір сүреді екен. Жағыпар аға, болашаққа жоспарлаған жоспарыңыз, арман- мақсатттарыңыз жайлы айтсаңыз?
«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. Себебі ол қандай мамандық болса да, рухани ой-тәжірибесінде сыңаржақ адам болады» - деген М.Әуезов. Сіз үшін интеллекті жоғары адам қандай адам?
Тіпті бір сағат уақытын ысырап етуге қиған адам – өмірді бағалай білу дәрежесіне жетпеген адам. Сағат сатып алсақ та, уақытты сатып ала алмайтынымыз айқын. Сіз осы асыл уақытыңызды қалай пайдаланасыз?
«Істеп жүрген ісіңді сүюің қажет, сонда ғана еңбек шығармашылық дәрежесіне көтеріледі» - дейді М.Горький. Сіз атқарып келе жатқан жұмыстың өзіндік құпиясы, қиын, қызық тұстарымен бөліссеңіз?
Достық – қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдардың арасында ғана қалыптасып, өзара құрмет негізінде дамиды. Әдетте, ұлдар арасындағы достық берік болып жатады деп көп айтылады. Сіздің берік достарыңыз бар ма? Дос ұғымын сіздің түсінігіңізде естігім келіп отыр
«Менің атым Қожа» барлығымыздың сүйіп көрген киномыз. «Күні бойы футбол ойнап, әбден қалжырадым. Ойын үстінде шаршағаның онша аңғарылмайды. Енді міне, дел сал болып келе жатырмын» деген Қожа сөздері бар. Сіздің балалық, оқушылық кезеңіңізден есте қалған әдемі естелігіңіз бар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |