Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің



бет2/7
Дата02.10.2022
өлшемі54,63 Kb.
#151422
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
курс экософия 5-6 сынып жаңа

1.Жұмыс жүйесінің өзектілігі : Оқушыларды табиғатты сақтауға ғана емес, адамдағы "кие" ұғымын қалыптастыру. Қазіргі заманда аңыз-қиссаларды айтатын көнекөз, аңызшыл қариялардың жолын жалғастыру арқылы тәрбиелеу. оқушылардың әдебиеттік білімін кеңейтіп, мазмұнын тереңдете түсіп, оқушылардың эстетикалық, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін молайту, яғни рухани құндылықтарын жетілдіру.
2.Жұмыс жүйесінің ғылыми-әдістемелік деңгейі:
Курс бағдарламасының теориялық және экспериментті бөлімдері бір-біріне сәйкестендірілген. Әр оқушының тілдік заңдылықтарын бақылауға,зерделеуге мүмкіндік тудырылған.
3.Жұмыс жүйесінің жаңашылдық дәрежесі-білім жүйесінде аналогтың жоқ болуы(қала, аудан, обылыс, республика, шет елдерде):
Оқу барысында оқушылардың шеберліктері мен дағдылары қалыптасып,танымдық қызығушылықтарының артуына жағдай жасайды.
4.Жұмыс жүйесінің ғылымилығы:
Өз бетімен зерделеуде компьютердің мүмкіндіктерін жеткілікті пайдалануға, ізденуге мүмкіндік берілген.
5. Жұмыс жүйесінің методологиялық негізіне сипаттама және ішкі тұтастығын бағалау:
Бағдарлама қоршаған ортаны қорғауға ғана үндемейді, ол қоғамда аңыздарды оқу арқылы, «кие» түсінігін қалыптастырады.
6. Жұмыс жүйесінің ғылыми ереженің әр бір нәтижесінің, жұмыс жүйесіндегі қорытынды мен шешімдердің шынайылығы және негізделуі;
Бағдарламаның әрбір кезеніне ғылыми көзқарас тұрғысынан толықтай негіздемелер беріп отырған бағдарламаны іске қосуда осы жастағы оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген
7. Жұмыс жүйесінің практикалық маңыздылығы:
8. Оқыту негізінен негізгі оқу материалдарын түсіндіретін және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. Оқушылардың білімін тексеру ауызша және жазбаша тапсырмалар, модульдің жаңаша әдіс-тәсілдері арқылы, жеке құзыреттілік тапсырмалар мен жоба жұмыстарын дайындау түрінде болады.
9. Жұмыстың қорытынды және аралық нәтижесін ұсыну түрі мен тәсілдері: Кіру және шығу сауалнамалры тесттер арқылы қорытынды және аралық нәтижелері реферттар,жобалар арқылы ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет