Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің



бет4/7
Дата02.10.2022
өлшемі54,63 Kb.
#151422
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
курс экософия 5-6 сынып жаңа

Курс бағдарламасының өзектілігі - табиғатты сақтауға ғана емес, адамдағы "кие" ұғымын қалыптастыру. Қазіргі заманда аңыз-қиссаларды айтатын көнекөз, аңызшыл қариялардың жолын жалғастыру. Өйткені, адамдардың жыбырлаған жәндік көрсе болды, шімірікпей қыра беретін тасжүректіктен арылту - бүгінгі күннің басты талабы секілді.
Бағдарлама оқушылардың әдебиеттік білімін кеңейтіп, мазмұнын тереңдете түсіп, оқушылардың эстетикалық, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін молайту, яғни рухани құндылықтарын жетілдірге қарастырылған. Баланы саналы түрде жұмыс істете отыра, өздігінен оқып, зерттеуге, ізденуге, шығармашылық деңгейге, ғылыми ойлауға жетелеу негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
Курс бағдарламасына енгізілген материалдарды 2-кластан бастап бала ата-анасынсыз өзі оқи береді, яғни тілі жеңіл. Қоршаған ортаны жас-кәрі боп бөлініп қорғамаймыз ғой. Бағдарлама - қоршаған ортаны қорғауға ғана үндемейді, ол қоғамда аңыздарды оқу арқылы, кие түсінігін қалыптастырады.


Курс мақсаты: Табиғатты аялайтын адам айналасына да құрметпен қарауды үйрету. Балаға курста барлық аңызды қызықтап оқытып, оған шын сендіру арқылы, қазір өзекті болып тұрған әлемдік проблеманы шешуге де үйрету. Өсімдік пен жан-жануарды қадірлеуді аңыздар арқылы үйрету де бала тәрбиесінің бір саласы деп есептеу. Көрнекі ойлау жүйесі мен мақсат-мүддеміздің тоғысатындығын ұғындыру арқылы оқушының таным көкжиегін кеңейтіп, ойлауын дамыту. Жас буынды туған өлкесін, киелі жерді, табиғатты қорғауға, аялауға шақырған аңыздар, қазақ ауыз әдебиетін экология мен философия ғылымымен байланыстыру арқылы өскелең ұрпақ бойында экологиялық мәдениет қалыптастыруды алдына мақсат ету.


Курстың міндеті:
-оқушыларды өмірдегі әсемдік пен жарасымдылықты түсінуге, ұға білуге, дұрыс бағалап, терең пайымдауға үйрету;
-өзіндік ой-пікір, көзқарастарын еркін айта білуге дағдылану;
-берілген шығармаларының мазмұндық сюжетін меңгерту;
-шығарманың тақырыбы мен сюжетіне, композициясы мен тіл көркемдігіне талдай білу;
-аңыздарды оқыту арқылы, аңыздың әсерімен табғаттағы бір аңды сақтап қалу;
-аңыздар арқылы экологиялық этиканы қалыптастыру;
-ұмытылған көне аңыздарды қайта жаңғырту.
Сонымен қатар конспект жасау, реферат жаза білу, аннотация жасау және қажетті әдебиеттермен жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет