Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің


Жұмыстың рәсімделуіне қойылатын талаптарға сәйкестігі. Жұмыс жүйесінің берілген ескертулер



бет3/7
Дата02.10.2022
өлшемі54,63 Kb.
#151422
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
курс экософия 5-6 сынып жаңа

10. Жұмыстың рәсімделуіне қойылатын талаптарға сәйкестігі. Жұмыс жүйесінің берілген ескертулер:
Жұмыстың безендіруі, құрылымы мен мазмұны жүйеленіп, қойылатын талапқа мазмұнына сәйкестірілген.
11. Жұмыс жүйесінің қолдану жөніндегі ұсыныстар мен қорытынды:
Ұсынылып отырған таңдау курсының бағдарламасы қойылатын талаптарға сай,практикада іске қосуға ұсынылады.


Пікір жазушының қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы


_________________________ Муханова М.К.
(қолы, күні)


2022-2023 оқу жылы
5,6 сынып оқушыларына арналған
«Cырлы аңыздар» курсы бағдарламасы
Түсінік хат.

Аңыз әңгімелер —Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Әңгімелер, ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған.


Қазіргі заманда Технология қарқынды дамыған кезде орманды бейберекет құрту, жануарды еркін кеңістігінен айыру деген сияқты проблемалар болады. Арне Несс табиғатты қорғауда заң мен қоғам ұйымдарының көмегі аз болатынын ойлап, "Экософия" терминін шығарды. Ол балалардың қарлығашқа киелі құс деп қарауының, ал торғайды аямай өлтіруінің себебін іздеген. Егер торғай туралы да аңыз немесе ертегі болса, оны өлтірмес еді. Ғалым осылайша жануар мен өсімдік туралы ғибратты әңгімелер барда табиғатты заңның араласуынсыз-ақ қорғауға болатынын айтқан.
Қазақстанда аққуды киелі санайды. Оған бір себеп – Мұқағалидің “Аққулар ұйықтағанда” поэмасы. Бізде 80-жылдарға дейін 3 миллион басқа жуық ақбөкен болған. Ашаршылық жылдары да адамдар ақбөкенді киелі санап, тиіспеген. Ал 2003 жылғы дерек бойынша 23 мың бас қана ақбөкен қалған. Неге бұрын көп болды десеңіз, кезінде Құрманғазының “Ақсақ киік” күйі, Сәкен Сейфуллиннің “Ақсақ киік” өлеңі халық арасында кең таралған. Киік туралы әңгімелер радиодан беріліп, аңызын көнекөз ақсақалдар айтып отыратын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет