Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің


Курсты оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер



бет5/7
Дата02.10.2022
өлшемі54,63 Kb.
#151422
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
курс экософия 5-6 сынып жаңа

Курсты оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер:
1.Лекциялар мен талқылау
2.Топпен жұмыс
3.Диалогтік оқыту
4.Пікір алмасу
5.Жоба бойынша жұмыс істеу
6.Өздік жұмыс
7. Жоба қорғау


Пәнаралық байланыс
1.Қазақ әдебиеті.
2.Этнопедагогика
3.Қазақстан тарихы
4.География
5.Бейнелеу өнері


Оқыту әдістемесі:
Оқыту негізінен негізгі оқу материалдарын түсіндіретін және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. Оқушылардың білімін тексеру ауызша және жазбаша тапсырмалар, модульдің жаңаша әдіс-тәсілдері арқылы, жеке құзыреттілік тапсырмалар мен жоба жұмыстарын дайындау түрінде болады. Семинар сабақтарында дәстүрлі емес сабақ фoрмалары қoлданылады (жoбалар бoйынша тoптық жұмыс, баспасөз материалдарымен жұмыс, белгілі проблемалар бойынша пікірталас, оқушылардың талқыға ұсынатын хабарламалары т.б.).
Оқушылардың икем-дағдыларына қойылатын талаптар:
1. Бағдарламада ұсынылған әдеби мәтінді, үзінділерді, өлеңдерді дұрыс, шапшаң және мәнерлеп оқи алулары;
2. Көркем мәтіндерді ауызша мазмұндап айтып беруі;
3. Ұнаған аңыздарды жаттау, мәнерлеп оқу, алған әсерлерін айта білу, сезімдерін толғап, тебірене жеткізуге талаптану.
4. Аңыздардың ең басты оқиғаларын бөліп ала білу, жүйелі түсінікті баяндау.
5. Өзіне ұнаған бір шығармаға рецензия-пікір жазуға талаптану.
6. Өздері қалаған аңыздары бойынша ғылыми сипаттағы мақала, реферат, талдау жасай білуге икемдеу.
7. Шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетін өзіндік көзқарасын білдіре отырып, сипаттай алуы;
8. Мәтінге қысқаша жоспар құра білуі;
9. Оқыған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта әр түрлі шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, шағын әңгіме, ертегі, т.б.) құрастыра алуы тиіс.


Күтілетін нәтиже:

  • Оқушы аңыз-қиссалар арқылы өсімдік пен аң-құсқа биология көзімен емес, экософия назарымен қарауды үйренеді;

  • Қоршаған ортаның мәні, мазмұнымен жете танысады;

  • Өз ойын анық, дәл, көркем етіп жеткізе біліп, өзіндік тұжырым жасайды;

  • Анализ, әдеби-теориялық талдау жасау арқылы салыстырады, ажыратады;

  • Өз халқының аңыздары арқылы, қоршаған ортаны аялауды біліп танысады;

  • Отанын құрметтей білетін жан-жақты білімді, парасатты азамат қалыптасады;

  • Оқушылардың курстан алған өнімі курстың соңындағы шығармашылық әрекеттері негізінде зерделенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет