1. Мазмұнға байланысты міндет: Мысалдардың мазмұнымен таныса отырып, кейіпкерлерге мінездеме береді, өмірмен байланыстырады, 2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс - әрекеттерін талдайды; 3. Топтық міндет: Оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір - бірін тыңдайды, достық сезімдері, бір - біріне сыйластық сезімдері артады
Күтілетін нәтиже
1. Өмірде ақ пен қараны ажыратуды оған дұрыс баға беруді үйрену.
2. Мысалдың астарында не жатқанын оның маңызын түсіну
«ДЖИГСО - 1» әдісі Ахмет Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары», «Аққу, шортан һәм шаян» мысалдарының мазмұнымен таныстыру үшін үші топқа мысалдарының мазмұны таратылады. Мысалдарының мазмұнына қарай топ оқушылары бірінің ойын бірі жалғайды, өзара пікір алмаса отырып, толықтырады.
1.Мысал кейіпкерлері не істемекші болды?
1.Мысал кейіпкерлері не істемекші болды?
2. Олардың істері неліктен нәтижесіз болып шықты?
3.Мысалдардан қандай қорытынды жасауға болады?
- Мысалдар аңдар, құстар , хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап, әжуа күлкі етеді.
Мысалдар өлеңмен де ,қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді.
Орыс ақыны И.А.Крыловтың мысалдарын Абайдан соң А.Байтұрсынұлы да аударып, «Қырық мысал» деген атпен1909 жылы Петербургте кітап етіп шығарған.
Түсіну
1. Ақын осы образдар арқылы қандай адамдарды бейнелеген? 2. Мәтіндерден автордың қорытынды ойын тауып оқыңдар, дәптерлеріңе жазып алыңдар.
Қолдану
1- топ . Сахналық көрініс (рөлге бөліп ойнау)
2- топ. Тақырыпқа сай мақал-мәтел жазу
3-топ Сурет салу.
Талдау
«Бір айналым сөйлесу» әдісі
- Шығарманың сіздер үшін тәрбиелік мәні қандай болды?
Жинақтау
Түйін: Мысалдардағы кейіпкерлер сияқты адамдарға қандай кеңес берер едіңдер? сұрағына оқушылардың пікірін тыңдау.