Ұйымдас-тыру ізденіс
|
Балаларға көру диктанты туралы түсінік беру. Тәрбиеші шартын түсіндіреді. Тақтаға геометриялық пішіндер орналасқан сурет ілінеді. Ілінген суреттер, пішіндер қалай? Қайда? Орналасқанын есте сақтау. Содан кейін суретті алып тастайды. Балалар алдарындағы пішінді көз алдына елестету арқылы ақ параққа пішіндерді орналастырады.
Сергіту сәті:
«Құмырсқа»
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Алды допты қолына
Оңға қарады, солға қарады
Үлкен тау деп ойлады.
Дәптермен жұмыс:
Дөңгелектерді санына қарай дұрыс орналастыр.
Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша – бақ
Күрен қызыл шіркін – ай
Оның аты – (құлпынай)
-Құлпынайды санына қарай салыстыр.
Жұмбақ
Бір нәрсе жансыз іші тамақ,
Бір қолы шекесінде шынтақтап,
Бір мұрын, бір аузы, бір қалпағы бар
Өзінің аяғы жоқ, табаны жалпақ (шәйнек)
-Әр ыдыстың қақпағын тауып сызықпен қос.
|
Балалар тақтаға ілінген суретті мұқият қарайды. Содан кейін алдарындағы пішінді солай орналастырады.
Балалар дәптер берілген тапсырмаларды орындайды. Дөңгелекті санап, салыстырады ортасына ˃,˂,˭ таңбасын қою
Ыдыстар туралы білімдерін толықтырып әр ыдыстың қақпағын тауып, сызықпен қосады.
|
|