Дәптермен жұмыс:
Пішіндерді ата.
Біркелкі пішіндерді сана: төртбұрыш, дөңгелек, сопақша нешеу екенін санату.
Сергіту сәті:
Ал балалар, тұрайық,
Қолды белге қояйық
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
-Пішіндерді үзік сызық заңдылығын бұзбай, қалғанын толтыр.
-Үйшіктің артына күннің суретін сал, жанына шыршаның, алдына доптың суретін сал.
Жұмбақ
Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан.
(күн)
Тікен – тікен тік пісте
Қысы – жазы бір түсте.
(шырша)
Доп
Р.Тышқанбаев
Шаршамайсың, Шалдықпайсың
Доп қалай?
Секіресің, секеңдейсің,
Тоқтамай! Асыққанда,
Арықтан да, аттайсың.
|
Балалар пішіндерді санайды
Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды
Үйшіктің артына күннің, жанына шыршаның, алдына доптың суретін салады.
Жұмбақ, тақпақтар арқылы балалар тілдерін дамытады, ойларын жинақтайды.
|