Күтілетін нәтижелер:
Не білді?:Сөз жұмбақты шешуді үйренді.
Не меңгерді?: Сөз жұмбақты шешкенде, логика сөзінің шыққанын, бос тор көзге қалай жазатынын меңгерді.
Не істей алады?: Сөз жұмбақты, бас қатырғышты шеше алады.
25 – оқу іс – әрекеті
Білім саласының мазмұны: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлім: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тіл дамыту. Сурет.
Оқу іс – әрекеті: Логика
Тақырыбы: «Апта күндері»
Мақсаты:
1. Апта күндері туралы түсініктерін тереңдету.
2. Апта күндерін есте сақтауға, атай білуге үйрете отырып, балалардың логика сабағына деген қызығушылығын дамыту.
3. Балаларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Міндеті: Апта күндері туралы түсініктерін тереңдету.
Көрнекілігі: Апта күндерін белгілейтін тәж.
Сөздік жұмыс: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі
Достарыңызбен бөлісу: |