Мотивация-лық
қозғаушы
|
-Балалар дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дыбыстардың таңбасын не дейді?
-Әріптерді не істейміз?
-Дыбыстарды ше?
|
Балалар сұраққа жауап береді.
-екіге
-әріп
-әріпті көреді, жазады, оқиды.
-дыбыстарды естейміз.
|
|
Ұйымдас-тыру ізденіс
|
Балалар, олай болса, гүлдердің ішіндегі жұлдызшаларға екі сөз оқуға болатындай етіп әріптерді қою керек.
Мысалы: қас – жаз
Көз – шөл
Гүл – күз
Мен тимеймін, жасқанба
А.Сарсеков
Мен тимеймін, жасқанба,
Дос болайық көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда,
Гүлдеріңді көре кет.
Кел бояйық: көбелекті боя.
-есептерді шығара отырып, түстерін ажыратып, көбелекті боя.
Сергіту сәті:
Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз.
Кел, санайық, ал мұны,
Нешеу болды барлығы?
Көлік түрлері және олардың пайдасы мен зияны туралы әңгімелеу.
Тапсырма:
-Көліктерді тұрағына дұрыс орналастыр.
-Ойын: «Гүлдерді құрастыр»
|
Балалар гүлдегі сөздерді, оқып шығады, әріптерді қояды.
Тақпақ арқылы тілдерін ұстартады.
Көбелектегі есептерді шығарып, көбелектерді бояп шығады.
Балалар көлік түрлерін ажыратады, олардың пайдасы мен зияны туралы әңгімелейді, көліктерді тұрағына орналастырады.
|
Ата – аналар үйлерінде қосымша тапсырмалар беріп, сөздерді оқытады.
|