Сабақтың мақсаты:
1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату
2.Қиялдау,елестетуді дамыту
3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы.Ұйымдастыру бөлімі Ми гимнастикасы. а) «Басты шайқау». Ойлау қабілетін жақсартады. Терең демал, иығыңды бос ұстап, басыңды алға таста. Денедегі ауырлық түскенше басыңды ақырын ары–бері айналдыр. Иегіңді бір сызықтың бойымен кеуде тұсына әкел.
б) «Жалқау сегіздіктер». Жаттығу ми құрылымының белсенді жұмыс істеуіне, есте сақтау қабілетінің дамуына көмектеседі. Ауадасегіз санын сал, әр қолыңмен жеке-жеке және екі қолыңмен үш рет қайтала.
Ширату. Бүгін аптаның қай күні? (Оқушы осы күннің атын айтады).
Аптаның нешінші күні? (Оқушы апта күндерін санап, осы күннің реттік санын айтады).
Жылдың қай мезгілі? (Қыс, көктем, жаз және күз мезгілдерінің сәйкесін айтады).
Тағы қандай жыл мезгілдерін білесің? (Айтылмаған жыл мезгілдерін айтады).
11-ден 20-ға дейін және кері сана (11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 19, 18, 17, 16, 15, 14, 13, 12, 11)
Екі бұзаудың бірі оңға, ал екіншісі солға қарап тұр. Олар бірін – бірі көре ме? – (Бұзаулар қатар және қарама-қарсы бағытқа қарап тұрса, олар бірін-бірі көреді. Ал егер олар қатар және бір бағытқа қарап тұрса, онда соңында тұрған бұзау алдында тұрған бұзауды көреді де, алдында тұрған бұзау соңындағыны көрмейді).
Көзді жұмғанда не көресің? (Түс)
Тапсырма-1.Сандардың ішінде біреуі жоқ. Сол санды ата.
Жауабы: 3 Тапсырма-2. Әр қатардан артық сөзді сыз. Таңдауыңды түсіндіріп бе
Сағат, минут, түн, секунд. (Түн – уақыт бірлігіне жатпайды).
Әнші, ақын, сазгер, әже. (Әже – туыстықтыбілдіретін сөз).
Домбыра, сырнай, балға, сыбызғы. (Балға – саз аспабына жатпайды).
Дәптер, қайшы, қалам, қарындаш. (Қайшы оқу құралы емес).
Жеті, тоғыз, қол, қырық. (Қол – дене мүшесі).
Көңілді үзіліс.Қолдарыңа он таяқша алыңдар. Оларды жұдырықтарыңа салып қысыңдар. Жұдырықтарыңды ашып, үстел үстіне тастаңдар. Енді таяқшаларды бір-бірлеп жинаңдар. Жинау кезінде қатар жатқан таяқшаларды қозғап жібермеңдер. Егер бір таяқша қозғалып кетсе, тапсырма басынан бастап қайта орындалады.
Тапсырма-3. Төртбұрыштардың екеуі бірдей және екеуі әртүрлі болатындай етіп боя.
Тапсырма-4. Суретте дөңгелек көп пе,тіктөртбұрыш көп пе? Сана. Жауабыңды тексер. Дөңгелектерді көк түспен боя, оларды санап жаз. Содан соң тіктөртбұрышты қызыл түске боя, санап жаз.
Көзге арналған жаттығулар.«көзді жыпылықтату». Көз ауруларының барлық түріне пайдалы.Дем алып, дем шығарған сайын көзіңді жыпылықтат.
Тапсырма-5. 1) Себетте алмұрттар жатыр еді. Сәния, Әлия және Майра 2 алмұрттан алды. Себетте алмұрт қалған жоқ. Себетте қанша алмұрт болған еді? Жауабын айналдыра сыз. Жауабы: 3 5 2 6
Жауабы: себетте барлығы 6 алмұрт болды.
2) Алма ағашында 10 алма өсіп тұр. Балалар әрқайсысы бір алмадан алды. Ағашта 6 алма қалды. Неше бала алма алды? Жауабын айналдырып сыз.Жауабы: 1 10 6 4
Жауабы: 4 бала алма алды.
3) Төрт жұмыртқа 5 минутта пісті. Бір жұмыртқа неше минутта піседі? Жауабы: 1минут 4 минут 6 минут 5 минут
Жауабы: бір жұмыртқа 5 минутта піседі.
Сабақты қорытындылау. Біз не үйрендік?
2-сабақ 2 сынып. Балалардың даму деңгейін анықтау. Сабақтың мақсаты:
1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату
2.Қиялдау,елестетуді дамыту
3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы. Ми гимнастикасы. Ширату. Бір жылда неше ай бар? (Бір жылда 12 айбар)
Екінші және жетінші айды ата.(Екінші ай – ақпан, жетінші ай - шілде)
Барлық бұрыштары бірдей төртбұрыш (Тік төртбұрыш)
Метр қандай өлшем бірлігі? (Ұзындық бірлігі)
Сағат ше? (Уақыт бірлігі)
Киллограмм ше? (Масса бірлігі)
Ойнайтын балалардың бір бөлігі (Топ)
Тапсырма – 1. Суретті мұқият қара. Фигурада қанша үшбұрыш бар. Санын торкөзге жаз.
Жауабы: 24 үшбұрыш
Тапсырма – 2. Суретті мұқият қара. Ең жоғарғы ұшып келе жатқан ұшақты – көк, ал ең төмен ұшып келе жатқан ұшақты жасыл қарындашпен боя. Ұшақтардың кеңістіктегі орналасуын түсіндіріп бер.
Жауабы: жоғарыдағы көк түсті,ортада үш ұшақ төменде жасыл түсті ұшақтың суреті салынған. Ортаңғы қатардағы ұшақтардың біреуі ең алдында және екеуі ең соңында ұшып келеді.
Көңілді үзіліс. Музыка ырғағымен би қозғалысын жасауды ұсынуға болады.
Тапсырма – 3. Сәйкес сөзді тап. Оны айналдыра сыз. Түсіндіріп бер.
Жомарт -сараң
Ащы-? (тәтті,дәмді,тұщы, қышқыл)
Тұңғыйық-тайыз
Көп-? (артық, кем, аз,кіші,үлкен)
Биік-аласа
Қыс -? (жаңбыр, көктем,жаз,шана)
Жауабы: тұщы, аз, жаз.
Тапсырма – 4. Серіктің бойы Беріктен биік, Дарханнан аласа, ал Берік Дарханнан аласа.Балалардың атын жаз.
Жауабы:Оқушылар өз таңдауын түсіндіреді.
Тапсырма – 5.Графикалық диктант.
Бастапқы нүктеден 1 тор жоғары,1 тор жоғары солға қиялап,1 тор жоғары,1 тор оңға,1 тор төмен, 1 тор оңға, 1 тор жоғары,1 тор оңға, 1 тор төмен, 1 тор жоғары,1 тор оңға,1 тор төмен,1 тор оңға,1 жоғары,1 оңға,1 төмен, 1тор төмен қиялап солға,1 тор төмен.
Жауабы: хан сарайы.
Сабақты қорытындылау. 3 – сабақ 2 сынып. Зейінді шоғырландыру. Сабақтың мақсаты:
1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату
2.Қиялдау,елестетуді дамыту
3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру бөлімі
Ми гимнастикасы. Ширату. 1.Дауысты дыбыстарды ата.(а,ә,е,ё,и,о,ө,у,ұ,ү,ы,і,э,ю,я)
2.Қосудың құрамдас бөлігін ата.(Қосылғыштар мен қосынды).
3.Аулада қаздар жүр.Олардың аяқтарының саны – 8. Аулада қанша қаз жүр?(Аулада төрт қаз жүр)
4.Циркте ең күлкілі әртіс кім? (Сайқымазақ)
5.Ең үлкен бір таңбалы санды ата? (Тоғыз)
6.Шөл далада келе жатқан түйелер тізбегі. (Керуен)
7. Құстар ұшатын әуе кеңістігі. (Аспан)
Тапсырма – 1.Цифрдың қандай әріппен сызық арқылы байланысқанын көзбен анықта.Жасырын сөзді жаз.
Жауабы:а) 1 – к,2 – ө,3 –р,4 – к, 5 – е,6 – м, көркем.
ә) 1 –қ,2 –ұ,3 –р,4 –б,5 – ы,6 – м,құрбым.
Тапсырма – 2.Жұмбақты мұқият оқы. Бұл не? Шешуінің суретін сал.
Ортасында шегесі,
Жіп – жіңішке денесі,
Жауабы: оқушылар қарындаштың суретін салуы мүмкін
Көңілді үзіліс. Өткен сабақтағы жаттығуларды қайталау ұсынылады.
Тапсырма – 3. Жазулар дұрыс болатындай етіп суреттерді толықтыр.
Жауабы: а) балалар суреттерді қызыл түске бояйды да, тағы қызыл түсті болатын заттардың суретін салады.
ә) балалар пішіні дөңгелек болатын заттардың суретін салады.
Тапсырма- 4. Жиындардың аттарын жаз.
Жауабы: екі таңбалы сандар,фигуралар,шаршылар
Мына үш жиын дұрыс құрылмаған. Нені түзету керек ?
.
Көзге арналған жаттығулар.
«Мерген көз». Көзіңмен сағат тілінің бағытымен алты рет, сағаттың тіліне қарсы бағытта алты рет дөңгелек сыз.
Тапсырма – 5. Заңдылығын сақтап суретті аяқта. Төрбұрыштарды – көк, дөңгелектерді сары түске боя.
Жауабы: оқушылар суретті мұқият қарап шыққан соң төрбұрыштарды көк, дөңгелектерді сары түске бояп, тізбектегі суреттерді аяғына дейін салады.
Сабақты қорытындылау.
4 – сабақ2 сынып. Зейіндішоғырландыруды дамыту Сабақтың мақсаты. 1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату
2.Қиялдау,елестетуді дамыту
3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру бөлімі
Ми гимнастикасы. «Басты шайқау». Жаттығу ойлау қабілетін жақсартады. Терең демал, иығынды бос ұстап, басыңды алға таста. Денедегі ауырлық түскенше басынды ақырын әрі – бері айналдыр. Иегінді бір сызықтың бойымен кеуде тұсына әкел. Осылай отыз секунд жаттығу жаса.
Ширату. 1.Жисақ – таяқ,
Жазсақ – сая.(қолшатыр)
2. Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.(кітап)
3. Құстай ұшар,
Қанатты темір тұлпар.(ұшақ)
4. Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері у-шу.(түлкі)
5. Қалың киімді ұнатар,
Шешіңдірсең жылатар.(пияз)
Тапсырма №1. Суретті мұқият қара,аяқтап сал.Боя. Қандай фигуралардан тұратынын айт.
Тапсырма – 2. Аралардың гүлдерге баратын жолын көзбен анықта. Торкөзге цифрмен белгілеп жаз. Гүлдерді әртүрлі түске боя. Аралардың қанатын гүлге сәйкесболатындай етіп түрлі түсті қарындашпен боя.
Жауабы: 1 – 2 қызыл, 2 – 4 көк, 3 – 1 сары, 4 – 3 қоңыр түске боялған.
Көңілді үзіліс. Теңіздегі толқынды бейнелейтін қозғалыс. Толқиды теңіз – бір!
Толқиды теңіз – екі!
Толқиды теңіз – үш!
Теңіз толқыны, тоқтап қал!
Осы кезде «толқындар» тоқтайды.
Тапсырма – 3. Көгершіндерді сана. Санын жаз.
Жауабы: барлығы 12 көгершін.
Тапсырма-4 Қуыршақты боя.
Көзге арналған жаттығулар.
Уқалау қан айналымын күшейтеді, көз бұлшық ет тарамдарының зат алмасуын жақсартады, көз бұлшық еттерін нығайтады.
a) Үш саусақпен маңдайды дөңгелете уқалап, самайға қарай ауысуы.Уқалаудың алдында және кейін маңдайды сипалау.
ә) Жоғары қарау.Сағат тілі бойынша көзді айналдыра жүгірту.Жоғары қарау.Төмен қарау.Оң жаққа қарау.Сол жаққа қарау. (3-4 рет)
Тапсырма-5.Заңдылықты сақтап, суретті аяқта.Олардың төрт түсті қарандашпен боя.
Жауабы: тізбектегі шаршы екі түрде орналасқан.Олардыкөк, сары, қызыл, қоңыр түске заңдылықты сақтап бояуға болады.Бояу түрлерін балалардың өздері таңдауға мүмкіндік туғызу керек.Сонымен қатар заңдылықты сақтау керектігі ескеріледі.
Сабақты қорытындылау: Не үйрендік?
5-сабақ. 2- сынып Зейінді шоғырландыруды дамыту Сабақтың мақсаты: 1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату
2.Қиялдау,елестетуді дамыту
3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру бөлімі
Ми гимнастикасы. Ширату. Көктайғақта таймау үшін, аттың тұяғына тағылатын темір- таға.
Жарысқа түсетін жүйрік жылқы- сәйгүлік.
Гүл шырынынан ара арқылы алынатын шипалы тәтті тағам- бал.
Ұсақтап туралып, майға қурылатын ет- қуырдақ.
Жылқының майлы етінен ішекке салып жасалатын тағам-қазы.
Тапсырма-1.Саматтың қолында сары,қоңыр және қызыл түсті үш қарындаш бар.Қарындаштарды тиісті түспен сызық арқылы қос:
а) қызыл қарындаш сарыдан,ал сары қарындаш қоңырдан қысқа.
ә) сары қарындаш қызылдан,қызыл түсті қарындаш қоңырдан ұзынырақ.
б) қоңыр қарындаш сарыдан ұзынырақ, ал сары қарындаш қызылдан қысқа.
Тапсырма-2 Кәусарға қуыршаққа апаратын ең қысқа жолды көрсет.Оны көгілдір түспен,ал ең ұзынын қызылмен боя.
Көңілді үзіліс.
Көгілдір аспанда күн күлімдеп,
Ғарышкер зымыранда ұшып бара жатыр.
(Қолды жоғары созу.)
Ал төменде орман, алаң,
Жерге кілемдей төселді.
(Қолды екі жаққа жайып, алға төмен иілу.)
Тапсырма-3.Сөздерді мұқият оқы Оларға қалауынша әріп қосып, бірнеше сөз жаз.
Жауабы: жаз-қаз,таз,саз; бүйе-күйе,түйе,сүйе; арыс- тарыс,жарыс,қарыс.
Тапсырма-4. Айнұр,Камила және Кәусар үшеуі көк,сары,ақ түсті көйлектер киген.Айнұрдың көйлегі ақ емес,Камиланың көйлегі ақта,сарыда емес.Қыздардың көйлектерінің түстері қандай?
Жауабы: Камила-көк,Айнур қызыл,Кәусар-сары.
Көзге арналған жаттығулар. а) Жоғары қарау.Төмен қарау.Оң жаққа қарау.Сол жаққа қарау.
ә) Сағат тілі бойынша көзді айналдыра жүгірту.Жоғарыдағы жаттығуларды керісінше қайталау.
Тапсырма-5.Дананың тұратын үйі жасыл да,кішкентай да емес.Мәриям сол жақтағы үйде тұрады.Ал Әлия қай үйде тұрады ?
6 – сабақ 2 сынып. Назар аударуды дамыту. Сабақтың мақсаты: 1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату
2.Қиялдау,елестетуді дамыту
3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы.Ұйымдастыру бөлімі: Ми гимнастикасы. Ширату. Оқымысты; ғұлама – ( ғалым).
Адамды тамақтандырады бірақ өзі ештеме жемейді.
Ол – не ? – ( қасық).
Сенбіден кейін үш күн өтті. Ол қай күн? – ( сәрсенбі ).
Тіл алғыш бала. – ( елгезек ).
Екі ұл бала есікалдында кездесіп қалды. Егер біреуі 2 жаста, екіншісі 7 жаста болса, кім жол береді?- ( 7 жастағы. Екі жастағы бала енді ғана жүріп жүр).
Тапсырма- 1. Ыдыстың сынығын тап.Оны ыдыспен бірдей етіп боя.
Жауабы:бірінші
Тапсырма – 2. Әр қатардағы заңдылықты анықтап,ары қарай жалғастыр
Көңілді үзіліс. Балалар өздерін толқында жайқалып тұрған жапырақ сияқты сезінеді. Көздерін жұмып толқында шайқалып тұрғандай қозғалыс жасайды.
Тапсырма – 3Еңбекке баулу сабағында бұйымдар жасау үшін әр түсті 2-бет қағаз қажет. Қағаздарды цифрмен белгіле.
Тапсырма – 4. Әріптермен цифрларды пайдаланып, сөздерді жасыр.
А у к т н р ы л д
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Жауабы: дуал – 9218 тау - 412
Анар – 1516 қуат - 3214
Дана – 9151 дауыл – 91278
Көзге арналған жаттығулар. Жақтың жоғарғы жағынан самайға қарай уқалау. Самайдан жақтың жоғарғы жағына қарай уқалау.
Тапсырма – 5 Заңдылықты сақтап, суретті аяқта. Оларды бес ( сары, қызыл, көк, қоңыр, жасыл ) түске боя.
Жауабы: тізбектегі дөңгелектердің көлемі мен түсінің заңдылығы сақталады.
Cабақты қорытындылау.