Логикалық есептер 1-ші есеп. Бір жаман адам әрдайым өтірік айтады. Ол осы сұраққа қандай жауап береді: «Сізде бір мұрын, әлде екі ме?»



бет4/21
Дата13.12.2021
өлшемі0,84 Mb.
#125217
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Логикалық есептер 4-сынып
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі, аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі, 8 кл СОР4
Өлшеуге байланысты есептер
Өлшеуге байланысты есептерді шығарғанда үлгі (модель) ретінде табақты таразы қарастырылады. Егер таразы басы тең тұрса, онда екі табақтағы заттардың массасы бірдей.

Кейбір есептерді шығарғанда үлгі (модель) ретінде екі таразы қарастырылады. Бұл жағдайда таразылар тепе-теңдікті сақтау керек.

Мұндай түрде берілген есептерді шығарғанда заттардың тепе-теңдігі туралы ережелерді ескеру керек. Тепет-теңдікті сақтау үшін:

1) таразының екі табағынан да массалары бірдей заттарды алу керек;

2) таразының екі табағына да массалары бірдей заттарды қосу керек;

3) таразының кез келген табағындағы затты массасы осы заттың массасымен бірдей басқа заттқа ауыстыруға болады.

Сонымен, таразылардың тепе-теңдігін бұзбайтын әрекеттерді орындаймыз.
24-ші есеп. Қоян үй қоянынан 3 кг ауыр. Егер екі қоянның массасы 5 үй қоянының массасына тең болса, онда бір қоянның массасы қандай? Үй қоянының массасы қандай?

Екінші таразының сол жақтағы табағындағы әр қоянды бір қоянға және 3 кг-дік жүкке ауыстырайық. Енді екінші таразының екі табағынан да екі үй қояның алып тастайық. Нәтижесінде 6 кг 3 үй қоянына тепе-тең.

6 кг-ды үш 2 кг-дік жүктермен де алуға болады.

Үлгі арқылы бір үй қоянының массасы 2 кг тең екенің анықтаймыз. Онда қоянның массасы 2 + 3 = 5 (кг) (1 таразыда көрсетілген).

Жауабы: бір қоянның массасы 5 кг, үй қоянының массасы 2 кг.
25-ші есеп. 8 кг, 5 кг және 3 кг үш жүктер берілген. Осы жүктер арқылы қалай массасы төменде көрсетілгендей ұнды өлшеп алуға болады?

а) 10 кг; в) 11 кг;

б) 16 кг; г) 6 кг?
Шешуі. а) Берілген үш жүктер және массасы 11 кг ұн арқылы таразыны тепе-теңестіру керек. Бұны төмендегідей орындауға болады:




3 мысал. Бір алма мен бір алмұрттың массасын салыстырыңдар (суретте көрсетілген).



Шешуі. Таразы тепе-теңдыкте.

Егер таразының екі табағынан да бірдей заттарды алып тастаса, онда тепе-теңдік сақталады. Екі табақтан да бірдей заттарды алайық: ен алдымен 3 алмұрты.


Таразыда бір алма, бір алмұрт қалады. Сондықтан, алма мен алмұрттын массалары бірдей

Жауабы: массалары бірдей.


26-шы есеп. Қарлығаш 10 тәрелке жуу керек. Ол қаншама тәрелке қалса, соншама тәрелке жуды. Қарлығаш қанша тәрелке жуды?
Шешуі. Қарлығаш тәрелкелердің жартысын жуып, жартысын жуған жоқ. Барлығы 10 тарелке.

Есептің шартын кесінді арқылы көрсетейік:


1) 10 : 2 = 5 (т.) – 1 бөлігін құрады


Жауабы: Қарлығаш 5 тәрелке жуды.
27-ші есеп. Сүтке толы бидонның массасы 34 кг. Сүтке жартылай толы бидонның массасы 19 кг. Бос бидонның массасын табыңдар.
Шешуі. Есептің шартың кесінділерде көрсетеміз:

1) 34 – 19 = 15 (кг) – сүттің жартысының массасы

2) 19 – 15 = 4 (кг) – бос бидонның массасы.
Жауабы: бос бидонның массасы 4 кг тең.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет