«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет11/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82
Байланысты:
umkd

 
Саяси жарнама – 
қоғамдағы байланыстың ерекше түрі,
 
саяси имиджді қалыптастырудың 
маңызды тəсілі мен дербес бағыты. Саяси жарнама мақсаты адамға саяси партия тұғырнамасын, 
үміткер бейнесін немесе басқа саясат субъектісінің мəнін қысқа жəне эмоциялық тұрғыдан ашу, 
оны жеткізу жəне оған позитивті қатынасты қалыптастырумен қатар, оны қолдауға бағытталған 
шынайы іс-əрекеттерге итермелеу. 



Саяси енжарлық – 
саяси өмірге қатысуға ынтаның болмауы немесе саясатқа енжарлық. 
Сайлауға, қоғамдық-саяси қозғалыстарға, т.б. қатысудан бас тартудан көрініс табады. Саяси 
енжарлық саяси мəдениет дамуының төмендігін немесе билік əрекеттеріне жəне оны жүзеге 
асырушыларға теріс қатынасты білдіреді. 
Саяси ереуіл – 
қандай да бір əлеуметтік топтың немесе таптың саяси билікке қарсы ашық 
наразылық білдіруі немесе қарулы көтеріліске шығуы жолы. Ол ұйымдасқан немесе 
ұйымдаспаған, заңды немесе заңсыз түрде жүзеге асуы мүмкін. Мысалы, саясат субъектілері саяси 
биліктің қандай да бір шешіміне көңілі толмаған жағдайда өздерінің наразылықтарын көшеге 
шығу арқылы немесе митингіге жиналу арқылы көрсетеді. 
Саяси ерік – 
саяси субъектінің рефлекстік, рухани жəне эмоциялық деңгейдегі өзінің қызметін 
реттеу қабілеті. Ерік ұғымы алғашқы кезде саяси субъектінің өз шешімі бойынша, бірақ оның 
тілегіне сай келмейтін іс-əрекетке баруын түсіндіру үшін қолданылды. Кейін адамның тілектер 
қақтығысы жағдайында еркін таңдау мүмкіндіктерін түсіндіру үшін пайдаланылды. 
Саяси көзқарастар – 
кең мағынада адамның, əлеуметтік топтың, жалпы қоғамның саяси өмірге 
қатысты түсініктерінің жиынтығы; тар мағынада саяси билікке қатынасты білдіру. Саяси 
көзқарастар – саяси болмысты жəне оны бағалауды білдіретін идеялар, пікірлер, түсініктер. Ол 
саяси шындыққа қатынасынан, адамдардың мінез-құлқынан жəне əрекеттерінен көрінеді. 
Қоғамдық қызығушылық тудыратын саяси өмір құбылыстары мен оқиғалары ғана саяси мəнге ие 
болып, Саяси көзқарастар қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет