6
Саясаттануда кез келген мəселенің объектісі мен субъектісі болатыны белгілі. Сол
сияқты саяси биліктің тікелей объектісі мен субъектісі болады. Субъект (актор) – биліктің
белсенді жетекші принциптерін бейнелейді. Ол жеке адам, ұйымдар, адамдардың
бірлестігі, мысалы халық, тіпті əлемдік қауымдастық, БҰҰ сияқты ұйымдар болуы
мүмкін. Ал объект – субъектінің іс-əрекеті бағытталған нысан. Яғни, өзарабайланысқа
негізделген субъект пен объект ұғымы үнемі қатар жүреді.
Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Саяси биліктің негізгі саяси институты:
мемлекет болып табылады. Мұнда біреулер билік етуге құқыты да, екіншілері оларға
бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады?Ол үшін саяси биліктің қарамағында
теңсіздікті қамтамасыз ететін əдіс-құралдары бар. Оған жататындар:
Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек.
Ұлттық валюта, алтын қор, материалдық құндылықтар, пайдалы қазба байлықтары жəне
т.б. кіреді. АҚШтың Конституциясында кез келген АҚШ азаматы Президент бола алады
деп көрсетілген. Бір тарихтағы президенттердің бірде-бірі кедей отбасынан шықпаған.
Əлеуметтік əдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан
əрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді. Ондай рөлді ең алдымен оның мəртебелі,
абыройлы, жалақысы мол қызметтерді атқаратын, көптеген жеңілдіктермен пайдаланатын
қызметкерлері орындайды. Оларға көптеген рөлдер мен статустар беріледі.
Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тəртіпті сақтайды, саяси
билікті құлатуға əрекет етушілерге мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: əскер, полиция,
қауіпсіздік органдары, түрме жəне т,б,
Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны
төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол
бүкіл əлемді бақылай алады деп санайды. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры деп тегін
айтылмаған.
Демографиялық ресурстар – биліктің ерекше ресурсы – адамның өзі болып
табылады. Адамдар – бұл жан-жақты, көп функционалды, басқа қорларды өндірушілер,
жасаушылар. Адам – материалдық байлықты (экономикалық ресурстарды) жасаушы,
солдат жəне партия мүшесі (саяси-күштік ресурстар), білім мен ақпараттың иесі жəне
таратушылары (мəдени-ақпараттық ресрустар) жəне т.б. Сонымен қатар адам – биліктің
ресурсы ғана емес, ол оның субъектісі мен объектісі де болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: