«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет27/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82
Байланысты:
umkd
6 день Каренеева, Screenshot 2022-09-06 at 5.05.55 PM, 11.3. қаз. вариант, 5 вариант Итоговая аттестация по предмету химия, document (1), Қала құрылысын жүргізуді реттеудегі сызықтарды талдау.
Саяси көшбастаушы 
болудың 2 жолы бар: 1) көпшілік халықтың 
мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді мақсатты түрде 
талмай зерттеу нəтижесінде.
 
Ресейлік зерттеуші Б.Д.Парыгин, кеңестік ғылымда ресми 
қабылданған, көшбасшымен басқарушыны бір-бірінен ерекшеленетін негізгі қасиеттерді 
бөліп көрсеткен. Олар: 1) көшбасшы топтағы тұлғааралық қатынасты бағыттайды, ал 
басқарушы топты белгілі əлеуметтік ұйым ретінде қабылдайды; 2) Көшбасшылық 
микроорта жағдайында, ал басқарушылық макроорта жағдайында жүзеге асады; 3) 
Көшбасшылық топтағы мүшелердің қызметі нəтижесінде кездейсоқ пайда болуы мүмкін, 
ал басқарушылық кездейсоқ үдеріс емес, оларды жоғары құрылымдар тағайындайды; 4) 
басқарушылыққа қарағанда көшбасшылық тұрақсыз жəне топтағы жағдайға байланысты 
болады; 5) басқару көшбасшыда жоқ белгілі бір санкциялар арқылы жүргізіледі; 6) 
басқарушының шешім қабылдау үдерісі күрделі жəне көптеген жағдайларға байланысты, 
ал көшбасшы шешімдерді өзі қабылдайды.
Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - 
қоғамның түбегейлі 
құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде əр түрлі топтардың басын біріктіріп, 
мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін жəне 
қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам 
алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың əдістері мен тəсілдерін айқындау; халықты 
ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, əр түрлі ұйым, 
топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты 
түрлерін қамтамасыз ету; əділдіктің, заңдылықтың, тəртіптің кепілі болу.
Көшбасшылардың соңғы түрі – интеллектуалдар мекеме, ұйым жұмысын талдап, 
басқару шешімдерінің əртүрлі нұсқаларын ұсынуға қабілетті, алайда олардың ірі топтарды 
басқаруға қауқары жетпейді. Дж.В.Гетцель жəне Е.Г.Губа саяси көшбасшылық түрлерін 
былай анықтайды: 1) 
заңнамалық
– көбасшылықтың рөлі мен оған артылатын үмітті 
қоғамдық жүйедегі қызметтің нормативтік өлшемдері анықтайды; 2) 
идеографиялық
көшбасшы – жеке тұлғалардың талаптары мен қажеттіліктерін топтық қызметтің жеке 
өлшемдері анықтайды; 3) 
синтетикалық
– қақтығысушы жақтарды бітістіретін. Зерттеуші 


12 
В.Д.Джоунс көшбасшылықтың төрт түрін анықтаған: 
көшбасшы-делегат
– экономикалық 
элитадан тəуелді, сайлаушылардың алдында есеп береді. Бұл сайлаушылардың 
экономикалық элитаның ұстанымымен келіскен кезінде ғана жүзеге асады. Делегат 
экономикалық өзгерістерді өзінің ізбасарларының көзқарастарымен қарастырады; 
«көшбасшы-сенімді тұлға»
- өз сайлаушыларының алдында жауапты, алайда 
экономикалық элитаның бақылауынан азат. Бұндай көшбасшы, негізінен экономикалық 
өзгерістер енгізумен айналысады. Бұндай өзгерістер сайлаушылардың тікелей талабы 
болмағанмен, олардың көңілінен шығады. 
«Көшбасшы-итаршы» 
- тек экономикалық 
элитаның қатаң бақылауында болады, сайлаушылардың алдында жауап бермейді. Тек 
экономикалық элитаның талаптарын қанағаттандырумен айналысады. 
«Көшбасшы-
кəсіпкер»
- экономикалық элитадан тəуелсіз, сайлаушылардың алдында да жауап 
бермейді, тек өзінің қара басына ғана жұмыс істейді.
Саяси жетекшіге қарама-қарсы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет