«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет51/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82
Байланысты:
umkd

ОБСЕ, НАТО тəрізді
еуропалық мемлекетаралық 
ұйымдармен де байланыс орнатты. Қазақстанның НАТО-мен біріккен жаттығулар өткізу 
үшін əскери бөлімдерді дайындау бойынша жеке ынтымақтастық бағдарламасы бар. Бұл 
қазақстандық əскери контингенттің 
БҰҰ бітімгершілік
акцияларына қатыстырылуына 
мүмкіндік береді. Қазақстан үшін сыртқы саяси басымдықтардың арасынан Ресеймен 
мемлекетаралық байланыс ерекше мəнге ие. Ресей империясының қол астында, одан 
кейінгі көпұлтты мемлекеттік құрылым КСРО-ның құрамында болған Қазақстан тарихи 
жəне дəстүрлі түрғыда аграрлық-шикізат көзі болды, сондықтан Орталыққа, метрополия 


32 
ретіндегі Ресейге экономикалық тəуелді еді. Осы жағдайлардын барлығы мемлекеттің 
тəуелсіздігін қамтамасыз етудің шынайы негізі – көпвекторлы сыртқы саясаттың 
қалыптасу қажеттілігін тудырады. Бірақ біздің сыртқы саясатымыздың ресейлік векторы 
көп позиция жағынан басымдыққа ие. Көптеген халықаралық проблемалар бойынша 
Қазақстан мен Ресей біртұтас немесе жақын позицияларда болады. 
Қазақстанның сыртқы саясатында өздерінің тарихи тағдыры, этномəдени 
құндылықтары бойынша туыс халықтар өмір сүретін Орталық Азия аймағы ерекше орын 
алады. Бұлар түркі тілдес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, сонымен қатар 
Тəжікстан мемлекеттері. Халықтар арасында қалыптасқан осы тарихи байланыстар, 
тарихтын, мəдениеттің, тілдің ортақтығы елеулі дəрежеде осы мемлекеттерді жақындата 
түседі. Бұл халықаралық аренада біртұтас, келісілген позиция түрғысынан көрінуге 
мүмкіндік береді. Қазақстанның сыртқы саясатының ерекше аспектісі Кытай екендігі 
сөзсіз. ҚХР-мен достық, тату көршілік қатынасты жолға қою - Қазақстан басшылығының 
сыртқы саясатының аса маңызды проблемасы. Осы саладағы біздің міндеттеріміз – 
Қытаймен арадағы шекараны делимитациялау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сауда-
экономикалық шарттарға отыру, мəдени айырбасты дамыту. Қытай – бұл жақын 
көршілікте түрған, тез дамып келе жатқан аса ірі этно-демографиялық массив, ядролық 
держава, супердержава ретінде XXI ғасырда халықаралық қатынастарда басты рөлдерді 
атқарады. Қазақстан Республикасының басшылығы жүргізіп отырған сыртқы саясатта 
қазіргі əлемнің басты мемлекеттері де назардан тыс қалмайды. Германия, Англия, 
Франция жəне басқа еуропалық мемлекеттер ең алдымен, мүмкін болатын инвесторлар 
мен сауда серіктері ретінде қызықтырады, осындай қызығушылық Азияның алдыңғы 
қатарлы елдері Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Пəкістан, Түркия, Иранға да артуда. 
Қазақстан осы елдердің барлығымен дерлік үздіксіз дамып отырған сыртқы саяси 
байланыстарды, 
дипломатиялық 
қатынастарды 
жолға 
қойды. 
Қазақстан Республикасының басшылығы Ауғанстан, Таяу Шығыс, Балқан елдері тəрізді 
"дағдарысты аймақтарға" да назар аударады. Қазақстанның бұл жерлерде жеке геосаяси 
мүдделері жоқ болса да, біз осы "дағдарыстық аймақтардың" əлемге тудырып отырған 
қауіптілігін сезінеміз. Сыртқы саясатты жүзеге асыруда ҚР Президентінің басшылығымен 
құрамына сыртқы істер министрлігін, елшіліктер мен консулдықтарды қамтитын 
атқарушы орган – дипломатиялық қызмет жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасының 
басшылығы қысқа мерзімнің ішінде табысты жұмыс істеп жатқан Дипломатиялық 
қызметті кұра алды.
Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының халықаралық позициясын орнықтыра 
түсуде оның үкіметінің бейбітшілікті жақтайтын саясатқа принңипті ұстанымдары, 
бірінші болып қарулы күш қолданудан бас тарту, барлық халықаралық мəселелерді 
келісім жолымен шешуге бағытталынуын, өз территориясында ядролық қаруды сақтамау 
туралы жарияланымын айтуға болады. Ел үкіметінің осы жəне басқа жарияланымдары 
мен акңиялары біздің көршілеріміз бен əлемдік қауымдастықтың Қазақстан 
Республикасын тату көршілікке ұмтылушы, ешкімге территориялық жəне басқа да 
айыптар тақпайтын, барлығымен бейбітшілік жəне келісім жағдайында өмір сүруші 
мемлекет екендігін танытады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында оның халықаралық саясатының 
негізгі принциптері көрсетілген 8-бапта былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасы 
халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында 
ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-катынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің 
ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, 
қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет