ауыстыруға
болмайтын немесе эссенциалды
амин қышқылдары
деп атайды.
Ауыстыруға болмайтын амин
қышқылдары организмге тек тағаммен
барады. Тағамнын белокты құрамы
балансталған болу керек.
Белоктардың химиялық өзгерісі асқазанда
пепсин ферменті мен тұз
қышқылының
әсерімен басталады. Тұз қышқылы әсерінен белоктар ісінеді
және фермент олардың молекулаларының ішкі зоналарына өтуге мүмкіндік
алады. Пепсин әсерінен белок молекуласындағы кейбір пептидтік байланыстар
(мысалы,
фен-лей
байланысы) ғана үзіледі. Осының нәтижесінде белок
молекуласынан жоғары молекулалы пептидтер, яғни қысқарған белок
молекулалары түзіледі. Жоғары молекулалы пептидтер әрі қарай аш ішектің
әлсіз сілтілік ортасында
трипсин, химотрипсин және пептидазалар
әсерінен
ыдырайды. Осы ферменттердің әсері нәтижесінде жоғары молекулалы
пептидтер
кіші
молекулалы
пептидтерге
және
аздаған
бос
амин
қышқылдарына айналады. Белоктарға аш ішекте әсер ететін ферменттерді
ұйқы безі, аш ішектің кілегейлі қабықшасы бөліп шығарады. Белоктардың ас
қорыту жүйесіндегі өзгерістерін схема арқылы көрсетуте болады (А
қосымшасын қараңыз).
Биурет
әдісімен
белоктың
массалық
бөлігін
анықтау
.
Бұл әдіс биурет реакциясына негізделген белоктардың мөлшерін
анықтаудың спецификалық реакциясы болып табылады, себебі оны
полипептидті байланыстар береді. Бұл реакция өзінің атауын мочевина
туындысы – биуреттен алады. Биурет мыс купоросының сілтілік ерітіндісінде
комплексті қосылыс береді. Бояудың қарқындылығы пептидті байланыстар
санына, демек ерітіндідегі белок концентрациясына пропорционал. Биурет
реакциясын тетрапептидтерден бастап, барлық белоктар, пептондар және
полипептидтер береді. Бұл реакция ұзақ уақыт бойы белокқа сапалық
реакция ретінде қолданылды. Әрі қарай, ол әртүрлі объектілердегі белоктың
мөлшерін анықтау үшін қолданыла бастады.
Биурет әдісі белокты
экстракциялау жағдайларымен, биурет реактивін ендіру тәсілдерімен және
колориметрлеу техникасымен ерекшеленетін әртүрлі модификацияларда
қолданылады.
Биурет әдісі
Әдіс ақуыздардың пептидтік байланыстарының дифференциалды
мыс иондарымен сілтілі ортада күлгін түсте боялған ортасын
құруға негізделген.
Әдістің сезімталдығы: сынамадағы 2-ден 10 мг-ға дейін ақуыз.
Колориметриялық талдау сынақтың ерітіндісімен жарықтың сіңуін
стандартты сериядағы үлгілерді сіңірумен салыстыру арқылы
жүзеге
асырылады.
Стандарт
ретінде
мал
сарысуындағы
альбумин ерітіндісі (BSA) қолданылады.
Ақуыздар үлгісі
Биурет реагенті
Бояуды өңдеу 30 мин
|