12.6 сызба.
Салықты енгізу ұсыным сызығының жоғары және солға ілгерілеуін тудырады, мұның өзі жаңа тепе-теңдікке немесе В нүктесінде шығарылымның Q1деңгейіне дейін қысқаруымен және тепе-теңдік ретінде Р-дан Р1-ға дейін өсуімен сәйкес келетін болады. Төленетін салықтың мөлшері Р1ВСРс тік бұрыш аумағымен сипатталады, оның жоғарғы бөлігі (РА сызығымен бөлінген) тауарды тұтынушылардың табысынан, ал төменгі бөлігі өндірушілердің* табыстарынан шегерілетін шегерім болып саналады.
Өндірушілер мен тұтынушылар арасында салық ауыртпалығын бөлу сұраным мен ұсынымның икемділігіне байланысты болады: икемділік көбірек көлбеу сызықпен, икемсіздік көбірек өспелі сызықпен тұлғаланған. Сұраным икемділігі сату көлемінің (сұранымның) пайыздық өзгеруінің бағаның пайыздық өзгеруіне қатынасы (икемсіз сұраным үшін бұл коэффициент 1-ден кем, икемді сұраным үшін 1-ден көп, сұранымның дара икемділігі кезінде ол 1-ге тең). Ұсыным икемділігі – өнім көлемі өзгеруінің бағаның пайыздық өзгеруіне пайыздық қатынасы (бағаның өсуі ұсынылатын тауарлардың артығырақ көбеюін тудырады, бұл икемді ұсынымды сипаттайды: икемсіздік кезінде бағаның өсуі тауарлар ұсынымына әлдеқайда аз әсер етеді).
Сөйтіп, салық ауыртпалығы мына ережелер бойынша бөлінеді.
Ұсынымның тұрақты жағдайында тауарға деген сұраным икемділігі азырақ болса, тұтынушылар соғұрлым салықтың үлкен бөлігін төлейтін болады және керісінше, сұраным икемділігі көбірек болса, өндірушілер тарапынан соғұрлым көп салықтық төлемдері болады (12.7 – 12.10)
_______________________
*Сызбадағы тұтынушылар мен өндірушілер төлейтін салықтар мөлшерлемелерінің үлестірімі тиісінше сұраным және ұсыным ауытқымалары (бағаның сатылас сызығымен олардың қиылысуына дейін) мен оларды бөлетін алғашқы тепе-теңді бағаның РА деңгейлес сызығы арасында график түрінде орналасқан «тұтынушылар артығы» және «өндірушілер артығы» деп аталатынның болуымен анықталады; бұл қағиданы шекті пайдалылық теориясы қарастырады.
12.7 сызба
12.7. Сұраным икемді, Р0-дан Р1-ға дейін баға аз көтеріледі. Салық ауыртпалығының үлкен бөлігін (ең қажетті заттар емес) өндіруші тартады.
12.8 сызба
12.8. Сұраным икемсіз баға Р-дан Р1-ға шұғыл өседі, салықтың үлкен бөлігі тұтынушыға
(нан, электр энергиясы) түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |