ҚЎлпыбаев с



бет195/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

17.4. Елдің сыртқы борышы


Сыртқы борыш – шетелдік кредиторлар турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы. Елдің сыртқы борышының болуы орынды әлемдік практика болып саналады. Алайда, оның шегі болады, ол шектен мемлекеттік борыштың артуы қауіпті бола бастайды. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың көлемі елдің Ұлттық банкінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пайызынан аспауы тиіс. Сыртқы қарыздарды көптен-көп ауқымда тарту кредитор - елдерге экономикалық және саяси тәуелділікке ұрындыруы мүмкін.
Мемлекеттік борыштың мөлшерін салыстырмалы сипаттау үшін әлемдік практикада Халықаралық қайта құру және даму банкі ұсынған арнаулы көрсеткіштер пайдаланылады (17.1 кесте).


17.1 кесте. Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері






Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері

төмен бе-решек

баяу берешек

Жоғары берешек

1. Жалпы сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы (%-бен, фирмааралық берешекті қоса)

48-ден азырақ

48-80

80-нен жоғары

2. Жалпы сыртқы борыштың тауарлар мен қызметтердің жылдық экспортына қатынасы (%-бен, фирмааралық берешекті қоса).

132-ден азырақ

132-220

220-дан жоғары

3. Жалпы сыртқы борыштың тауарлар мен қызметтердің экспортына қатынасы (%-бен, фирмааралық берешекті шығара отырып).

18-ден азырақ

18-30

30-дан жоғары

4. Сыйақы төлемдерінің тауарлар мен қызметтердің экспортына қатынасы (%)

12-ден азырақ

12-20

20-ден жоғары

Әлемдік практикада мемлекеттік борыштың мөлшерін салыстырмалы сипаттау үшін арнайы көрсеткіш – борышқа қызмет көрсету коэффициенті пайдаланылады. Ол борыштық төлемдердің елдің валюталық түсімдеріне қатынасы ретінде есептеп шығарылады. Мұндай қатынастың қауіпсіз деңгейі 25 пайыз деп саналады. Бірақ, Қазақстан борышының жоспарлы өсіп отырғанын, ал оның экспортының керісінше төмендеп отырғанын ескерсек ахуалдың нашарлауы мүмкін.


Елдің жиынтық сыртқы борышының едәуір бөлігін мемлекет кепілдендірмеген, жекеменшіктік сектордың борышы, соның ішінде фирмааралық берешек алып отыр. Борыштың бұл бөлігі несиелік капиталдың сыртқы рыноктарында экономикалық субъектілердің кредиттік өзара қатынастарының кеңеюімен байланысты. Фирамааралық берешек Қазақстанда жұмыс істеп тұрған еншілес кәсіпорындарға шетелдік бас компаниялар мен фирмалар тарапынан берілген кредиттер бойынша өзара қатынастарды білдіреді. Бұл тәрізді берешекті ел экономикасы мен қаржылары үшін бейтарапты берешек деп санауға болмайды. Жекеменшіктік сектордың сыртқы кредиттері валюта бағамының ұнамсыз ауытқуларын туғызады, монетарлық биліктердің ақшалай-кредиттік саясатының таңдап алынған бағыттарын жүргізуде проблемаларды тереңдете отырып, валюта рыногында қалыптасқан тепе-теңдікті бұзуы мүмкін, ақша айналысының тұрақтылығына әсер етеді. Егер фирмааралық берешек үлкен көлемдерге жетсе немесе пайыздардың жоғары мөлшерлемелерімен ресімделсе, онда шығындарға кіріктіріле отырып, салықтық төлемдердің азаюына соқтыра отырып, салықтық шегерімнің мөлшерін көтеріп жібереді. Және тұтас алғанда кредиттік, лизингтік және соған ұқсас мәмілелерді ресімдеу (әдетте, сырт көріністе) шетелдік субъектілер үшін керекті түсінікте экономикалық қызметтің ақиқатты нәтижелерін бұрмалауға алып келеді.
Сыртқы борыштың болуы жасалынған өнімнің бір бөлігін елден тыс жерге берудің қажеттігін білдіреді. Мемлекеттік борыш бойынша пайыздық төлемдердің тез өсу үрдісі бар. Мұндай төлемақылар болашақ экономикалық дамуды тежейді және реципиент-ел бюджетінің тапшылығын ұлғайтады.
Сыртқы борыштың өсуі сонымен қатар реципиент-елдің халықаралық абройын төмендетеді және ел үкіметінің саясатына халықтың сенімін кетіреді.
Ірі және созылмалы тапшылықтардың және мемлекеттік борыштың болуының келеңсіз зар­даптары микроэкономикалық тұрақтылықтың бұзылуымен бірігеді.
Инвестициялардың «ығыстыру әсерінен» басқа, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша пайыздың жоғары деңгейі шетел капиталын тартады, бірақ қаражаттардың мұндай ағыны сыртқы борыштың өсуін білдіреді. Шетел инвестицияларын отандық бағалы қағаздарға жұмсаудың артықшылығы ұлттық валютаға сұранымды арттырады және халықаралық валюта рыногында оның бағамының өсуін тудырады. Валюта бағамының артуы экспорттың қымбаттауына және импорттың арзандауына жеткізеді, мұның нәтижесінде экспорт қысқарады, ал импорт артады. Сауда балансы теріс сальдоға саяды. Таза экспорт жиынтық сұранымның компоненті болатындықтан, оның қысқаруы немесе теріс сальдосы ұлттық өндіріске тежеушілік ықпал жасайды.
Осыған байланысты мемлекеттің өзінің өкілдікті органы арқылы қаралған үдерістерге бюджет тапшылығы мен мемлекеттік борыштың шегін белгілеу жолымен заңнамалық араласуы бюджет шығыстарының жеке баптары бойынша тыйым салу құқығын белгілеуі мүмкін.
1992 жылы бұрынғы КСРО-дан мұра болып қалған Қазақстанның сыртқы борышы 3,2 миллиард АҚШ долларын құрады. 1993 жылдың аяғында Ресей Федерациясымен бұрынғы КСРО-ның сыртқы борышындағы Қазақстанның үлестік борышы мәселесін реттеген «нөлдік нұсқалы» келісімге қол қойылғаннан кейін және берешектің бір бөлігін мемлекеттік борышқа қайта ресімдегеннен кейін Қазақстанның сыртқы борышы 1.9 миллиард. долларды құрады. Бұл борыш экспорттық мүмкіншілігі бар Қазақстан Республикасы үшін көп емес еді. 1995 жылдың аяғында Халықаралық валюта қорынан сатымды ресурстарды қоса жалпы сыртқы борыш 3,09 миллиард. долларды құрады (шамамен ІЖӨ-нің 19%). 1999 жылдың аяғында жалпы сыртқы борыш ең жоғарғы мөлшерге – 8,0 миллиард долларға жетті (IЖӨ-нің 50,5 %), соның ішінде тура мемлекеттік және Үкімет кепілдендірген сыртқы борыш – 4,0 миллиард доллар, Үкімет кепілдендірген сыртқы борыш – 2,8 миллиард доллар. Ішкі жалпы борыштың жылдық экспортқа қатынасы 115,3%-ды, ал берешекке қызмет ету сомасының экспортқа қатынасы 27,3%-ды, халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы борыш 533,8 долларды құрады. Бұл уақытта сыртқы борыш статистикасында жекеше сектордың борышын, соның ішінде фирмааралық берешекті бөліп көрсету басталды (17.2 кестені қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет