ҚЎлпыбаев с


кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд АҚШ долларында



бет196/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

17.2 кесте. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд АҚШ долларында.






2004 ж

2005 ж

2006 ж

2007 ж

2008 ж

2009 ж.

2010 ж.

Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген борыш

3,1

2,2

3,1

2,1

2,2

3,7

5,1

жиынға %-бен

9,6

5,0

4,2

2,2

2,0

3,0

4,3

Мемлекет кепілдендірмеген борыш

29,6

41,2

70,9

94,8

106,0

109,5

114,1

жиынға %-бен

90,4

95,0

95,8

97,8

98,0

96,7

95,7

Жиыны

32,7

43,4

74,0

96,9

108,1

113,2

119,2

Соның ішінде фирмааралық берешек

16,7

19,2

25,5

30,1

37,0

50,1

53,2

жиынға %-бен

51,0

44,3

34,5

31,0

34,2

44,2

44,7

Дереккөз: Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, Статистика жөніндегі агенттік

Кестеден көрініп тұрғандай, 2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 119,2 миллиард долларды құрады ( 2009 ж. – 113,2 миллиард доллар). Жалпы сыртқы борыштың негізгі өсуі берешек 112 миллиардтан 119 миллиардқа өскен 2010 жылдың төртінші тоқсанында болды. Соның ішінде есепті жылы қысқа мерзімді борыш 12,6 %-ға – 9 миллиард долларға төмендеді, ұзақ мерзімді борыш, керісінше, 7%-ға – 110,2 миллиард доллларға өсті. 2010 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген борыштың үлесі 4,3%-ға немесе 5,1 миллиард долларға өсті ( 2009 жылы тиісінше 3,3 және 3,7). Қазақстаннның банк секторының міндеттемелері 2010 жылы 10 миллиард долларға қысқарып, 20 миллиард доллларды құрады. Фирмааралық берешек жалпы соманың 44 %-ын немесе 53 миллирад 246 миллион долларды құрады, өсім – 3 миллиард долларға жуық.


Сонымен бірге сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері айтарлықтай жақсарды, бұл бірінші кезекте ІЖӨ көлемінің артуымен, сондай-ақ тауарлардың экспорты мен қызметтер көлемінің өсуімен байланысты болып отыр. Мәселен, 2010 жылдың қорытындысы бойынша борыштың ІЖӨ-ге ара қатынасы 81,7%-ға дейін, ал тауар экспорты мен қызметтерге ара қатынасы 179,9%-ға дейін төмендеді, осы уақытта 2009 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіштер тиісінше 98,6 және 234,6 %-ды құраған болатын.
2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өзара талаптарды есепке алмағанда мемлекеттік борыш 2 триллион 39 миллиард, соның ішінде үкіметтік борыш 1 триллион 618 миллиард теңге болды. Үкіметтік борыштың құрылымында ішкі борыш 1 тириллион 289 миллиард теңгені, сыртқы борыш 329 миллиард теңгені құрады.
Сонымен бірге елдің ішкі жалпы борышы бесінші жыл қатарынан әлуеттік қауіптілік (ІЖӨ-нің 80%-ы) болып табылатын сыни деңгейден жоғары болып қалуда бұл аттап өтуге болмайтын белгі. Ел бұған әзір жетпесе, сыртқы борыш аса қауіпті болып саналмайды. Бірақ берешек сомасы бұл планкадан асатын болса, мемлекетте төлем балансымен проблемалар бола бастайды, ал қарыз алушылардың өздері үшін дефолт ықтималдығы артады.
Сөйтіп, Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы боыршының елдің ішкі жалпы өніміне ара қатынасы ( фирмалық берешекті қоса алғанда) 2010 жылдың соңына 81,7 %-ды, фирмааралық берешекті шығарып тастағанда 42,5 %-ды құрады. Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда ( фирмаарлық берешекті шығарып тастағанда ) 4,5 мың долларды құрайды.
Мемлекеттік борыштың болуы мезгілі келген пайыздарды және борыштық міндеттемелерді өтеуді төлеу жөніндегі жыл сайынғы шығындарды қажет етеді, олар мемлекеттік борышты басқару жөніндегі шығындар деп аталады.
Қазақстан Республикасының үкіметтік борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Қаржы министрлігі республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңында көзделген қаражат есебінен Ұлттық банк арқылы, Ұлттық банктің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Ұлттық банк өзінің билігіндегі активтер есебінен, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді ол тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат есебінен Ұлттық банктің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органның қарыздарына қызмет көрсету үшін тартылатын екінші деңгей банктері арқылы жүзеге асырылады.
Барлық мемлекеттік қарыздар Үкімет белгілеген тәртіппен Қаржы министрлігінде тіркеліп, есепке алынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын есепке алу үшін Ұлттық банк пен жергілікті атқарушы органдар келісілген тәртіппен Қаржы министрлігіне өз қарыздарының талаптары, алынуы, оларға қызмет көрсетілуі және өтелуі туралы ақпарат тапсырып отырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің қаражатымен қамтамасыз етілетін үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету, Ұлттық банк өзінің билігіндегі барлық активтермен қамтамасыз етілетін Ұлттық банктің борышын өтеу және оған қызмет көрсету, жергілікті атқарушы орган билігінде тұрған меншік құқығындағы мүлікпен, қаржылық ресурстармен және басқа активтермен қамтамасыз етілетін өз борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді атқарады.
Борыштың негізгі сомасы қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық көлемінде төленген жағдайда мемлекеттік борыш өтелген болып саналады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкінің және жергілікті атқарушы органдарының осындай шарттың (келісімнің) талаптарында, осындай қағаздарды шығару талаптарында көзделген жағдайда, қарыз туралы шарт (келісім) бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын сатып алуға құқығы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет