ҚЎлпыбаев с



бет260/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

22.2 кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен импорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. ақшалай өлш. және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. ақшалай өлш.)



КӨРСЕТКІШТЕР

Бағамдар нұсқалары

1-қалыпты

2-қалыпты

3-қалыпты

1

2

3

4

Бағамдардың арақатынасы (шет.ақшалай өлш.:ұлт.ақшалай өлш.)

1:150

1:140

1:180

Ақшаның бастапқы сомасы (мың ұлт.өлш.)
А. Тіркелген бағамдар

10000







Экспорт










Алынған экспорттық түсім-ақша (мың шет.ақша өлш.)

100

100

100

Белгіленген бағам бойынша қайта саналған экспорттық түсім-ақша (мың ұлт. ақшалай өлш.)

1500

1400

1600

Валюталардың қалыпты бағамының шарттарынан ауытқу (мың ұлт.өлш.)

-



-100



100



Импорт










1. Отандық импорттаушы үшін:










2. Шетелдік валютаға қайта саналған ақшаның сомасы (импорт құны, мың шет. ақшалай өлш.)

66,7



71,4



62,5



Ішкі рыноктағы сатудың көлемі (рыноктық шарттар бойынша мың ұлт. өлш. 1:150)

10000



10710



93,75



1

2

3

4

Валюталардың қалыпты бағамының шарттарынан ауытқу (мың. ұлт. өлш.)

-



710



-625



2. Шетелдік импорттаушы үшін:










Жеткізілім көлемі (мың. шет. өлш.)

100

100

100

Өткізуден алынған табыс (мың. ұлт. өлш.)

1500

1500

15000

Шетелдік валютаға қайта саналған өткізуден алынған табыс (мың. ұлт. өлш.)

100

107,1

93,7

Шетелдік импорттаушы үшін ауытқу (мың. шет. өлш.)

-

7,1

-6,3

Б. Икемді бағамдар










Экспорт










Жеткізілім көлемі (мың. ұлт. өлш.)

10000

10000

10000

Шетел рыноктарында сату (мың. ұлт. өлш.)

66,7

71,4

62,5

Еркін бағам бойынша ұлт. өлш. қайта саналған өткізуден алынған табыс (мың өлт. өлш.)

10000

10000

10000

Импорт










1. Отандық импорттаушы үшін:










Валютаға қайта саналған қаражаттардың сомасы және сатып алу көлемі (мың. шет. өлш.)

66,7



71,4



62,5



Ішкі рыноктағы сатудың көлемі (мың. ұлт. өлш.)

10000

10000

10000

2. Шетелдік импортаушы үшін:










Шетелдік өлшемдегі жеткізілім көлемі (мың. шет. өлш.)

100

100

100

Өткізуден алынған табыс (мың. шет. өлш.)

1500

1400

1600

Валютаға қайта саналған өткізуден алынған түсім-ақша (мың. шет. өлш.)

100

100

100

Импорт кезінде (шетелдік импорттаушы үшін) шетел валютасы бағамының жергілікті валютаға салыстырмалы төмендеуі жергілікті рынокта мүмкіндіктердің кеңейгендігін білдіреді (2-нұсқа) және керісінше, бұл бағамның артуы импортталатын тауарларға бағаның өсуіне байланысты рыноктың тұқырауына ұрындырады (3-нұсқа).


Отандық импорттаушылар үшін бағамдардың ауытқулары шетел тауарларын сатып алу жөніндегі мүмкіндіктерінің өзгеруін білдіреді.
Сөйтіп, валюта бағамы экспорт пен импорттың көлеміне әсер етеді, ол, өз кезегінде, қаржылық құралдар – экспорт мен импортқа салынатын салықтар, кедендік баждар арқылы алынатын және бөлінген қаржылық ресурстардың мөлшеріне және мемлекеттің де, сондай-ақ экспорттық өнімді, та­уарды, қызметтерді өндірушілердің де немесе оларды тұтынушылардың да қаржылық жағдайына ықпал жасайды.
Дағдарыстық ахуалдар кезінде: өндірістің едәуір құлдырауы мен қанағаттанғысыз сұраным тудырған инфляция кезінде сыртқы экономикалық тепе-теңдікті айқындайтын микроэкономикалық үйлесімдер мен қағидаттар бұзылады әрі бұрмаланады. Бұл тұтынушыларды импортқа жалпыға бірдей бағдарлаумен, өскелең импортты жабу үшін экспорттық валюталық түсім-ақшаның жетіспеушілігімен, ұлттық валютаның тұрлаулы валютаға қарағанда бірден құнсыздануымен қосарлана жүреді. Орталық банк валюталық резервтерден айырыла отырып немесе халықаралық қаржы ұйымдарына қолдауды өтіне отырып, өзінің ақша бірлігінің бағамын қолдап отыру үшін валюталық басқыншылықтар жүргізуге мүдделі болады. Дағдарыстың одан әрі дамуы мемлекетті елдің өмірлік тіршілігіне сондай қажет болып отырған импортты да шектеуге мәжбүр етеді, өйткені оны төлеуге ақшасы жоқ. Экономикасы шикізатқа бағдарланып отырған елдерде ұзаққа созылған дағдарыстар экспорттың бірден-бір көзі болып отырған табиғат ресурстарының сарқылуына, экономикалық, тіпті саяси тәуелсіздікті болуы мүмкін жоғалтуға жеткізеді.
Қазіргі жағдайларда әлемдік валюта рыногында түрлі сыныптамалық белгілер бойынша валюта бағамдарының сан алуан түрлері бар:
айырбас валюта бағамдары: спот-бағам, форвард, кросс-бағам;
есеп айырысу валюта бағамдары: атаулы валюта бағамы, атаулы тиімді валюта бағамы, нақты тиімді валюта бағамы;
будандық валюта бағамы: валюта дәлізі, басқарылатын құбылым, нысаналы аймақтар, сырғымалы беркіту (фиксация), оңтайлы валюталық кеңістік.
Валюта бағамының мүмкін оңтайлы нұсқасы реттемелі құбылым режімі болып табылады.
Импорт пен экспортты құндық реттеу сауда мәмілелері қатысушыларына импорттық және экспорттық субсидиялар беру арқылы жүзеге асырыла алады. Халықаралық заңнамамен тура экспорттық субсидияларға тыйым салынатындықтан жасырын субсидиялар (жеңілдікті несиелендіру, бастапқы шикізаттың, материалдардың, энергетикалық ресурстардың бағаларын кеміту, фрахтты қаражаттау) берілуі мүмкін.
Әдеттегідей, мемлекет дайын өнім экспорты мен шикі зат импорты үшін жеңілдіктердің бүкіл арсеналын пайдаланады және шикі заттың экспорты және дайын өнімнің импорты кезінде қандай бір жеңілдіктерді жоққа шығарады, мұның өзі ұлттық өндірісті қорғау үшін маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет