ҚЎлпыбаев с



бет160/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

14.6. Бюджет тапшылығы және
оның тұжырымдамалары
Бюджет тапшылығы инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының шешуші проблемалары бола бастайды.
Бюджет тапшылығы сөз жоқ, инфляция, дағдарыс, жұмыссыздық сияқты «жағымсыз экономикалық категориялар» деп аталатындарға жатады, алайда олар экономикалық жүйенің ажырағысыз элементтері болып табылады.
Бюджетті әзірлеу кезінде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының балансына – тепе-теңдігіне жету болып табылады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс.
Жалпы түсінікте кірістердің шығыстардан асып түсуі бюджет артығын – профицитті, ал шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын құрайды.
Қазақстанда, Бюджеттік кодекске сәйкес, бұл ұғымдарға нақтыланған түсінік берілген: бекітілген, нақтыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасынан шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең. Теріс белгімен алынған шама республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы, оң белгімен алынған шама – профициті болып табылады.
Қарыздарды өтеуді қоспағанда, республикалық бюджет шығыстарын шегергендегі республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті), қарыздық түсімдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры трансферттерінің түсімдерін есептемегенде, республикалық бюджеттік түсімдердің сомасына тең.
Мұнайға қатысты емес тапшылық бекітілмейді және талдамалық мақсат­тар­да пайдаланылады. Бюджет шығыстарының мұнайлық емес түсімдерден тәуелді­лігін төмендету үшін экономиканың мұнайлық емес секторын нысаналы дамыту есе­бінен мұнайға қатысты емес тапшылық мөлшері ұзақ мерзімді кезеңде кеміті­луге тиіс.
Бесжылдық кезеңде республикалық бюджеттің тапшылығы кепілдік беріл­ген трансферт мөлшерін алып тастап, Ұлттық қорға түсетін жалпы түсімдер ретін­де есептелетін Ұлттық қордың орташа жылдық өсімінен аспауға тиіс.
Профициттің сомасы мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе республикалық және жергілікті бюджеттердегі қаражаттардың бос қалдықтарын құрауы мүмкін.
Уақытша бос бюджеттік ақша – белгілі бір уақыт кезең ішінде пайдаланылмаған, бірыңғай қазынашылық шотта жатқан бюджеттік қаражаттар.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджеттік ақшасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Ұлттық банктегі депозиттерге орналастыра алады. Уақытша бос бюджеттік ақшаны депозитке орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды. Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін бейнелеп көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:
1) елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
3) айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
5) әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
6) «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;
7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.
Қазақстанда ақша эмиссиясы есебінен бюджет тапшылығын жабуға болмайды. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар болып табылады:
мемлекеттік қарыздар шығару;
кредиттік ресурстарды пайдалану.
Тапшылықты азайту немесе оны жою мақсатымен секвестр – ағымдағы қар­жы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша (қорғаландарынан басқа) белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді қысқарту пайдаланылады. Қорғалған баптардың құрамын республика Парламенті мен биліктің жергілікті органдары анықтайды.
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:
1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
2) кірістер тұрақты, шығыстар азаяды;
3) кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ төмендейді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет