ҚЎлпыбаев с



бет44/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

3.4. Қаржыны басқарудың
автоматтандырылған жүйесі

Қазіргі уақытта қаржыны басқаруды жетілдіру – бұл үдерісте автомат­тандырылған жүйелерді жасап, оларды қаржыны басқаруға ендіру мен үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр. Экономикалық-математикалық әдістер мен электронды-есептеу техникасына негізделген басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ) қаржыны жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі деп қаржыны, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік жасайтын есептеу және ұйымдық техниканың, байланыс құралдарының әкімшілік, экономикалық, математикалық әдістерінің жиынтығын атайды. Ол есепке алу, жоспарлау және ұлттық шаруашылықты басқару үшін ақпаратты жинау мен өңдеудің жалпы мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің қосалқы жүйесі ретінде көрінеді.


Қаржыны басқаруда қаржылық есеп-қисаптардың автоматтандырылған жүйесі (ҚЕАЖ) қолданылады. Ол өзара байланысты, бірлесіп іс-әрекет ететін функциялық, қамтамасыз етуші, технологиялық қосалқы жүйелерден тұрады.
Ұйымдық тұрғыдан ҚЕАЖ дегеніміз бір-бірімен өзара байланысты мына қосалқы жүйелердің жиынтығы: ұйымдық-экономикалық қамтамасыз ету; ақпараттық қамтамасыз ету; бағдарламалық қамтамасыз ету; техникалық қамтамасыз ету; ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету; технологиялық қамтамасыз ету; кадрлық қамтамасыз ету.
ҚЕАЖ-дың құрамына қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы әзірлейтін мынадай біріктірілген ақпараттық жүйелер (БАЖ) кіреді:
«Республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру» БАЖ-ы;
«Жергілікті бюджеттің жобасын қалыптастыру» БАЖ-ы;
«Нормативтік-анықтама ақпарат деректерінің базасы» БАЖ-ы;
«Қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және нақтылау» БАЖ-ы;
«Бюджеттік үдерістің мониторингі» БАЖ-ы;
«Мемлекеттің талаптары мен міндеттерін басқару» БАЖ-ы;
«Қаржылық бақылау комитеті» БАЖ-ы.
Жоғарыда аталған жүйелер Қазынашылық комитетінің, Салық комитетінің, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің, Ұлттық банктің, Статистика жөніндегі агенттіктің және басқаларының ақпараттық жүйелерімен тығыз түйіндес болады.
Қаржылық есеп-қисаптардың автоматтандырылған жүйесі мына мемлекеттік органдарды қамтиды:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (орталық аппарат);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (орталық аппарат және аумақтық органдар);
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері (ББӘ);
Мемлекеттік мекемелер (ММ);
Жергілікті қаржы органдары;
Ақпараттық жүйелерді әзірлеумен және қаржылық қызмет саласында ақпараттық-есептеу қызметтерін көрсетумен Ақпараттық қаржы жүйелерінің орталығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын – Қаржы министрлігінің АҚЖО РМК айналысады.
Предметі мен қызмет мақсатына сәйкес АҚЖО РМК-нің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Қаржы министрлігінің бөлімшелеріне және басқа ұйымдарға ақпараттық есептеу қызметтерін көрсету; министрлік бекіткен жоспарларға сәйкес қазіргі технологиялар мен бағдарламалық құралдарды әзірлеу және енгізу;
мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, мемлекеттің үлестік қатысуы бар шаруашылық серіктестіктері бойынша реестр иесінің функцияларын жүргізу;
министрліктің жоспарларына сәйкес министрліктің бөлімшелерін есептеу, коммуникациялық техника және оргтехника құралдарымен қамтамасыз ету;
ақпараттық технологияларды енгізу жайында мемлекеттік мекемелер бойынша үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға қатысу.
Біріктірілген ақпараттық жүйелердің сипаттамасына қысқаша тоқталайық.
«Республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру» біріктірілген ақпараттық жүйесі (РБЖҚБАЖ-ы) келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру үдерісінің төрт негізгі стадияларын автоматтандыруға және үш жылдық кезеңге жобалық көрсеткіштерді анықтауға арналған.
РБЖҚБАЖ-ы бюджет жобасын қалыптастыру стадияларының жүйелілігі мен функциялылығының қағидаттары бойынша бөлінген алты қосалқы жүйелерден тұрады:
«Бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін анықтау» қосалқы жүйесі;
«ББӘ бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру» қосалқы жүйесі;
«Бюджеттің кіріс бөлігінің жобасын қалыптастыру» қосалқы жүйесі;
«Бюджеттің шығыс бөлігінің жобасын қалыптастыру» қосалқы жүйесі;
«Бюджет жобасын қалыптастыру және шешімдер қабылдау» қосалқы жүйесі;
«Әкімшілік ету» қосалқы жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет