ҚЎлпыбаев с


Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі –



бет287/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі – жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы жарналар есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімшартта белгіленетін төлем­нің мөлшері.
Ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы – ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімшартқа сəйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңи тұлға.
Ерікті кəсіптік зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін кəсіптер тізбесі бойынша жұм­ыскерлердің пайдасына Қазақстан Рес­публикасы заңнамасында жəне ерікті кəсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келі­сімшартта белгіленген тəртіппен салым­шылардың өз бастамасымен жинақ­таушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы.
Ерікті кəсіптік зейнетақы жарна­ларының салымшысы – ерікті кəсіп тік зейнетақы жарналары есебінен зей­нет­ақымен қамсыздандыру туралы келісімшартқа сəйкес өзінің жеке қаражаты есебінен жұмыскердің пайдасына ерікті кəсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңи тұлға.
Еркін экономикалық аймақ – шетелдік жəне ұлттық кəсіпкерлер үшін ерекше жеңілдікті экономикалық жағдай қол­данылатын ерікті экономикалық аймақ.
Есептеме әдісі – операциялар мен оқиғалар орын алған есепті кезеңдегі (ақшалай қаражаты мен олардың бала­маларының нақты түсімі мен төлеміне байланысты емес) оларды жасау фактісі бойынша танылатын бухгалтерлік есеп әдісі.
Есепті қаржы жылы – жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының ал­дындағы жыл.
Ж
Жалгерлік ақы – жалгерлік тəртібімен берілген мүлік үшін заттай, ақша не аралас нысандарда төленетін ақы.
Жалған кəсіпорын – Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес кұрылуы жəне (немесе) оған басшылық етілуі соттың заңды күшіне енген үкімімен не қаулысымен жалған кəсіпкерлік деп танылған жеке кəсіпкерлік субъекті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет