ҚЎлпыбаев с


Зейнетақы активтерін инвести циялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым –



бет290/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Зейнетақы активтерін инвести циялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым – жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңи тұлға.
Зейнетақы төлемдері: Орталықтан – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар жеке адамдарға еңбек өтіліне тепе-тең түрде жүзеге асырылатын ақшалай қаражаттарды төлеу; Жинақтаушы зейнетақы қорларынан – алушыларға жинақталған зейнетақы қаражаттарын төлеу.
Зейнетақы төлемдерін алушы – Орта­лықтан зейнетақы төлемдері тағай­ын­далған жəне (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке адам.
Зейнетақылық аннуитет келісімшарты – сақтандыру келісімшарты, оған сəйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтық ұйымына жинақталған зейнетақы қаражаттарының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтық ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойына немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтық төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімшарт – бір тараптан жинақтаушы зейнетақы қоры жəне екінші тараптан салымшы жəне (немесе) алушы жасасатын зейнетақы жарналарымен, жинақталған зейнетақы қаражатымен жəне төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімшарт.
И
Инвестициялар – лизинг келісімшартын жасаған кезден бастап лизингтік заттарды сондай-ақ, оларға құқықтарды қосаалғанда, заңи тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кəсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту.
Инвестициялық алтын – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен аккредиттелген, сəйкестікті растау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы берген, мұндай алтынның ұлттық немесе халықаралық сапа стандартына сəйкестігін растау жөніндегі сертификаты немесе өзге де құжаты бар, қойылатын талаптарға сəйкес келетін алтын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет