ҚЎлпыбаев с


Шаруашылық жүргізуші субъектілердің



бет80/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

8.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің
өндірістік қорлары (капиталдары)

Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндіріс­тік капиталдарды – негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байла­нысты болады. Өндірістік капиталдардың бұлай бөлінуі олардың айналымының сипатымен және дайын өнімді жасаудағы қатысуының нысанымен байланысты.


Кәсіпорындарда өндірістік құрал-жабдықтар өндіріс үдерісінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Рыноктық экономика жағдайларында өндірістік құрал-жабдықтардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек құралдарын сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіруді жүзеге асыратын арнайы мақсатты ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық айналымы болып отырады. Бұған өндірістің натуралдық-заттай элементтерін – еңбек құралдары мен еңбек заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың орнын тол­тыру үшін қаржылық ресурстарды авансылау жолымен жетеді. Еңбек құралдары мен еңбек заттарынан тұратын, құндық нысанда көрінетін өндіріс құрал-жабдық­тары негізгі және айналым капиталдары болып табылады.
Қазіргі жағдайда ұзақ пайдалану айналымынан тыс активтердің жаңа түрлерінің бірі – материалдық емес активтер. Материалдық емес активтер – жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) кезең ішінде пайдаланылатын материалдық емес объектілер. Олардың кәсіпорын активтерінің құрамында пайда болуы рыноктық қатынастарға көшуге, шаруашылықты жүргізудің әлемдік практикасына жақындастыру қажеттігіне байланысты болып отыр.
Негізгі өндірістік капиталдар мен материалдық емес активтер өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы қатысады және өзінің құнын біртіндеп, бөліп-бөліп тозығына қарай жаңа өнімнің құнына көшіреді. Көшу үдерісін амортизация, көшірілген құнның үлесін амортизациялық норма, ал бұл үлестің ақшалай көрінісін амортизациялық аударымдар деп атайды.
Амортизациялық аударымдар өндіріс шығындарына кіріктіріледі және өнімді өткізуден түсетін табыстан (түсім-ақшадан) қалыптасады. Негізгі қорлардың қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін амортизациялық аударымдардың жинақтал­ған сомасы сан жағынан қорлардың өздерінің құнына тең болады; бұл қаражаттар негізгі капиталдардың тозу және істен шығу мезетіне дейін, яғни толық айналымы аяқталғанға дейін оларды сатып алуға пайдаланылуы мүмкін және негізгі капиталдарды қаржыландыру көздерінің бірі болып қызмет етеді. Негізгі капиталдар амортизациясының нормалары кәсіпорын қызметінің экономикалық жағдайла­рына қарай ажыратылуы мүмкін: олар пайдаланудың барлық мерзімі ішіндегі не­гізгі капиталдардың баланстық (бастапқы) құнына біркелкі үлестер түрінде (желілік әдіс); амортизациялық кезеңінің басында неғұрлым жоғары үлестер (региссиялық әдіс) белгіленуі мүмкін. Қазақстан Республикасы салық заңнамасында тіркелген активтердің (негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің) ішкі топтарының құндық балансына есептеу және амортизация нормалары белгіленген. Шаруашылық жүргізу практикасында сонымен бірге өндірісте техникалық прогресті ынталандыру үшін жеделдетілген амортизациялық әдіс пайдаланылады. Амортизацияны есептеу әдісі өнімді өндіру мен оны өткізуге жұмсалатын шығындардың мөлшері арқылы және осыған сәйкес кәсіпорынның табысы (пайдасы) арқылы кәсіпорындар қызметінің нәтижелеріне әсер етеді; бұл салықтарды өндіріп алу және кәсіпорындардың қарамағында қалдырылатын табысты пайдалану кезінде бөлгіштік үдерістерде бейнеленеді.
Айналым қорлары айналым өндірістік қорлары мен айналыс қорларын кіріктіреді, олар әр түрлі сфераларға – өндіріске және айналысқа қатыстылығына қарай ажыратылады.
Айналым өндірістік қорлары да өндірістің әр түрлі жақтарын көрсетеді. Олардың бір бөлігі – өндірістік босалқы қорлар еңбек заттарының (предметтерінің) құнын (шикізаттың, сатымдық шала фабрикаттардың, негізгі және қосалқы материалдардың, отынның, ыдыстың, босалқы бөлшектердің), сондай-ақ белгіленген ең аз немесе шектік мөлшерлердің шектерінде еңбек құралдарының бір бөлігін де (арзан бағалы және тез тозғыш заттар) кіріктіреді. Басқа бөлігі – аяқталмаған өндіріс ұқсату, өнімді жасау үдерісіне тартылған заттардың құнын сипаттайды. Үшінші бөлік – болашақ кезеңдердің шығыстары – ағымдағы кезеңде өндірілетін, бірақ кейінгі кезеңдерде өнімнің өзіндік құны есебінен өтелетін заттар.
Айналыс қорлары айналыс сферасымен байланысты; оларға қоймалардағы дайын өнім мен тұтынушыларға жөнелтілген өнім, кассадағы және банктерде шоттардағы ақшалай қаражаттар, есеп-қисаптардағы қаражаттар, дебиторлық берешек жатады. Айналыс қорлары өндіріс пен айналысты қауыштырады.
Екі элементте – айналым өндірістік қорлары мен айналыс қорлары құндық нысандардың: ақшалай, тауар, өндірістік, үстелінген тауар, үстелінген ақшалай нысандардың дәйекті ауысымдары жолымен қаражаттардың тұрақты, үздіксіз толық айналымын қамтамасыз етеді.
Айналым өндірістік қорлары мен айналыс қорларына авансыланған ақшалай қаражаттар шаруашылық жүргізуші субъектінің айналым қаражаттары ретінде болады. Айналым қаражаттарының құрамы, құрылымы өндірістің әр түрлі тұрпаттары мен түрлері кезінде айтарлықтай ажыратылады. Мәселен өндірістік-шаруашылықтық қызметі ұқсатуға арналған материалдық компоненттердің жеткізілімдеріне байланысты болатын шаруашылық жүргізуші субъектілерде, машина жасауда, жеңіл өнеркәсіпте көлік және кепілді босалқы қорларды кіріктіретін өндірістік босалқы қорларының үлес салмағы жоғары болады; бұл салаларға ай­налым қаражаттарында аяқталмаған өндірістің жоғары үлес салмағы сипатты болады; бұл құрылыс саласы, ауыл шаруашылығы үшін де сипатты; саудада айна­лыс қорларының үлесі айтарлықтай. Айналым қаражаттарының жекелеген элемент­тері айналымының әр түрлі жылдамдығы болатындықтан айналым қаражаттары­ның құрамы мен құрылымының факторлары олардың жалпы мөлшерінде және сонымен бірге қаржыландыру мүмкіндіктерінде бейнеленеді.
Айналым қаражаттары авансыланған ақшалай шығындардың орнын толтыру өнімді, тауарларды және қызметтерді өткізгеннен кейін және шаруашылық жүргізуші субъектілердің шоттарына түсім-ақша түскеннен кейін жүзеге асырылады, мұның өзі келесі толық айналымға еңбек заттарының кезекті үлестерін сатып алуға жағдай жасайды.
Өндірістік қорлардың толық айналымының жоғарыда баяндалған үдерістері жұмыс істеп тұрған субъектілер үшін сипатты болады.
Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерде негізгі және айналым капиталдарының орны өнімді (қызметтерді) сатқаннан кейін және тиісті табыс түскеннен кейін толтырылады. Бұл табыстан амортизациялық аударымдар нысанында тозған негізгі капиталдардың орнын толтыру үшін қаражаттар қалыптастырылады, ал өнімді өткізуден алынған табыстың басқа бөлігі айналым капиталдарының құрамына кіретін тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға бағытталады. Жаңа шаруашылық жүргізуші субъектілерді құру немесе оларды кеңейту кезінде қаражаттардың едәуір бөлігі құрылтайшылардың жарналары, акцияларды сатудан түскен қаржылық қаражаттарды тарту есебінен қалыптасады; мемлекеттік кәсіпорындар үшін – бұл бюджеттік және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары. Қаражаттардың бір бөлігі басқарудың жоғарғы буындарының – бірлестіктің, ассоцияцияның, министрліктердің, ведомстволардың орталықтандырылған қаржылық ресурстары есебінен авансылануы мүмкін. Соңғы уақытта қаржыландырудың көзі ретінде шетелдік инвесторлардың қаражаттары кеңінен пайдаланылып келеді.
Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірістік капиталдардың өсімін қаржыландырудың маңызды көзі олардың кәсіпорынның қарамағында қалдырылатын және тікелей осы мақсатқа бағытталатын, сондай-ақ қаржылық нысандар – қаржылық резерв, басқа инвестициялық қорлар арқылы жұмсалынатын таза пайда болып табылады. Осы мақсатқа сонымен бірге банк кредиттері, негізгі капиталдарды қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді, айналым капиталдарын қаржыландыру үшін қысқа мерзімді кредиттер пайдаланылады. Өндірістік капиталдарды көбейтудің көзі бұдан басқа, айналымнан тыс активтердің (негізгі капиталдың) қайта инвестицияланатын бөлігі, айналым активтерінің шашыратылатын бөлігі, кредиторлық берешек, борышқорлық бағалы қағаздардың (облигациялардың) эмиссиясы, лизинг болып табылады. Лизинг Қазақстанда кеңінен дамып келеді, ал әлемдік экономикада барынша дамып отыр, мәселен, АҚШ-ты өндірістік инвестицияларда оның үлесі 25%-ға жуығын, Батыс Еуропа елдерінде 16%-ға жуығын құрайды. Қазақстан заңнамасында қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің түрі деп айқындалған, бұл қызмет кезінде лизинг беруші негізгі құралдарды лизинг алушының меншігіне беру және (немесе) тіркелген бағамен сатып алу жөнінде құқық беру. Сөйтіп, өндірістік капиталдарды жасау мен оның өсімін қаржыландырудың көздерін меншікті, тартылған және қарыздық қаражаттарға топтастыруға болады. Айналым қаражаттарының аса маңызды құрамды бөлігі меншікті айналым қаражаттары болып табылады, өйткені олардың болуы, сақталымдылығы, басқа қаражаттармен ара салмағы нақтылы рыноктағы кәсіпорынның қаржылық орнықтылығының дәрежесін анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет