Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешен


Қазақстан біртұтас соғыс лагерінің құрамдас бөлігі (маусым 1941-1942)



бет41/46
Дата07.02.2022
өлшемі468 Kb.
#85986
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
1234c775-3198-11e3-8846-f6d299da70eeУМКД ул-азаттық 26.09.11 New
Nurgalieva A K, 1234c775-3198-11e3-8846-f6d299da70eeУМКД ул-азаттық 26.09.11 New
Қазақстан біртұтас соғыс лагерінің құрамдас бөлігі (маусым 1941-1942)
Қазақстан еңбекшілері де, көп ұлтты совет халқымен бірге «Бәрі майдан үшін! Бәрі де жеңісүшін!» дейтін ұранмен майданға аттанды. Сөйтіп, совет халқы агрессормен соғысушы халыққа айналды. Сын сағаты соққан сәтте Совет Қарулы Күштерінің қатарына 20 млн-нан астам адам алынды. Совет Армиясы жауынгерлерінің негізін орыс халқының өкілдері қалады. Олармен жауынгерлік бір сапта 4,5 млн украиндер, 1 млн белорустар, 3 млнға жуық Қазақстан мен Одақтас Орта Азия республикаларының ұл-қыздары болды. Совет Армиясы қатарына тек Қазақстаннан ғана 1 млн 200 мың адам шақырылды. 1941-1942 жылдары 80-нен астам дивизия мен бригада Азербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Эстония, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан шақырылған адамдардан жасақталды. Қазақстандықтар құрамының үштен екісі және республикалық комсомол ұйымының 250 мың ВЛКСМ мүшесі Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ұрысқа қатысты.
1942 жыл – Ұлы Отан соғысы шежіресінде алар орны ерекше жыл. Халық шаруашылығы Отан соғысының талабына сай құрылып, қалыптасқан соғыс экономикасы майдан мұқтажын өтеуге жұмылдырылды. Күш-қуаты еселеп өсе түскен совет тылының құрамды бөлігі Қазақстан да сан алуан таибиғат байлығын, халқының патриоттық жігерін майданға, жеңіс жолына сарп етті. Бұл жылы республикаға еліміздің Батыс облыстарынан көшіріліп әкелінген кәсіпорындар қалпына келтірілді. Жаңадан салынған 25 рудник пен шахта, 11 кен байыту фабрикасы, 430 мұнай құбыры іске қосылды. Ақтөбе ферросплав, Қарағанды металлургия заводы, Үлкен Пешной –Ширина –Гурьев-Орск мұнай құбыры құрылысы жедел жүргізілді. Ақмола – Қарталы темір жол іске қосылды. Қарағанды көміршілері, Ембі мұнайшылары, Балқаштың, Лениногордың және Шымкенттің металлургтары, Қоңырат пен Ащысайдың кеншілері, Қазақстан еңбекшілері сталинградтықтарға қолдарынан келген көмектерін аяған жоқ. Республикада жасақталған әрбір үшінші әскери құрама қаһарман қаланы қорғады. Еңбекшілердің қатысуымен 6 қорғаныс шебі, көптеген әскери аэродромдар салынды, Батыс облыстарда 20-дан астам эвакогоспитальдар, 120 әскери құрама, оларды жабдықтайтын көмекші бөлімдер орналасты. Танк, самолет, зеңбірек сияқты соғыс техникаларын жөндейтін базалар іске қосылды. Ембі мұнайынан алынған жанар май толтырылған самолеттер жауды бомбалады. Каспий мен Аралдан балықшылары еңбек өнімділігін арттыра түсті. Өнімді арттыру мақсатында Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қарағанды көмір бассейніне, Ембіге, Балқаш мыс заводына үлкен көмек көрсетті. 1942 жылы Қазақстанның Батыс аудандарының өміріндегі ерекше жыл еді. Сталинградтан басталған соғыс өрті онымен 500 шақырымдай шекаралас Гурьев, Батыс Қазақстан облыстарын шарпыды. Рязань- Урал темір жолының Жәнібек, Сайқын- Шонай станцияларына да соғыс қаупі төнді. 1942 жылы 1 қыркүйекте Гурьевте облыстық Соғыс Қорғаныс Комитеті құрылды. Осы жылы 15 қыркүйекте облыс соғыс жағдайында деп жарияланды. 1942 жылы 16 қарашада Сталинград соғыс Советі Орал қаласын майдан аймағына кіргізді. Ол әуе қорғанысы пунктіне айналды. Міне, осылай республиканың батысы Сталинград майданының ең жақын ьылы болды, ал кейбір аудандары соғыс шебіне айналды. Соғыс темір жолшыларға ауыр салмақ түсірді. Батыстан лек-легімен көшкен совет семьяларын, өнеркәсіп жабдықтарын толассыз тасу керек болды. Сонымен қатар майдандағы әскери эшелондарды, қару-жарақ, азық-түлік, шикізаттарды өнеркәсіп орталықтарына кідіріссіз жеткізу міндеті алға қойылды. Көптеген маман паровоз машинистері майданға кетті. Тылда қалған темір жолшылар еліміздің атақты машинисі Николай Луниннің жұмыс әдісіне көшті. Мыңдаған машинистер мен олардың көмекшілері, кочегарлар паравоздарды жөндеуге тұрғызбастан 100 мың шақырым жол жүруді міндеттеріне алды.
Жамбыл депосының машинисі Сыздық Өтеповтың бастамасы бойынша ауыр составтарды бір паравозбен жүргізу әдетке айналды. Қазақстан темір жолшылары соғыс қажетіне сай жұмысты қайта құрып, ерлік еңбектің үлгілерін көрсетті. Түрксіб темір жол бойынша шаруашылық жүктерін тасу 1942 жылы өткен жылмен салыстырғанда 1,4 млн тонна көп жеткізді. Орал теміржолшылары Сталинград түбіндегі шайқас кезінде тәулігіне 18-19 жұп поезд өткізді. Республикада ет, сүт, май, жүн т.б да өнімдер өндіру молайтылды.Тек 1942 жылды 1941 жылмен салыстырғанда ет және сүт өнімдері 4 млн пұтқа артты. Мал санын көбейтіп, одан алынатын өнімдерді арттырудағы еңбек жоғары бағаланып, республика Мемлекет Қорғаныс Комитетінің Ауыспалы Қызыл туына ие болды. «Жауды қиратып, жеңіске жетеміз!» - деген бүкіл халықтық ұран еңбекшілердің күнделікті қайтпас жігерінен, қаһармандық ерлігінен көрініп отырды. Халық жанын да, малын да, жүрегінен шыққан жалын патриоттық сөзін де Отан қорғауға бағыштады. Байтақ еліміз осылай соғыс лагеріне айналды. Қазақстан да берік қамалдың бірі болды. Жауға аттанған халық қаһары мен тылдағы еңбек серпіні міне осылайша ұштасып жатты. Отан әмірі, партия ұраны, халықтың игі тілегі мен қажырлы еңбегі жеңіс арнасына құйылып жатты. Қысылтаяң кезеңде майдан мен тыл берік қамалға айналды. Экономика саласында Жеңіс программасы совет қоғамының жоспарлы артықшылығына, саяси моральдық бірлігіне сүйеніп, барлық материалдық, адам ресурстары соғысқа байланысты қайта құрылып, бір жүйеге түскен соғыс экономикасы жасалынды. Шығыс аудандардың, соның ішінде Қазақстанның дамуы тездетілді, экономикалық күш-қуаты арттырылды. ҚазССР-і өнеркәсібінің дамуына 1941-1945 жылы 3,6 млрд сом қаражат жұмсалды, бұл соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда өндірістік қор 2 есеге жуық өсті деген сөз. Отан қорғау мақсатындағы көптеген өнеркәсіп орындары екпінді қарқынмен салынды. Соғыс жылдары көмір қазу көлемі 1,7 есе, электр энергиясын өндіру 2 есе артты. Одақ бойынша қорытылған мыс, марганец т.б түсті металдар өндірудің едәуір бөлігі Қазақстан еншісіне тиді. «Кез келген қаруда, кез келген жауынгерлік машинада – танк пен сүңгуір қайықта, самолет пен эсимецте Қазақстан металы болды. Майданды біздің мұнайымыз да жабдықтап тұрды. Қазақстандық конвейерден жауынгерлік техниканың, қару-жарақ пен оқ-дәрінің алуан түрлері шығарылды. Біздің қуатты тылымыздың дәл соққыларының күшін жау бірден –ақ сезді».
Соғыс жылында ҚазССР-і еліміздің шикізат және азық-түлік базасының бірі болды. Мысалы, малшылар соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда етті 4 есе көп тапсырды. Республикада соғыс барысында мемлекетке 360 млн пұтқа жуық астық, 175 мың тонна көкөніс, 240 мың тоннадан астам картоп, 1 млн 142 мың тонна сүт тапсырды. Мақташылар мен тоқымашылар 7 млн жауынгерді толық киіндіруге жететін мөлшерде мақта өсіріп, мата тоқыды. Совет халқының сарқылмас күш-жігерінен творчестволық нәр алған коммунистер «Екі, үш адам үшін де еңбек етейік!» дейтін ұран тастады. Шымкент қорғасын заводындағы 200 жұмысшының майдандық бригада, смена атағын жеңіп алу жолындағы инициативалары игі бастамаға негіз болды. Еңбекшілердің социалистік жарысы жаңа сипат алды. Мұндай серпілісті еңбекшілер «Майдан вахтасы» деп атады. 1942 жылдың көктемінде тыл қаһармандарының қажырлы еңбектері Бүкіл одақтық социалистік жарысқа ұласты. Мысалы, Лениногор кеншісі, коммунист Г.Хайдан 1 сменада революциядан бұрынғы Риддердің барлық рудниктері беретін кен өндірді.Жезқазғандық атақты кенші, ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты Ахметқали Сафин 1,5 айдың нормасын орындады. 1941 жылдың аяғында тек қана Петропавл қаласында 2 норма орындаушы жастар саны 5000-нан асты.Соғыстың алғашқы жылында букіл одақтық социалистік жарысқа қосылған Құлсары мұңайшылары, Балқаштың мыс қортушылары Жезқазған мен Успен мыс рудниктері,Петропавл ет комбинаты,Алматы темекі фабрикасы Отан қорғау Комитетінің ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды. Кең байтақ Отанымыз құрыштай берік соғыс лагеріне осылайша айналды. Көлемі мен алатын орны жағынан Қазақстан осы лагерьдің маңызы күшті арсеналының бірі болды. Ол көмірдің, мұнайдың, түсті және сирек кездесетін металдардың қоймасына, маржандай астықтың, күріштің, алтын мақтаның, биязы жүн мен семіз еттің, сары майдың сарқылмас қазынасына айналды. Сын сағаты соққан кездегі еңбек вахтасының көш бастаушылары, социалистік құрылыстың ардагерлері – Шығанақ Берсиев, Ыбырай Жақаев, Зағи Абақова, Прасковья Ангелина, Салиха Оңғарбаева, Түсіп Күзембаев, Рамазан Есқараев, Александр Орлов болды. Еліміздің соғыс барысындағы күш-қуатын арттыруға Қазақстан жұмысшы табының жас толқыны да білек сыбана араласты.
Қонаев Д.А Таңдамалы сөздер мен мақалалар. Алма-Ата, 1978, 318-бет.
Бұл жылдарда Қазақстан фашистік жауыздар баспанасын өртеген және талқандаған миллиондаған совет адамдарының туған үйіне айналды. «Бізді бейне бір аға-інісі және апа-қарындастарындай қабылдады»,- деп сол бір қиын-қыстау кезді есіне алды П.Н. Ангелина. «Тың» кітабында Л.И.Брежнев өз семьясына қамқоршы болып, баспанасын бөліскен «мейірбанды қазақ семьясына рахмет айтып», алғысқа толы көңіл қошын білдірді. Украинаның, Москва мен Ленинрадтың т.б қалалардың өндіріс орындарынан келген 50 мыңнан астам жұмысшы Қазақстан өндірісін тыл қамалына айналдыруға ат салысты. Уралдың, сібірдің, Орталық Россияның қорғаныс кәсіпорындарында қазақстандық 200 мың жұмысшы кәсіби шеберліктерін ұштап, интернацинализм мектебінен өтті. Қазақстан Орел, Калининград, Москва облыстарына, Ленинград пен Донбасстың көптеген аудандарына, қалаларына қамқорлық көмек көрсетті. 1943 жылдың 6 ақпандағы «Правда» газеті бас мақаласында атап көрсетілгендей: «Қазақстан өз жерінің барлық байлығымен, өз тауларының асыл қазыналарымен майданды қуатты діңгектей тіреп тұрды». Совет халқы Ұлы Отан соғысында жеңіске жетіп, Октябрьдің жемістерін қорғап қалды. Ленин партиясы ғажайып жеңістің стратегі болды. Осы кезеңде Қазақстан Коммунистік партиясы өсіп, идеялық жағынан шыңдалды, ұйымдық жағынан нығайып, партиямыздың Орталық Комитетінің төңірегіне бұрынғыдан да топтаса түсті.
Соғыс жылдарында оның қатары 130 мың адаммен толықты. СССР-дің фашизмді талқандауы совет халқының моральдық – саяси бірлігінің, социалистік интернационализм принциптерінің жеңісі. Бұл адамзат алдынан тарихи процестің тағы бір көкжиегін ашты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет