«Ұлт мақтанышы-Әлихан Бөкейханов» Дайындаған



бет6/8
Дата29.01.2018
өлшемі7,15 Mb.
#35721
1   2   3   4   5   6   7   8
1-жүргізуші:

Ә.Н.Бөкейханның қазіргі қазақ әдебиеті тарихында қалдырған бірден-бір өшпес ізі- ұлы, кемеңгер ақын, ағартушы Абай туралы жазып қалдырған еңбегі. Ұлт әдебиетінің өз алдына жеке бір саласы-әдеби сынның іргесін қалап кеткен еңбегі және қазақ ауыз әдебиетінің теңдессіз үлгілерін жинақтап, өңдеп бастырған және зерттеуге қосқан үлесі де зор. Ауыз әдебиетінің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қара қыпшақ Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» сынды үздік үлгілерін өңдеп, бастырған, өз замандастары Абай, Шәкәрім, Міржақып, Жүсіпбек сынды ақын-жазушылардың шығармаларына әділ де өткір сын жазып, насихаттаған.

Әлихан Нұрмұхамедұлы қазақтың өлкетану ғылымының негізін қалаушы, қазақ халқының төл тарихы, әдебиеті, фольклоры, этнографиясы, Қазақ өлкесінінң экономикасы мен халық шаруашылығы бойынша жүздеген ғылыми ізденіс пен зерттеудің авторы есебінде, ғұлама ғалым, дарынды публицист ретінде кең танылды және өмірінің соңғы сәтіне дейін ғалым болып қалды.

2-жүргізуші:

«Мен Кеңес өкіметін жақтырмадым, бірақ мойындадым!»... Бұл –«халық жауы» деген нақақтан-нақақ айыппен өлім жазасына кесілген адамның ақтық сөзі болатын. Кеңес өкіметі алдында ол өзін айыптымын деп мойындамады да, өзін ешбір жазықсыз ату жазасына кескен заңсыз биліктен кешірім өтініп жалынып-жалбарынбады да. Ол тұлғаның аты ғана-қалың бұқара халқын рухтандыратын, оның артта қалдырған орасан мол мұрасы бой көтеріп келе жатқан жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін оятар еді, ал ұлт тәуелсіздігі мен мемлекеттігі жолында қиян-кескі күреске толы өмір тәжірибесі- келешек ұрпаққа үлгі-өнеге.

1-жүргізуші:

Келесі кезекті әсем әнге берсек: «Жаса, Қазақстан!»






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет