Процессор жылдамдығы Мегагерцпен немесе Гигагерцпен өлшенеді. Жылдамдық артқан сайын нұсқаулар тез орындалады. Жүйелік блоктың артқы панелінде орналасатын негізгі порттар мен олардың қызметі:
PS/2 Port: тінтуір мен пернетақтаны қосуға арналған. USB Port: кеңінен қолданылатын порт
Audio in/Audio out: дыбыс ұлғайтқыш, микрофон, құлаққап секілді түрлі аудио құрылғыларды жалғауға мүмкіндік береді.
VGA Port: монитор осы портқа жалғанады. Мұнда тінтуір, принтер,пернетақта, веб-камера, флеш-жинақтауыштар және басқа құрылғылар компьютерге жылдам қосылады.
Микропроцессор – мәліметтерді өңдеуге және компьютер жұмысын басқаруға арналаған құрылғы.
Жүйелік шина. Құрамдас бөліктердің арасында ақпарат, адрестер және басқарушы командалар алмасуын жүйелік шина қамтамасыз етеді. Жүйелік шина – процессор мен жады арасындағы ақпарат алмасу жүзеге асырылатын және перифериялық құрылғылармен байланыс орнатылатын негізгі магистраль
Операциялық жүйенің сипаттамасы