Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған оқу-әдістемелік құрал



бет23/65
Дата07.02.2022
өлшемі2,17 Mb.
#86078
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65

Күнтізбелік есептер


Алғаш рет әлем бойынша уақытты бір жүйеге келтіріп, сағат бойынша жүруге дағдыланған бұл ежелгі Египет еді. Олар Күннің жүру қозғалысы бойынша уақытты анықтайтын күн сағатты шығарды. Бұл біздің заманымызға дейінгі 1500 жылдар. Сол уақыттан бері сағаттың айналу бағыты өзгермеді: солдан оңға қарай.
Мақсаты: Оқушылардың күнтізбе есептерін шығару дағдылары дамды.

Негізгі мақсаты:


-Логикалық ойлау қабілеттері дамиды;
-Пәнге қызығушылықтары дамиды.
Мысалы, Үсен айтады, мен алдыңғы күні 10 жаста болдым, ал келесі жылы мен 13-ке толамын. Ондай болу мүмкін бе?
Жауабы: Үсен 1 қантарда айтқан, оның туған күні 31 желтоқсанда және ол 11 жасқа келді. Келесі жылы ол 13 жасқа келеді, себебі осы жылы ол 12 жасқа келеді.
Мысалы, қантар айында 4 жұма және 4 дүйсенбі болды. Осы айдың 20- сы аптаның қандай күні болды?
Жауабы: Айдың бірінші күні сейсенбі болса, онда 20-сы жексенбі болады.
Мысалы, Қайсібір айда үш жұма жұп күндер болады. Осы айдың 4-і аптаның қай күні болады?
Шешуі: Бір айда жұма күндер бестен көп емес бірақ, төрттен кем емес. Тақ және жұп күндерге келетін жұма аптада жеті күн болғандықтан кезекпен келіп отырады. Біздің жағдайда, төрт жұма болмады, себебі, жұп күнге келетін жұма екеу. Ендеше бес жұма күн және олардың үшеуі бірінші, үшінші және бесіншісі жұп күнге келеді. Бірінші жұма күн айдың 2-сінен ерте 30- нан кеш болуы болуы мүмкін емес. Ендеше, екі жұп жұма болса, ол айдың 2-сі жұма болса, 4- і жексенбі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет