Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған оқу-әдістемелік құрал



бет24/65
Дата07.02.2022
өлшемі2,17 Mb.
#86078
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65
Жауабы: жексенбі.
Мысалы, кейбір айда үш бейсенбі жұп күндері болады. Осы айдың 26- шы жұлдызы аптаның қай күніне сәйкес келеді ?
Бұл есептің де шешілу тәсілі жоғарыдағыдай әдіспен шешіледі.

1. Бүгін жексенбі. 45 күннен кейін аптаның қай күні болады?


Шешуі: Заңдылыққа сүйене отырып, бір айда неше күн барын есептей отырып, 45 күннен кейін аптаның қай күні болатыны табылады.
45 = 7*6 + 3 = 42+3

7

1

2

3

4

5

6

Жс

Дс

Се

Ср

Бс

Жм

Сн

42

43

44

45









Жауабы: Сәрсенбі болады.


Күнтізбелік есептерді шығару.

  1. 2012 жылы ақпан айында 29 күн болды. Мұндай құбылыс 4 жылда бір рет болатыны белгілі. 2001 жыл мен 2065 жыл аралығында осындай қанша жыл болады?

Шешуі: 2001 бұндай жыл болмайды. 2008-4=2004. Жылдардың жалпы санын табамыз: 2065-2004=61, осы жылдар санын 4-ке бөлеміз. Неше рет төрттен алатынымызды анықтаймыз . 61/4=15 қалдықпен бөлінеді, бірақ біз 2065 ден азайтқанда 2004 жылды санамаймыз, сондықтан 15+1=16.
Жауабы: 16.

  1. Сағат тәулік сайын 6 минутқа қалып қояды. Неше тәуліктен кейін сағат дәл уақытты көрсетеді?

Шешуі: Сағаттың стрелкасы нақты уақытты 12 сағатқа қалғанда көрсетеді.
12 сағат = 12*60 = 720 минут.
Егер бір тәулікте 6 мин. Қалып отырса, онда 720/6 = 120 тәулік.
Егер сағат ай- күн көрсетпейтін электронды сағат болса, онда сағат 24 сағатқа қалу керек. Бұл 120*2 = 240 тәулікте болады.
Егер сағат ай-күнді көрсетсе, онда олар ешқашан уақытты дұрыс көрсетпейді. Яғни минутқа емес, онда күнге қалатын болады.
Жауабы: 240 тәулікте ( егер электрондық сағат болса, күнге қалатын болады)

  1. Сағат тәулік сайын 3 минутқа қалып қояды. Неше тәуліктен кейін сағат дәл уақытты көрсетеді.

Шешуі: Сағаттың стрелкасы нақты уақытты 12 сағатқа қалғанда көрсетеді.
12 сағат = 12*60 = 720 минут.
Егер бір тәулікте 3 мин. Қалып отырса, онда 720/3 = 240 тәулік.
Егер сағат ай- күн көрсетпейтін электронды сағат болса, онда сағат 24 сағатқа қалу керек. Бұл 240*2 = 480 тәулікте болады.
Егер сағат ай-күнді көрсетсе, онда олар ешқашан уақытты дұрыс көрсетпейді. Яғни минутқа емес, онда күнге қалатын болады.
Жауабы: 480 тәулікте ( егер электрондық сағат болса, күнге қалатын болады)

  1. Сәуір айында үш жұма тақ күндерге сәйкес келетін болса, сәуірдің 25-і аптаның қай күніне сәйкес келеді?

Шешуі: Сәуірде 30 күн бар. 1- ші сәуір жұма болса, онда жұма күндері 1, 8, 15, 22, 29 сәуір болады.Үш жұма тақ күндері. 25-сәуір аптаның дүйсенбісі болады.
Жауабы: сәуірдің 25-і дүйсенбі.



  1. Саяхатшы моторлы қайықпен дүйсенбі күні сағат 12-де өз саяхатын бастады да, 100 сағат саяхаттап қайта оралды. Саяхатшының қайтып келген күнін және уақытын анықтаңыз.

Шешуі: Бір тәулікте 24 сағат бар, 100 сағат 4 тәулік және 4 сағат, онда саяхатшы дүйсенбі +4 тәулік, демек жұма күні, 12+4=16 сағатта.
Жауабы: 16 сағатта.

  1. Егер бүгін сәрсенбі болса, 340 күн бұрын қандай күн болған?

Шешуі: 340 – ты 7-ге бөлеміз, сонда 340: 7=48 ( қалдық 4) , қалдық 4- ке тең. Онда сәрсенбіден кейін төртінші күн, немесе сәрсенбінің алдындағы 3 күн бұрыңғы күн, жексенбі болады.
Жауабы: жексенбі .

  1. Осы жылы Қанаттың туған күні қандай да бір аптаның сейсенбі күніне келіп тұр. Ал Мараттың туған туған күні Қанаттың туған күнінен кейін 52- ші күн болса, Мараттың туған күні аптаның қай күніне келетінін анықтаңыз.

Шешуі: Бір аптада 7 күн бар, 52-ні 7-ге бөліп, қалдығын табамыз. 52:7=7 (3 қалдық), онда Қанаттың туған күні аптадағы Мараттың туған күнінен кейінгі 3-ші күн. Демек, жұма.
Жауабы: Жұма
. 8. Қантар айында 4 жұма және 4 дүйсенбі болды. Осы айдың 20-сы аптаның қандай күні болды?
Шешуі: Айдың бірінші күні сейсенбі болса, онда 20-сы жексенбі болады.
Жауабы: Жексенбі


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет