Мысалы,
А
|
В
|
20 санының бөлгіштерінің саны
|
20 санының 130 санынан кіші еселіктерінің саны
|
Шешуі: 20 санының бөлгіштері: 1, 2, 4,5,10,20. Бөлгіштер саны А=6. 20
санының 130 дан кіші еселіктері : 20, 40, 60, 80, 100, 120. Еселіктер саны В =6. Онда А = В
Жауабы: А = В
Мысалы, Әсем пойыздың басынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Мадина пойыздың соңынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Пойызда неше вагон бар?
Шешуі: Вагондардың саны 13. Өйткені, пойыздың басынан санағанда, 7 вагонға дейін 6 вагон, соңынан санағанда 6 вагон және оған олар кездескен
1 вагонды қосамыз. Сонда 13 вагон.
Жауабы: 13 вагон.
Достарыңызбен бөлісу: |