№3. Жұманның дене температурасы сағат 6-дан 20-ға дейін көрсетілгендей өзгерген. Сағат 12-ден 16-ға дейін аралықтағы ең үлкен температураны көрсетіңіз.
Шешуі: Тігінен температура, көлденеңінен уақыт. График бойынша сағат 12-ден 16-ға дейін аралықтағы ең үлкен температураны табу үшін осы аралықтағы графиктің максимумын табамыз, ол 37оС.
Жауабы :37оС.
№4. Суретте үш тәулік бойғы ауа температурасының өзгерісі берілген. Суретте 21 маусым күнгі еі үлкен және ең кіші температураның айырмасын табыңдар.
Шешуі: Тігінен температура, көлденеғңнен уақыт. 21 маусым күнгі уақыт пен температураны сәйкестендіреміз. Графикте осы күнгі ең кіші температура 7оС, ал ең үлкен иемпература 25оС. Олардың айырмасы 25оС - 7оС = 18оС.
Жауабы: 18оС.
№5. Графикте үш тәуліктегі Аққұм елді мекеніндегі ауа температурасының қалай өзгеретіні көрсетілген. Осы үш тәулікте ауа температурасының ең үлкен және ең кіші мәндерінің айырымын тап.
Шешуі: Тігінен температура, көлденеңінен тәулік. Үш тәуліктегі ең кіші температура -1оС, ал ең үлкен температура 2оС . Олардың айырмасы
2оС – ( -1оС ) = 3О С