Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған оқу-әдістемелік құрал



бет35/65
Дата07.02.2022
өлшемі2,17 Mb.
#86078
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
Жауабы: 3ОС
6. Диаграммада радиоға төрт сағаттық бағдарламаға тыңдаушылардың жіберген хабарламалары берілген. Бірінші және төртінші сағатта жіберген хабарламалар қосындысы екінші және үшінші сағаттағы хабарламалар қосындысынан қанша кем?


Шешуі: Тігінен хабарламалар саны, 1тор көз 10 хабарлама, ал көлденеңінен уақыт. Бірінші және төртінші сағатта 50 + 30 = 80, екінші және үшінші сағатта 60+70=130 хабарлама жіберілді. 1-ші және 4-ші сағатта жіберілген хабарламалар 2-ші және 3-ші сағаттағы хабарламалардан 130 -80 = 50 хабарлама аз.
Жауабы: 50 хабарлама аз.
7. Қандай да бір төрт заттың бағасы 200 тг, 600 тг, 300 тг, 500 тг. Заттардың бағаларының қатынасын көрсететін диаграмманы көрсет.
Шешуі: Заттардың бағаларының қатынасын табайық. 200 : 600 : 300 : 500 = 2:6:3:5. Қатынастардың қосындысы 2+ 6+3+5 = 16. 2+ 6=3+5, онда 2; 6 және 3: 5 –ке сәйкес келетін заттар дөңгелек диаграмманы теңдей бөледі.
1) және 3) болмайтыны бірден көрінеді. 4) –те болмайды. Себебі, 3 пен 6- ға сәйкес бөліктер дұрыс емес. Сәйкес келетін диаграмма 2).
Жауабы: 2).
8 Мұғалім оқушылардың бақылау жұмысының қорытындысын шығарды, нәтижесін диаграммамен кескіндеді. Егер оқушылардың саны 76 болса, төмендегі ұйғарымдардың қайсысы жалған:

  1. Оқушылардың төрттен бірінен азы «5» бағасын алды.

  2. Бақылау жұмысына оқушылардың төрттен бірінен көбі қатыспады.

  3. «4» бағасын шамамен оқушылардың сегізден бірі алды.

  4. «3» бағасын шамамен 30 оқушы алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет