№15. Пойызға билет 2000 тг. тұрады. Билет 15%-ке қымбаттағаннан кейін 9800 теңгеге ең көп дегенде неше билет сатып алуға болады?
Шешуі: 15% -ке қымбаттағаннан кейін билет бағасы 2000 * 1,15
=2300 тг. 9800 теңгеге ең көп дегенде 9800: 2300 = 4 ( қалдық 600 тг) билет сатып алуға болады.
Жауабы: 4
№16. Жазда куртка бағасы 8000 тг.ал қыста 10 000 тг. Куртканың қыстағы бағасы жаздағы бағасынан неше процентке қымбат ?
Шешуі: Куртканың қыстағы бағасы жаздағы бағасынан 10 000 – 8000=2000 теңгеге қымбат, ол 8000 теңгенің 25%-ы.