Практикалық сабақтардың жоспары
Практикалық сабақ №1-2.
Қай елдікі?
(интеллектуалдық ойын)
Төмендегі фирмалар қандай өнім түрлерін шығарады және ол фирма қай елдікі?
Нестле______________________ Кока-Кола_____________________________
Шелл_______________________________ Боинг_________________________________
Чай Липтон__________________
Сони__________________________________
LG Electronics________________________________ Хенкель_______________________________
KPMG__________________
BASF__________________________________
Файерстоун____________________________ Фиат___________________________________
Л'Ореаль_______________________________- Вазелин________________________________
Есеп 1.
Экономикада келесі мәліметтер берілген (млрд. теңге):
Трансферттік төлемдер - 6,0
Жалпы ішкі инвестициялар - 18,4
Таза экспорт – 2,2
Амортизация – 8,9
Жеке тұтыну шығындары – 88,2
Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу – 9,8
Сұрақ: ЖҰӨ көрсеткіштерін табыңыз.
Есеп 2.
Экономикада келесі мәліметтер берілген (млрд. теңге)
Трансферттік төлемдер - 6,0
Жалпы ішкі инвестициялар - 18,4
Таза экспорт – 2,2
Амортизация – 8,9
Жеке тұтыну шығындары – 88,2
Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу – 9,8
Сұрақ: Экономикадағы капитал қорының көлемі қаншаға өсті?
Практикалық сабақ №3.
Жаттығулар
1.Төмендегілердің қайсысы тікелей инвестиция, қайсысы портфельді инвестиция болып табылады?
1) Американдық банк «Лукойл» компаниясының акциясын 20 млн. АҚШ долларына сатып алды.
2) «ТуранӘлемБанкі» Берлинде ғимарат сатып алып, өз филиалын ашты.
3) Павлодар трактор зауыты АҚШ-та орналасқан трактор өткізуші қазақ-американ біріккен кәсіпорынының жарғылық қорындағы өз үлесін 51-ден 72%ға дейін өсірді.
4) Қазақстандық «Sеven» компаниясы Германиядағы клиентінің тапсырысы бойынша «ҚазМұнайГаз» компаниясының ағымдағы акция шығарылымының 11%-ын сатып алды.
5) Канадалық «Макдональдс» фирмасы тағы бір мейрамхана ашты.
6)Қазақстан-американ инвестициялық Қоры қысқа мерзімді қазақстандық міндеттемелер мен мемлекеттік займ облигацияларына 100 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы орналастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |