Бекітуге арналған сұрақтар:
1.Ғылыми-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыруды қаржыландыру көрсеткіштері
2.Қазақстан экономикасының инновациялық-технологиялық дамуының басты проблемалары
Тақырып 7.
Бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік саясатын қалыптастыру
1.Бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік саясатының негіздері.
2.Бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік саясатын жетілдіру мүмкіндіктері
Дәріс мақсаты: Бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік саясатын қалыптастыру туралы ақпарат беру
Негізгі сөздер:
Стратегия
Корпорация
Интеграция
Аймақ саясат
1. Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы өңірлік және ғаламдық экономика қолдану аясында ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігі есебінен әлемдік рынокқа шығу қажеттілігінен туындаған.
Осыған байланысты мына жайтты ерекше ескеру қажет: әлемдік тәжірибеде ғаламдық рыноктағы табысты интеграция мемлекеттің ұлттық деңгейінде емес, жеке аймақтар арасында қалыптасады.
Сондықтан да, өңірлік саясатта бәсекеге қабілеттілік екі бөлімге бөлінуі қажет.
біріншісі – қандай да бір өңірдегі бәсекеге қабілеттілік көздерін қалыптастыру мен күшейтуге бағытталған мемлекеттік саясат;
екіншісі – бизнесті жүргізуге қолайлы шарттар, яғни рыноктық ортаны қалыптастырудағы өңірлердің өзіндік саясаты.
Алғашқы жағдайда өңірдің бәсекеге қабілеттілік көздері барынша дамыған және барынша арзан өндіріс факторлары есебінен қамтамасыз етіледі (негізінен еңбек және капитал). Ал екінші жағдайда бұл – ең алдымен, өңірдегі бәсекелестік өндірістердің дамуына ықпал ететін институционалды шарттар. Яғни, бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік саясаты дегеніміз - өңірлік бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ету мен жетілдіру саясаты (1-сурет).
Біздің көзқарасымыз бойынша, өңірлік бәсекелестік артықшылықтар дегеніміз белгілі бір өңірде қалыптасқан және осы өңірді басқа аумақтық құрылымдардан ерекшелендіретін ресурстық, технологиялық және институционалдық шарттар болып табылады. Мұндағы:
ресурстық бәсекелестік артықшылықтар: табиғи ресурстар, арзан, әрі білікті жұмыс күші, тиімді географиялық орналасу, дамыған инфрақұрылым;
- технологиялық артықшылықтар: заманауи технологиялардың болуы, дамыған ғылыми-біліми әлеует, ақпараттық-байланыс технологияларының дамуы;
институционалдық бәсекелестік артықшылықтар кәсіпкерлік қызметті жетілдіруге қатысты жалпы экономикалық шарттардан: рыноктық инфрақұрылымның дамуы, қолайлы салықтық режим, кредиттерге қол жеткізу жеңілдігі, әкімгершілік кедергілердің төмендігі сияқты шарттардың жиынтығынан құралады.
Даму және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының сарапшылары мемлекеттің қатысуымен өңірлік дамудың екі түрін бөліп көрсетті:
Экзогенді даму – мемлекеттік органдар билігі тарапынан өте күшті бақылау;
Эндогенді даму – мемлекеттік араласудың әлсіздігі, яғни жанама реттеу (салықтық жеңілдіктер, гранттар).
2. Бәсекеге қабілеттілікті арттыруда маңызды орынды инновациялар алады. Біріншіден, жаңа технологиялар мен жаңа өнімдер инновациясы өңірдің шаруашылық субъектілеріне өндірілетін өнімдердің шығындары мен сапасы бойынша басымдылықтарды қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарды меңгеруге мүмкіндік береді. Екіншіден, инновациялар өңірде жоқ немесе жетіспейтін ресурстардың орнын толықтыра алады, мысалы, электр энергиясының, судың тапшылығын, қолайсыз географиялық орналасуды және т.б.
Сонымен бірге, өңір дамуын мемлекеттік реттеудің институционалдық формаларына да зор мән берілуі тиіс. Осы бағытта мемлекеттік корпорациялар (МК) құруды ұсынамыз. Мемлекеттік корпорациялар қоғамның мемлекеттік инвестицияларға деген қажеттілігі мен мемлекеттің шағын бизнеспен салыстырғанда тиімді инвестор болуының шектеулі мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықты шеше алады. Мемлекеттік корпорациялардың «мемлекеттік» болып аталуы – меншік иесінің мемлекет болуынан, ал «корпорация» деп аталуы - оның заңды тұлға ретінде меншік иесінен бөлініп шығуымен байланысты. МК-дың бастапқы капиталы ірі көлемдегі қаржы түрінде мемлекет арқылы қамтамасыз етіледі. Оларды кейбір салық түрлері мен дивиденттер төлеуден босатуға болады, арнайы қажеттіліктер бойынша мемлекеттік субсидиялар да ала алады. Ал басқа да қажетті құралдарды капитал рыногынан өздері табуы тиіс. МК арқылы мемлекет ірі қоғамдық жобаларды жүзеге асыра алады, яғни мемлекет оларға бастапқы қаржыны береде де, сонан соң инвесторларға осы жобаларды қаржыландыруды, яғни МК облигацияларын сатып алуды ұсынады.
Сурет 4- Бәсекеге қабілеттілікті жетілдірудегі өңірлік саясаттың негізгі бағыттары
Жеке фирмалармен салыстырғанда МК үкімет алдында есеп беруге міндетті. Мемлекет тарапынан алынатын жеңілдіктер мен мемлекеттік кепілдіктердің арқасында МК жеке қарыз алушылармен салыстырғанда, капитал рыногында біршама оңтайлы позицияны иемденеді. МК-ды ұйымдастыруды кезінде Ф.Рузвельт те айтып кеткен болатын. Ол өзінің «Жаңа бағытында»: «Үкімет билігіне тәуелді, бірақ кәсіпорындар сияқты икемді корпорациялар құру» жөніндегі пікірін жүзеге асырған.
Өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын жетілдіру әдістерін іздестіре отырып, бүгінгі күні жаһандық экономикада қарқынды орнығып келе жатырған түрлі желілік құрылымдардың қалыптасуын да ескерген жөн. Қазіргі әлемде рыноктарда жеке бір кәсіпорын емес, олардың бірлестіктері бәсекеге төзімдірек екендіктерін дәлелдеп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |