Ұлттық экономиканың БӘсекеге қабілеттігі


Бекітуге арналған сұрақтар



бет8/21
Дата12.09.2023
өлшемі202,53 Kb.
#180868
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
ұлттық экономика гму

Бекітуге арналған сұрақтар:

1. Қаржы секторы: бәсекеге қабілеттілікті талдаудың теориялық шарттары


2. Қазақстанның қаржы секторының қызметін талдау

Тақырып 6.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің
инновациялық-технологиялық құрамы

1.Ғылыми-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыруды қаржыландыру көрсеткіштері


2.Қазақстан экономикасының инновациялық-технологиялық дамуының басты проблемалары
3.EUROSTAT жүйесінің индикаторлары

Дәріс мақсаты: Тақырыпты ашу және білім алушыларға Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің инновациялық-технологиялық құрамы туралы ақпарат беру
Негізгі сөздер:

  • Лицензия

  • Рейтинг

  • Бюджет

  • Индикатор

1. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттіліктілігін құраушы -инновациялық технология. Бәсекеге қабілеттілік рейтингі бірнеше факторлардан: басқару, қаржы, инфрақұрылым, ашықтық, технология, еңбектен тұрады.
Технологиялық даму деңгейі әр елдің даму ерекшелігіне қарай ел экономикасына әртүрлі әсер етеді. Технологиялық инновациясы дамыған елдер өздерінің шаруашылық дамуын анықтайды, ал технологиясы төмен дамыған елдер басқалардың технологиясына бейімделеді де, тікелей шетел инвестициялары шегінде алмастырады.
Әлемдік тәжірибеде инновациялық ортаны талдап, болжамдау үшін көптеген интегралды индекстер бар:

  • экономиканы құру индексі – компонентері техникалық индекс (жаһандық нарықта технологиялық көшбасшылық және жаңа технологияны қамтудағы жылдамдық) және болжау индексі болып табылады;

  • инновация индексі - өзіне мемлекет және жеке сектордың НИОКР-ға шығындары, инновацияны мотивациялауды және т.б. кіріктіреді;

  • технологияны ендіру индексі – шетел технологиясын лицензиялау.

Экономиканы өлшеудегі ең кең әдіс білімге негізделген, бұл Әлемдік Банкпен ұсынылған «Даму үшін білім» (Кnowledge for Development – К4D) атты бағдарлама. Бұл әдіс қандай да бір елдің білімге негізделген даму модельін бағалайды. К4D бағдарламасы 76 көрсеткішті ұсынады және әр топтағы елдердің орташа көрсеткіштерін салыстырады. Салыстырманы бөлек және біріктірілген көрсеткіштер арқылы жүргізуге болады, олардың негізгісі: институционалдық режим, кәсіпкерліктің дамуында жаңа білімді тиімді қолдануға мүмкіндік береді; тұрғындардың сауаттылық деңгейі; ақпаратты және коммуникациялық инфрақұрылым, ұлттық инновациялық жүйе (зерттеу орталықтар, университеттер және т.с.с).
К4D бағдарламасы екі жанама индексті ұсынады: экономикалық білім индексі және білім индексі. Экономикалық білім индексі – бұл орташа 4 ауқымды: институционалдық режим, білім, инновация, ақпараттық технология және коммуникация. Білім индексіне 3 ауқым: білім, инновация, ақпараттық технология және коммуникация.
Білімді экономикада қолдану индексі деңгейі (КЕІ) бойынша Қазақстан Тунис, Колумбия, Мексика және Түркия елдерінен төмен, яғни Қазақстанның экономикалық бәсекеге қабілеттілік деңгейі жоғары емес.
Ғылыми-технологиялық жаһанданудың негізгі бағыттары – мемлекетаралық ақпараттық алмасуды қамтамасыз ететін тех­нологияларды игеру; технологиялық және әлеуметтік инновацияларды интегра­циялайтын жаһандық метатехнология­лар­ды жасап шығару; санаткерлік ресурстар­дың халықаралық мобилділігін жеделдету; әлемдік ғылыми-технологиялық дамуда ішінара халықаралық реттеу тетікте­рін қалыптастыру; әр түрлі мемлекеттердің санаткерлік ресурстарын жинақтайтын ин­тернет-технологиялар мен компанияларды дамыту; әлемдік деңгейде ғылыми-техно­логиялық кешенді реттеу барысында транс­­ұлттық корпорациялар мен мем­ле­кеттік құрылымдардың өзара әрекеттесуін жүзеге асыру болып табылады.
Экономикалық дамудың инновация­лық жолы – экономикадағы технология­лардың жылдам жаңаруын, соның ішінде тұтынушының көңілінен шыққан, ғылыми білімді қажет еткен өніммен алмасуын қамтамасыз етуді меңзеп отыр. Жапония­ның “Сони” фирмасының президенті Акио Мората ұлттық инновациялық жүйе мен қоғамның ұлттық инновациялық қабі­летін, ұлттық инновациялық менталитетін қалыптастырудың маңызына тоқтала келіп былай дейді: «Жапонияның экономикалық қуаттылығының арту себебі, шетелдің маңызды зерттеу нәтижелерін сатып алып отырғанында емес... Оған Жапония үлкен нәтижелерге негізделген өнімді шығару жолын табу арқылы жетіп отыр. Амери­када техно­логияларға деген тапшылық жоқ. Алайда, онда осы технологияларды ком­­мерциялық тұрғыда қолдануға ба­ғытталған шығармашылық белсенділіктің төмендігі байқалады. Менің ойымша, бұл Амери­кадағы ең ірі проблема. Ал Жапо­ниядағы шығармашылық белсенділік – оның ең мықты жағы».
2. Қазақстанның инновациялық экономика бағытындағы жолы – бұл білім экономикасы бағытындағы жол. Мемлекеттің ХХІ ғасырдағы инновациялық дамуындағы уни­вер­ситеттің рөлі мен орнын анықтайтыны да осы фактор.
Әлемдегі инновациялық үрдістердің бәрі де кез-келген мемлекеттің экономикалық дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етумен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілеуін де едәуір жылдамдатады. Инновациялық қыз­мет­ті жүзеге асырудағы маңызды элемент ғы­лы­ми өнімнің коммерциялануы болып та­былады. Ғылыми қызмет жаңа техникалық жобаларда, технологияларда, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарда жүзеге асы­рылады. Трансферт – бұл технологияларды, жоба-конструкторлық құжаттаманы, құрал-жабдықтар мен техниканы өзге заңды немесе жеке тұлғаға беріп, оның меншік құқығын тіркей отырып, құнды қағаз сертификатын беру еді.
Ұлттық инновациялық қабілет дегеніміз – бұл оның экономикалық өсуі мен отандық тауарлар мен қызмет түрлерінің әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін жаңа білім мен техно­логияларды тез жасап, тарату мен пайдалану. Демек, инновациялық қабілет – бұл жалпы қоғамның тыныс-тіршілігін ұйымдастырудың құрылымдық сипаттамасы.
Инновациялық дамудың әлемдік тәжірибесіне қарасақ, бұл мемлекеттердің қол жеткізген табыстары ғылым мен техника жетістіктерінде жатқанын көреміз. АҚШ пен Ұлыбритания жалпы ұлттық қаржының 11-12%-ын ғылымның дамуына бөледі. Ал Франция мен Жапонияда бұл көрсеткіш 15-16%-ды құрайды. Сондықтан АҚШ, Германия, Жапония мен Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары әлемдегі аса ірі ғылыми орталықтар болып есептеледі. Қазақстанда бұл көрсеткіш - 2% шамасында.
3. Қазақстанның инновация мен технология облысындағы бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін ЕО-тың «Еuropean Inovation Scoreboard (ЕІS) - Еуропалық ғылыми-инновациялық кеңістік картасы» жұмыс істейді. 2011-2013 жылдардың өзінде 17 индикаторы бар, 2016 жылы 25 көрсеткіш және 5 категорияға біріктірілді, соңғы екі топқа “кірістік және шығыстық” индикаторлар жатады.
Бұл индикаторлар ЕUROSTAT жүйесіндегі стандартты статистикалық көрсеткіштерге негізделген. 2016 жылы елдер тізімі 49 елге көбейді.
Қазақстанның инновациялық даму жолындағы жағдайын бағалау үшін бірнеше салыстыруларды қарастырайық (9-кесте)

Кесте 9. Қазақстан әлемдік ғылыми-техникалық сферада








Қазақстан

Әлем елдері

Бастапқы деңгей

Зерттеулер мен жаңалықтарға бөлінетін шығындар,
ЖІӨ-ге %-бен

0,29

АҚШ-2,6
Жапония – 3,1
Германия – 2,5
Ресей – 1,3

2

Ғылыми дәрежелері бар зерттеушілердің орташа жасы, жыл

58

Ресей -54
Орташа -44

48

Ғылыми құралдардың орташа жасы, жыл

15-тен жоғары

Ресей -11-ден жоғары
Орташа - 5-6

7

Инновациялық белсенділік деңгейі, %

3,4

Германия – 82,5
Швеция – 75,3
Ресей – 10,0

25

Инновациялық өнімнің өнеркәсіптік өнім көлеміндегі үлесі, %

2,3

Германия – 29
Австралия - 31
Ресей – 3,7

15

1 тұрғынға шаққандағы ҒЗТКЖ (НИОКР) шығындары, долл.

11

АҚШ-991
Жапония – 816
Германия – 666
Ресей – 98

-

1 млн. тұрғынға шаққандағы ҒЗТКЖ-мен (НИОКР) айналысатын адамдар саны

629

АҚШ-4484
Жапония – 5287
Германия – 3261
Ресей – 3319

-

1 млн. тұрғынға шаққандағы өнертабыстарға берілетін патенттер саны

0,13

АҚШ-281
Жапония – 887
Германия – 156
Ресей – 133

2,5

Тіркелген патенттер көлеміндегі елдің үлесі, %

-

АҚШ-36
Жапония – 17
Германия – 13
Ресей – 0,4

1

* Еuropean Inovation Scoreboard, 2006.

Инновациялық бәсекеге қабілеттілікте Қазақстан үшін табиғи ресурстарды қолдануға негізделген Чилидің тәжірибесі оңтайлы. Себебі, елде инновациялық ынталандырудың жүйелік моделі, институттардың дамуы қолданылады; екіншіден, Чилидің даму институтары ұлттық инновациялық жүйенің сегменттеу шартымен әрекет етеді; үшіншіден, Чили ішкі және сыртқы инновациясы бір-бірімен үйлеседі. Қазақстанда да “ішкі локомотивтер” экономикасы өсуде.


Жаңа индустриалды елдержің ұтымды тәжірибелері келесі саясатты көрсетеді:

  1. жеке - мемлекттік серіктестікті дамыту;

  2. жобаларды мемлекеттік қаржыландыру кезінде басқарудың бизнес қолында қалуы. Мысалы, Чили мен Израйльде мемлекеттік қаржыландыру деңгейі - 40%;

  3. тек жеке өңдеулерді ғана емес, импорт пен техникалық көшірмелерге де қолдау көрсету. Көп шығындарды қажет ететін интеллектуалдық меншікті қорғау;

  4. функцияларды бизнес-делдалдар арқылы жүзеге асыру. Бұл тиімсіз тәуекелдерді болдырмайды (сапа, жемқорлық саласында). Чилиде инновация мен бәсекеге қабілеттілікті дамытумен мемлекеттік министрлік емес, 21 тәуелсіз агенттіктер айналысады.

  5. ақша орнына қызмет түрлерін ұсыну. Ренталардың орнына мемлекеттік бюджеттен: персоналды оқыту, ҒТ ақпараттар беру, мемлекеттік ЖОО-нан технопарктерді қолдануға мүмкіндік алу және т.б..





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет