Цифрлану. Ақпараттық технологиялардың дәрежесінің өсуіне байланысты жаңа бизнес-модель электрондық сауда орталықтарының ролі де өсті. Мысалы: телекоммуникация операторлары немесе несие мекемелері және т.б.
Жаһандану. Тұтынушылары жұмылдыру арқылы рыноктағы (интернет- сауда) сатуды жаһандық деңгейге жеткізу.
Реттемеушілік.Соңғы он жыл ішінде АҚШ пен Еуропа елдерінде экономикаға мемлекеттің араласуы көптеген салаларда тоқтатылды, бұл жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
Л.Доунстың қорытындысы бойынша: “ескі” экономика ІТ-ді (ақпараттық технология) өз мақсаттарына қолданса, қазіргі экономикада ІТ әлемді өз қажетіне сай өзгертеді. Л.Доунстың бұл аргументтері орынды-ақ. «5 күш» моделі микроэкономикаға негізделген. Мұнда М.Портер пайда табуға бағытталған салалар туралы айтқан (1-кесте).
Кесте 1. М. Портердің «5 күш» моделінің мазмұны
Портердің «5 күш» моделі
|
Микроэкономика саласы
|
жеткізушілердің рыноктық нарықтық билігі
|
сұраныс пен ұсыныс теориясы, өндіріс және құн теориясы, баға икемділігі
|
тұтынушылардың рыноктық билігі
|
сұраныс пен ұсыныс теориясы, тұтынушылар талғамы мен әрекеттері, баға икемділігі
|
қатысушылар арасындағы бәсеке
|
нарық құрылымы, рынокқа қатысушылардың саны, рыноктың өсу қарқыны мен көлемі
|
алмастырылатын (орнына қолдануға болатын) тауарлардан қауіп
|
Орын басу тиімділігі
|
жаңа қатысушылар тарапынан қауіп
|
нарыққа енудегі кедергідер
|
саланың тартымдылығы
|
кіріс нормасынан асатын пайда
|
Алайда, бизнес модельдерінің салалық динамикасының өзгерісіне қарамастан, М.Портердің пікірі ескіре қоймады. Қазіргі күннің өзінде-ақ кез-келген компания (ескі не жаңа экономикадағы) тауарларда тиімді қатынаста баға/сапа және беделді сервистік қызмет көрсету арқылы пайда табады. Осындай қызметті оn-line порталы да қамтамасыз ету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |