Жоғарғы немесе кейінгі палеолит – 40-10 мың жыл бұрын қазіргі типті адамның өмір сүру уақыты (хомо сапиенс).
З Заң – мемлекеттік биліктің жоғарғы органының нормативтік акті, ол басқа заң шығарушы құжаттарға қарағанда жоғары тұрады және Конституцияның статьяларына сәйкес келуі керек.
Заң жинағы – мемлекеттің заңдарының және құқықтық актілерінің жиынтығы.
Зекет – малдың 1/20 бөлігі көлеміндегі хан мен сұлтандар пайдасына төленетін салық, Оңтүсік Қазақстанның қалаларындағы қолөнершілер мен саудагерлерінен жиналған.
И Идеология (грекше-оқу) – идеялар мен көзқарастар жүйесі: саяси, құқықтық, философиялық, діни, эстетикалық, оларда адамдардың шындыққа көзқарасты білініп, бағаланады, әлеуметтік топтардың мүдделері көрінеді. Идеология адамдардың, таптардың, топтардың, партиялардың өмірге деген көзқарасын білдіреді, олардың дүниетанымын көрсетеді. Оны теоретиктер мен идеологтар өңдейді. Қоғамға белсенді түрде әсер етеді.
Издольщина – мемлекеттің немесе мұрагер және иеленушілердің меншігіндегі жерлер, шаруаларға жалға беріледі. Астықтың көп бөлігін салық түрінде издольщик мемлекетке немесе жер иесіне беріп отырған.
Икта – (арабша) – феодалға берілген жер үлесі және сонымен бірге аудан, облыс немесе қала халқынан салық жинау құқығын алу.
Иктадар (мукта) – басшылардың бірінші талабы бойынша әскери қызметке қаруы және киімімен келуге індетті иктаның иесі.
Император - (латынша-билеуші) – 1720 жылдан яғни Ресей мемлекетінің басшысының титул 1721 жылдан яғғни Ресей империя болып жарияланғанынан 1917 жылдың ақпанына дейін сақталған.
Империализм – (латынша – үстемдік) – XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында басталған капитализмнің жоғарғы және соңғы сатысы; бұл кезде державалвар арасындағы территориялық бөлісу аяқталды.
Империя (латынша – билікті, құдіретті) – орталықтандыру мен бір ғана билік жүргізудің қатаң саясатын жүргізуші императоры бар монархиялық мемлекет (1721ж. Ресей).