Ұлттық ҚҰҚЫҚ жоғары мектебі (әділсот, адвокатура және кәсіпкерлік құқық)



бет100/113
Дата08.01.2023
өлшемі1,26 Mb.
#165130
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   113
Байланысты:
КР МКТарихы силлабус

Курстық жұмысты рәсімдеу

Рәсімдеуге қойылатын талаптар. Курстық жұмыс таңдалған тақырып бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижелері бар қолжазба. Ол міндетті түрде компьютерде терілуі тиіс. Жұмыс көлемі – «А4» форматындағы қағазда 20-25 парақ түсіндірме хат, компьютерде – парақтың бір жағында, бір интервал аралығында, кегель – 14, шрифт—Times New Roman немесе Times New Roman KZ. Курстық жұмысты келесі өлшемдерді (параметрлерді) пайдаланып орындайды: сол шеті—30 мм, оң шеті – 10 мм, үстінен – 20 мм, астынан – 20 мм. Курстық жұмыстың парақтары араб цифрларымен нүктесіз номерленеді, номер парақтың астыңғы ортасында қойылады. Беттер барлық қосымшаларымен (кестелер, диаграммалар, сызбалар т.б) бірге бірыңғай номерленуі тиіс.


Курстық жұмыстың бірінші парағы (парақта номер қойылмайды) титулдық парақ болып табылады. Келесі парақ мазмұны.. Курстық жұмыс бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады. Ә қосымшасын қараңыз.
Материалдарды орналастырудың кезектілігі мазмұнға сәйкес болуы керек. Жұмыстың әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан бастау қажет. Бөлімшелердің атауын орналастырғанда бұл ережені орындау қажеттілігі жоқ. Әдебиеттер тізімі жұмыс мәтінінде сілтемесі бар және курстық жұмыстың мазмұны қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.
Бөлімдер мен бөлімшелердің атауларының соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары парақтың соңғы жазулары болмауы тиіс. Мәтін мен атаулар арасында 1 интервал қалдырылады (10 мм).
Курстық жұмыстың құрамына кестелер немесе графиктер енгізуге жол беріледі. Кестені немесе графикті номерлеу бүкіл курстық жұмыс шеңберінде реттік болуы мүмкін. Кесте сөзі және оның реттік саны кестенің жоғарғы оң бұрышынан номерленуі қажет. Бір интервалдан кейін кестенің атауы көрсетіледі.
Кестеге сілтеме жасаған жағдайда кестенің номері мен кесте орналасқан бетті көрсету қажет. Кесте бір параққа сыймаған жағдайда оны келесі параққа жалғастыруға болады, онда келесі парақта жоғарғы оң жағында жазбаша әріптермен «кестенің жалғасы» деп жазылып, оның номері қойылады.
Қолданылған қайнар көздер тізімін рәсімдеуге ерекше назар аудару қажет. Қайнар көздер туралы мәліметтерді курстық жұмыстың мәтінінде сілтемелердің орналасу тәртібіне сәйкес жазу керек және номерлеу араб цифрларымен нүктесіз жазылады.
Егер оқулық бір автормен немесе үш адамнан аспайтын авторлармен ұжымымен жазылса, оның библиографиялық сипатталуы автордың немесе авторлардың тегі мен иннициалдарын көрсетуден басталады. Содан кейін кітаптың толық атауы; нүкте; тирэ; кітап шығарылған қаланың атауы; қос нүкте; кітапты басып шығарылған баспа атауы, үтір; кітаптың шығарылған жылы; нүкте; тирэ; жалпы парақтың саны беріледі. Егер кітап үлкен авторлық ұжыммен жазылса немесе автор мүлдем көрсетілмесе, кітаптың атауы көрсетіледі.
Егер жұмыста мерзімді басылымдарда немесе жинақтарда жарияланған мақала материалдары пайдаланылса, ол мынадай тәртіпте рәсімделеді: автордың тегі және инициалдары; мақала атауы; екі көлбеу сызықша (//) ; мақала жарияланған мерзімді басылымның немесе жинақтың атауы; тирэ; басылым жылы; нүкте; номер; нүкте; тирэ; мақаланың бірінші және соңғы беттері
Егер жұмыста интернеттен алынған қайнар көздер пайдаланылса, қайнар көздің сілтемесі жазылуы тиіс: Http: // president.kremlin.ru / events / 264.html.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет