Ұлттық ҚҰҚЫҚ жоғары мектебі (әділсот, адвокатура және кәсіпкерлік құқық)



бет88/113
Дата08.01.2023
өлшемі1,26 Mb.
#165130
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   113
Байланысты:
КР МКТарихы силлабус

Қылмыстық әдет-ғұрып құқығы.
Адат бойынша қылмыстық істер мен азаматтық кұқық бұзушылықтың арасы ерекше бөлінбеді. Қылмысты казақтар "жаман іс", "жаман сөз" деп те атады. "Айыпкер" ретінде тек қылмыс істеген адам ғана емес, оның туыстары, руы да есептелді. Сондықтан қазақтар арасында бір адамның қылмысы үшін бүкіл рудың, туыстарының үжымдық жауапкершілігі қарастырылды.
Саяси, қоғамға қарсы қылмыстар туралы ұгымдар болмағанымен, ханға, сұлтандарға қарсы қылмыстық әрекеттер катаң жазаланды. "Жеті жарғыда" сұлтандар мен қожаларға қарсы қылмыстар ерекше жазаланып, оларға төленетін құн жай адамдардан жеті есе артық болды. Билерге қарсы қылмыстарды да қатаң жазалайтьш нормалар пайда болды.
Адат қасақана жасаған, абайсызда жасаған қылмысты терең айырмады. Мұның себебі қандай да болмасын қылмыстың орнын құн төлеу арқылы материалдық жағынан толтыруға байланысты болса керек. Қасақана және абайсызда жасалған әрекеттер XVIII-XIX ғасырларда тереңдеп айырыла бастады.
Сот және сот ісін жүргізу.
Қазақ қоғамында адат бойынша сот билігін хан, сұлтандар және билер жүргізді. Хан мен сұлтандардың қарауында аса маңызды қылмыстық және азаматтық істер жатты. Олардың қатарында барымта, руаралық, ауыларалық даулар, жер дауы, сұлтандар мен билік басындағылардың өлімі, сұлтандар арасындағы даулар болды. Аса маңызды істер билердің араласуымен жүрді және қалың көпшілік алдында өтті.
Қазақ хандығы дәуірінде билерді ешкім сайламаған және тағайындамаған. Билер өз білімі және тәжірибесі арқасында мойындалып, оларға билік сұрап халықгың өзі келетін.
Би өзіне келген істі қарауға міндетгі болды, қарамай тастауға құқығы болмады. Биді тандау талапкердің қолында болды.
Би сотқа жан-жақты дайындалатын. Талапкер мен жауапкер бидің алдына қамшыларын тастап, істі карауға келісім беріп отырады. Қамшы тастаудың үлкен процессуалдық маңызы болды. Одан кейін екі жақ та биден бас тарта алмайтын.
Сот ашық түрде екі жақты, куәлерді тыңдау арқылы жүрді. Сотқа келмей қалған жақтың өкілін бидің зорлап алдыруға қүқығы болды.
Сотқа куәлер тартылды. Ерлі-зайьштылардың бір-бірінің көзіне шөп салғандығын дәлелдеу үшін 4 куә, қалған істерге 2 куә қажет болды. Куәлер бидің алдында ант беруі тиіс болды. Әйелдер, 15-ке толмағандар, шариғаттан хабары жоқтар, бұрын айыпты, ақыл-есі кемдер, қылмысты болғандар куә бола алмаған.
Куәлері болмаған күрделі істерде ант беру институты қолданылған. Антты талапкер мен жауапкер емес, олар үшін олардың беделді әрі белгілі туыстары берді. Егер айыпталушы үшін ешкім ант бермесе, ол жауапты ретінде жазаға тартылган.
Билер сотының шсшімі ауызша түрде көпшіліктің алдында жарияланатын. Сот талқылауы екі жақты "алажіпті үзу" деген дәстүрмен аяқталатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет