Теориялық және тәжірибелік білімді жүйеге келтіру, бекіту және кеңейту, нақты ғылыми және өндірістік мәселелерді шешу кезінде осы білімді пайдалану;
Жеке жұмыс істеу қабілетін дамыту және өңделетін мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеу және тәжірибелеу әдісін меңгеру жұмыста қарастырылған проблемалар мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеудің әдістемесін үйренуі тиіс.
Рефераттың жоспары мен құрылымы Егер студент тақырып бойынша жұмысқа бірінші рет кіріссе, жоспарды бірден құрастыруға болмайды, ең алдымен рефератта қарастырылуы тиіс сұрақтар мен мәселелердің өрісін анықтап алу қажет. Ол үшін тақырыпты толығыырақ ашатын бірнеше негізгі жұмыстарды зертеу қажет, ал гере мәселе теория жүзінде жеткілікті өңделмесе юрисдикциялық органдарын құқық қолдану қызметінің тәжірибесін зерттеуі тиіс. Тек содан кейін ғана жоспарды құруға кірісуге болады.
Жоспар рефераттың бөлімдері мен параграфтардың аттарынан ғана емес, сонымен қатар әр бөлімде ашып көрсетілетін негізгі сұрақтардың тізімінен құрылуы тиіс. Сұрақтардың кезектілігіне үлкен назар аудару қажет, әрбір тараудың алдыңғы тараумен байланысы болуы керек. (Жоспарды құрудың үлгісін А қосымшасынан қараңыз)
Жасалған жоспарды оқытушымен талқылау керек, оқытушы жоспарда ескерілмеген мәселелерді көрсетуі мүмкін және мазмұнының тереңдігі мен жүйелігін толық қамтамасыз ету үшін сұрақты дұрыс тұжырымдауға көмектеседі.
Әдебиеттерді зерттеп, қажетті материалдарды жинаған соң ғана рефератты жазуды бастау керек.
Реферат жұмыстың құрылымы келесі элементтерден тұрады:
титулдық бет
мазмұны
кіріспе
негізгі бөлім
қорытынды
пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Рефераттың бірінші беті – титулдық бет. Титулдық бетке реттік сан нөмірі қойылмайды. Келесі беттер нөмірленеді.
Рефераттың кіріспесінде жұмыстың жалпы сипаттамасы беріледі, тақырыптың өзектілігі дәлелденеді. Мәселені ғылыми зерттеудің деңгейі қарастырылады. Жұмыстың жаңалығы, мақсаты, міндеттері зерттеудің объектісі мен пәні көрсетіледі, теориялық құндылығы немесе тәжірибелік мәні, зерттеу әдістері, жұмыстың эмприкалық негізі мен реферат құрылымының қысқаша сипаттамасы көрсініс табады.
Рефераттың негізгі бөлімі бірнеше бөлімдерден тұрады. Жұмыстың негізгі бөлімінде студент жоспарлы мақсатқа жету үшін, кіріспеде анықталған міндеттерді шешеді.
Қортындыда тақырыптың сипатына және рефераттың зерттелу тереңдігіне байланысты студент өз көзқарасын, қорытындысы мен ұсыныстарын тұжырымдайды. Олар заңдық нормаларды қолданудың теориялық мәселелерін, қарастырылатын салалардағы заңдаманы жетілдіру жолдарын, сұрақтарды қарастыруы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Қорытындыдан кейін қолданылған қайнар көздердің библиографиялық тізімі беріледі. Библиографиялық тізім – қолданылған қайнар көздердің библиографиялық сипаттауын құрайтын библиографиялық аппараттың элементі. Мұндай тізім жұмыстың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Өйткені автордың жеке шығармашылық жұмысын көрсететін және жүргізілген зерттеудің дәрежесінің деңгейі туралы қорытынды жасауға қолданылған қайнар көздердің тізімінің ықпалы жоғары.