Пікір- сайыс (дебат) сабағымыздың негізгі мақсаты: Оқушының бойына жеке ізденіс арқылы қазақ халқының ұлылығын сініру.Патриотизм туралы түсінік бере отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
БАРЫСЫ:
Хор: «Елім менің»
Жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар және бүгінгі дебатқа қатысушылар! «Ұлттың ұлы бола аламыз ба ? » атты дебатына хош келдіңіздер!
Ортаға дебатқа қатысушыларды шақырайық:
«Парасат » тобы (жақтаушы)
|
«Ақиқат » тобы (даттаушы)
|
Сайысымыздың ережелерімен бөлімдерімен таныстырып өтейін.
Сайысымыздың бөлімдері:
І. Кіріспе
1. Екі фракцияда үш спикерден болады.
2. Екі фракцияның спикерлері өздерін, (кейсін, резолюциясын, дефинициясын, критерийін, аргументтерімен) (дәлелдерін) таныстырады.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Негізгі кезең бұнда спикерлер аргументпен (дәлелдемелермен) мысалдар, статистикалық мәліметтермен таныстырады.
2. Екі фракцияның ұсыныстарымен қосымшалары.
3. Екі фракция бір- біріне сұрақ қояды.
4. . Әр топқа 2 ситуациялық сұрақ беріледі
ІІІ. Қорытынды
1. Сарапшылар өздерінің сараптамаларын айтады.
Төрешілер екі фракцияның сайыста жинаған сараптамалық дауыстарын жариялайды.
2. Қорытынды.
Сайысымыздың ережесі:
1. Бос айтыс, тартыстан аулақ болу
2. Қарсыласыңды қорқытуға әуес болма
3. Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды.
4. Қарма- қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану.
5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу шарт.
Сайысымыздың сарапшыларымен төрешілерін сайлап алып, таныстырайық:
Тарих пәнінің мұғалімі: Туляева Жанар
Тәрбие ісінің меңгерушісі:Қиянова Шынар
Мектебіміздің әдіскері:Садыков Асқар
Сайысымызды бастамас бұрын жеребе таратылып қай фракцияның бірінші бастайтыны белгілі болады.
Жүргізуші: Ендеше бірінші бөлімге кезек берейік. Таныстыру Уақыттарыңыз-1- минут
Жақтаушы жақтың спикері:(Парасат тобы) – -------------------
Қарсы жақтың спикері: (Ақиқат тобы)- ---------------------
Жүргізуші: Қарсыластар өздерін таныстырып болған сыңайлы, енді негізгі кезеңге кезек берсек дейміз. Оқушылар бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Жақтаушы мен қарсы даттаушы топтардың спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен- кезек сөйлейді. Уақыттарыңыз шектеулі -2 минут.
Парасат тобы: Мен үшін Отан тек мен дүниеге келген жер емес, немесе тек мен тұратын жер емес. Отан мен үшін менің рухымның туып кемелденген жері, маған өміріме және еңбегіме рухани күш қуат пен шабыт беріп тұратын қасиетті мекен. Отан мен үшін бабаларымның жеңістеріне, аналарымның қуанышына куәгер болған және ұрпағыма аманат болатын қиелі топырақ. Қазақ елін Отан деп есептеу - бұл қазақша сүю, қазақша өмірге қарау, қазақша ойлау, қазақша сойлеу мен ән айту, қазақтың жарқын болашағына және рухани күшіне нық сенімді болу, қазақ ұлтының тағдырын ерекше бағалау деген мағынаны білдіреді. Қазақтың рухы бұл менің рухым, оның тағдыры менің тағдырым, оның азабы менің қасіретім, қазақтың гүлденуі менің қуанышым әрі арманым
Қазақ тілінің асылдығына және әсемділігіне таңданасың, қазақтың сөз қоры бұл асыл қазына ғой: қай сөзді алмасаң бәрі асыл тастай бағалы, бір сөзі маржандай, екіншісі алмастай, үшіншісі гауһар тас сияқты. Кей бір қазақтың сөздері бірнеше мағынаны білдіреді, міне, оның құндылығы қайда жатыр, мысалы асыл тасты күнге қарасаң әр қырлары әр түсті болып жайнайды ғой, қазақтың сөздері де осындай, тек қазақ сөзінің қадірін білген абзал.
Жүргізуші: Қарсы жақ –даттаушы «Ақиқат» тобы фракция мүшелері кезек сіздерде.
Қаладағы үш сөйлемнен екі қате кеткен сауатсыз жарнамалардың немесе көше атауларын орысша жеткізетін кондукторлар.
Елбасымыз Н.Назарбаев халыққа жолдауында «Ұлттық тіл - қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуші құрал», - деген болатын. Шындығы солай. Ал біз сол жолдауға қолдау көрсете алдық па? Бабамның қанымен, анамның сүтімен дарыған ана тіліміздің қадірі қандай? Талай ғасыр қаймағы бұзылмай, қалпында сақталған қазақ тілінің қазіргі таңдағы, қоғамдағы рөлі қандай? Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Демек, туған тіліміз көп ұлттар тілінің көлеңкесінде қалып қоймауы керек. Әсіресе, «ресми тіл» деп танылған орыс тілінің, «халықаралық қатынастар тілі» деп аталған ағылшын тілінің аясында тіліміздің тынысын тарылтпауымыз керек. Бос сөз, құрғақ уәдеден гөрі іске көшу керек. Кешіксек, келер ұрпақтың бетіне тік қарайтын мүмкіндік болмауы мүмкін.
Әуелгі айтарым, ұлтымызды сақтау, ұлтсыздануға қарсы басты күрес басқасы басқа, отбасынан басталады. Жас ұрпақ, әрбір бала иманды, парасатты, ұлтжанды болып тәрбиеленбесе бәрі бекері дер едік. Отанын, тілін, ділін, ұлтын сүймеген адамға қайда жүрсе де қарны тоқ, көйлегі көк болса жетіп жатыр, басқа ештеңені керек етпейді, ал еліне, жеріне деген титтей де сезімі болмағасын, ондай адамнан не қайыр? Ондай «космополит» деп қазіргі тілмен айдарланған жандар басқалар үшін жаттығы жоқ шығар, бірақ біздің халқымыз үшін өте қауіпті құбылыс десек артық айтқандық болмас. Керек десеңіз, «керемет маманмын» дейтіндердің шетел асып, не сонда оқып, сол бөтен елде қалуды мақтаныш санайтындары жоқ емес, баршылық. Осы түйіткілге орай, Елбасымыздың айтқан мына бір сөзі жадымда мықты сақталыпты «…Мен кейбір «болашақшылардың» елден ұзағасын ұлтпен байланысын үзетінін, ұлтжандылық сезімді жоғалтатынын көп естіп жүрмін» деген еді. Иә, «өзі болған қыз төркінін танымас» деп шетелде жақсы өмірдің, мол ақшаның буына масайрағандар өзінің туған еліне, өскен жеріне менсінбей қарайтындар жоқ емес. Бәріміз көріп жүрміз. Бірақ үндемейміз. ХХ ғасырдың басында Петерборда, Варшавада, Уфада, Қазанда, Түркияда және басқа шет жерде оқыған қазақ зиялылары жоғары біліммен туған еліне оралып, ел болашағын ойлап, сол үшін күресіп, жандарын да сол ұлы мақсат жолында пида етіп, Алаш ардақтылары атанбап па еді! Алайда жаңа заманның модерндік толқындарының денінен ондай сергектікті көре алмай отырғанымыз жасырын емес.
Ата-бабаларымыздың айтып кеткен асыл сөздері есте болуы керек. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген өсиет қалдырған. Өз Отаның – бұл дүниедегі жәннатың мен шуағың. Сондықтан білімдерің мен қайрат-жігерлеріңді өз елдеріңнің мүддесіне жұмсаңдар.
Жүргізуші: Екі фракция спикерлері өз ойларын толық жеткізе білді деп ойлаймын. Енді ұсыныстарыңыз бар ма? Қарсы жақ ұсынысыңыз бар ма? Уақытыңыз -3 минут
Қарсы жақ: Ұсынысы :
Депутаттар қазақ тілінде сөйлесе;
Орыс тіліндегі кино, телебағдарламалардың астына қазақ тілінде аудармасы шығып тұрса.
Спорттық кешендердің , көше, елді мекендердің атаулары қазақ батырлары мен ақын, жазушыларының атымен аталса.
Жүргізуші: «Парасат тобы» жақтаушы жақ ұсыныстарыңыз бар ма?
Жақтаушы жақ уақытыңыз – 3минут. Ұсыныс:
Қате жазылатын көше атауларын дұрыс жазылуын қадағаласа.
Тілді дамыту институттар ашылса.
Жүргізуші: Енді қосымша айтарларыңыз бар ма? Қарсы- даттаушы жақ
Ақиқат тобы:
«Ұлттық патриотизмсіз ұлтты сақтап қалу
мүмкін емес, ал ұлт болмаған жерде мемлекеттік
деген ұғым да жойылады. Біз қазақ ұлтын сақтап
қалғымыз келсе ұлттық патриотизмді мықтап
дамытуымыз қажет».
(Қазақ халқы)
Біз — қазақ ұлты терең тарихы, бай мәдениеті, озық өнері мен шешен де маңызды тілі бар елміз. Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-шы, ТМД бойынша 2-ші орынды иеленеді. Қазақ ұлты тарихта тағдыр талайын аз көрмеген халық. Жер шарының жартысын табанының астына салған дүбірлі дәуірімен бірге халқының үштен екісін жоғалтып, өз жерінде жалпы халықтың 24 пайызын ғана құраған, зиялысымен бірге ер азаматтарынан мүлде айырылып қалудың аз алдында қалған, соған қарамастан ұлттық намысын, салт-дәстүрін, діні мен тілін, ұлттық болмысын ғана емес мемлекеттігі мен жерінің тұтастығын сақтап қалған қайсар да жауынгер, кемел де кемеңгер халық. Қазақ екенімізге мақтана алатын артықшылықтарымыз аз емес.
Алайда ХХІ-ғасырда , жаһандану дәуірінде қазақ халқын тағы бір үлкен сын күтіп тұр. Ол-қазақ ұлтын ұлт ретінде сақтап қалу және Қазақстанды әлемдегі озық мемлекеттердің алдына шығару.Бұл — ұлы мақсат. Қазақстан мемлекеті мен қазақ ұлтын дамыту мен гүлдендіру мақсаты.Оған жетудің оңай емес екені де белгілі. Бұл идеология Қазақстан болашағы үшін, қазақ ұлтының келешегі үшін жаны ашитын, тілі мен діні, жарқын болашағы, ертеңгі алаңсыз өмірі, келешек ұрпағының бақыты үшін күресетін, берік бірлігін сақтай отырып, бір мақсатқа жұмыла әрекет ететін, «Мен қазақпын, мен қазақ екенімді мақтан тұтымын, ұлтым үшін у ішуге дайынмын» деген адамдарға арналады.
Біздің ұлттық идеологиямыздың түп қазығы: «Көп балалы бол және оларды ұлттық рухта тәрбиеле».
Біздің ұлттық идеологиямыздың ұраны: «Бізді құтқаратын-Ислам»
Біздің ұлттық идеологиямыздың ұстанымы: «Қазақ баласы- жер сенікі, ел сенікі. Жеріңе, еліңе ие бол. Өз жеріңде, өз Отаныңда тұрып басқаның құлы болма.»
Біздің ұлттық идеологиямыздың ойтұмары: «Қазақ қызы біздің ең негізгі байлығымыз. Қазақ қызын сыйламаған адам бізден емес, ол біздің жауымыз.»
Біз-қазақ ұлтының патриоттары өзіміздің ұлтымызды сүйетінімізді, әрқандай жағдайда ұлтымыздың болашағы үшін күресуге дайын екенімізді басқаларға мақтана айтуға тиіспіз. Бұл күресте біз аса білімді және жылдам болуға міндеттіміз. Ол үшін бізге берік денсаулық керек. Берік денсаулыққа жету үшін жат қылықтардан, өрескел әдеттерден алыс жүруге тиіспіз.
Әркім өзінің ата-анасын, бауырын, қарындасын, туып-өскен жерін, ана тілін, дінін жақсы көргені үшін айыпты бола алмайды. Жақсы көрмеген адам-сатқын, екіжүзді болып есептеледі.
Қазақ ұлты- Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы мәртебелі ұлт. Қалған ұлттар диаспора болып саналады. Қазақ ұлты басқа ұлттардың дамуы мен тілін, дінін, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпын сақтауға кедергі келтірмейді. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ ұлтының тілі мен дінін, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпын, ұлттық болмысын сыйлауын құрметтеуін талап етеді.
Қазақ тілі- мемлекеттік тіл, диаспоралар мен аз ұлттардың тілі мемлекеттік тіл бола алмайды. Барлық қазақстандықтар мемлекеттік тілді білуге және оның дамуына үлес қосуы міндетті. Қазақ ұлты басқа ұлттардың өз тілін сақтауы мен дамытуына қарсы болмайды.
Қазақтар-мұсылман ел. Ислам діні қазақ ұлтының тарихи діні, сенім-нанымдарының түпқазығы болып саналады. Дін-мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының біріне айналуы тиіс. Қазақстан мемлекеті дәстүрлі діндердің дамуына жағдай жасайды, дәстүрлі емес діни ағымдар мен секталардың жұмысына тосқауыл қоюы тиіс.
Қазақстанның азаматтығы. Шет елдерден оралған қазақ ұлтының өкілдері кедергісіз Қазақстан азаматтығын алады. Басқа шет елдік ұлт өкілдері Қазақстан мемлекетінің дамуы мен қазақ ұлтына ерекше еңбегі сіңген болмаса уақытша виза алуы тиіс.
Қазақстан жерінің иесі-қазақтар. Қазба байлықтары ең алдымен қазақ ұлтының игілігі. Қазақстанның жері мемлекеттің және тек Қазақстан азаматтарының жеке иелігінде болады. Жер қандай да бір игілік үшін мәртебелі ұлт өкілдеріне тегін берілуі тиіс.Шет елдік азаматарға жер тек уақытша жалға берілуі тиіс және оның мерзімі 25 жылдан аспауы қажет. Қазба байлықтарды игеруші компанияларға иелік етуде мәртебелі ұлт өкілдерінің үлесі 50 пайыздан кем болмауы керек. Ұлттық компанияларда жұмыс істейтін мәртебелі ұлт өкілдеріне артықшылықтар беріледі.
Өзін ұлтының патриотымын деп санайтын әрбір азамат қазақ ұлтының мүддесін кез-келген артықшылықтар мен жеке басының мүддесінен жоғары қоюы тиіс. Қажет болса жанын да қиюы керек.
Ұлт патриоттары қазақ қызын сыйлауды бірінші орынға қояды. Біз қыздарымызды сыйлау арқылы ұлтымызды сыйлаймыз. Қазақ қызы-қазақтың анасы. Ана-болашақ ұрпақтың бастауы, қайнар көзі. Бұлақтың басы лай болса, одан таза ұлт шығуы мүмкін емес.
Қазақ жігіттері басқа ұлттардың көрікті, ақылды қыздарын алуы мүмкін. Ал қазақ қыздарының басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шығуын жөн көрмейді. Біз қан тазалығын, тек тазалығын сақтауға тиіспіз. Тексіз халықтың болашағы болмайды.
Ұлт патриоттары жезөкшелік пен зинақорлыққа, нашақорлық пен маскүнемдікке қарсы ымырасыз күрес жүргізеді. Қажет болса жазалайды да.
Ақпарат құралдарына шет елдік азаматтар мен заңды тұлғалардың иелік етуіне жол берілмейді. Ұлтаралық араздыққа, белгілі бір ұлттардың артықшылықтарын дәріптеуге, зорлық-зомбылықты, бейәдептілікті насихаттауға, қазақтың ұлттық мүдделеріне қайшы келетін ақпараттар таратуға тиым салады.
Шет ел мәдениетінің экспансиясына қарсы тұрады. Ұлттық өнер мен мәдениетті, кино мен музыканы дамытуға күш сала отырып, шет елдік жат мәдениетке жастардың еліктеуіне тосқауыл қояды.
Жүргізуші: Келесі «Парасат тобы» Қосымшаны хабарлайтын , уақыты -2 минут:
Өзге ұлттан ерекше бөліп тұратын тілі және ата - баба дәстүрі.
Мысалы, Израйль мемлекетінің көне еврей тілі мемлекеттің құрылуына себепші болған болатын.
Жүргізуші: Екі фракция мүшелері ойларын толық жеткізді деп ойлаймын. Сұрақтарыңыз бар ма? Сұрақтарыңыз бар болса, уақыттарыңыз 2 минут.
1. Қазақ тілінің тұғырын биіктетуге не кедергі болып отыр. Қандай кемшіліктер бар?
Жауап : «Балық басынан» демекші билік басындағылардан бастауымыз керек. Министрлеріміз, депутаттарымыз қазақ тілінде қатесіз сөйлеп, судай ағып тұруы керек. Мемлекеттік тілді білмей, мемлекеттік қызметке алынбасын деген ұстанымды аяқсыз қалдырмауымыз қажет. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарынан қазақ тіліне көшіру керек.
2. 10 тілді білетін, қызыл дипломды, шетелде оқыған, бизнесті шыр айналдыратын, бірақ парасатсыз, өмірлік ұстанымы жоқ робот керек пе, әлде еліміздің болашағына жаны ашитын азамат керек пе?
Әр топқа 2 ситуациялық сұрақ беріледі:
1. Шетелдерде сатылған қазақ сәбилері есейгенде қазақ елінде тұратын болса елін қорғайтын патриот бола ма?
2. Қазақ қыздары басқа ұлтқа, шет елге тұрмысқа шығып жатыр. Олардың ұрпақтары қазақ салт-дәстүрін құрмет тұтатын патриот бола ма?
3. Қазақстандық жақсы оқитын студенттер шетелдерде оқуын жалғастырып жатыр. Оларды патриот деп айта аламыз ба?
5. Біздің мектептегі оқушылардың патриоттық сезімі қалай?
6. «Патриотизм жастар көзімен» ой толғау. (Екі топ оқушылары патриотизм туралы түсініктерін өлең шумағы, сурет немесе эссе түрінде жинақтайды. )
Көрермендер сұрақ қояды.
Жүргізуші: Екі фракцияда сұрақтарына жауаптарын алған сыңайлы, енді біз келесі кезеңдегі сараптама бөліміне келіп жеткен секілдіміз.Олай болса Жақтаушы жақтың «Парасат» тобының сарапшысы мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары: Қиянова Шынар өз ойыңызды ортаға салсаңыз, уақытыңыз –3 минут
Қарсы- даттаушы жақтың «Ақиқат» тобының сарапшысы тарих пәнінің мұғалімі : Туляева Жанар.Сөз кезегі өзіңізде, уақытыңыз –3 минут.
Жүргізуші: Ертеде Батыр бабаларымыз Әйтеке бидің, Қаз дауысты Қазыбек бидің, Төле бидің тоқсан ауыздың тобықтай түйінін шешер төрелік сөздерге тоқтаған, ендеше қорытынды бөлімде түйінді шешер төрелік сөзді төрешіміз; Мектебіміздің әдіскері Садыков Асқар, сөз береміз.
Жүргізуші:
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерер,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан,
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.
Қазағымның жерін, елін қорғайтын,
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.
Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
Жүргізуші: Қазақстан Республикасын, оның мемлекеттік рәміздері — Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге міндеттіміз. Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық! Сонда ғана өз Отанымызды қорғай аламыз.
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз. - демекші бірлігіміз болса Отанымызды қорғай аламыз.
ХХІ ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, елімізде тыныштық болып егеменді елдігіміз ұзағынан болсын.
Бүгінгі пікір сайысымызды қорытындылай келе бұдан былайда қазақ халқының ұлылығын дәріптеуді жалғастыра берейік.
|